Моя звездная доска Padlet by

"Тар кезең" романының әдебиеттегі орны
ХVІІ ғасырдың соңындағы Еділ мен Жайық өзендерінің айналасындағы шұралы жайылым жерлерінен айрылу қазақтардың наразылығын туғыза бастады. Бұл патшалық Ресейдің қазақтарды отарлауының бір әдісі еді. Міне сондай кезде орыстың отарлық саясатына ең алғаш болып қарсы шыққан батыр, би әрі шешен Сырым Датұлы болды. Сырым бастаған көтерілісте 7 мыңға жуық әскер болғандығы айтылады.

Осы көтеріліс Сырым Датұлыны басты кейіпкер етіп алған Қажығали Мұханбетқалиұлының  "Тар кезең" романында кеңінен баяндалады. Жиырма жылға жуық тақырыпты зерттеген автор 2012 жылы аталған романды кітап етіп шығарады. Қажығали Мұханбетқалиұлының еңбегі зая кетпей 2014 жылы роман Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды.

Романға автор Қ. Мырза Әлидің: “Бұл жерде ел ұрандасқан, айқайласқан, Бұл жерге жау аяғын байқай басқан! Ерліктің етегінен ұстап тұрып, Еркіндік сонда алғаш тәй-тәй басқан” деген өлең жолдарын эпиграф ретінде алуы тарихи романның елдік, ұлттық мүдде тұрғысынан өткен тарихқа жаңаша көзқарас, пайым парасат тұрғысынан келген елдік, патриоттық бағыт-бағадарын бірден аңғартады. Эпиграф оқырманға романдағы кешегі өткен тар кезең, алмағайып замандағы елім деп еміренген ерлердің рухынан хабар бергендей әсер қалдырады.

РЕКЛАМА

Сырым батыр жасы ұлғайған кезінде отарлаушылардың озбыр саясатына қарсы шығып, жерінен айырылып, жайылымсыз қалған, патша әкімшілігінің езіп-жаншуынан, тонауынан әбден титықтап біткен халқының наразылығына үн қосып, қарулы күреске шығады. Ол өзінің Орынбордың генерал-губернаторы Игельстромға жазған бір хатында былай деп жазады: “Сіздердің түрлі әдістермен алдап, қолға түсірген ноғай, башқұрттар сияқты бізге де бұғалық салып, езбекші екендігіңіз белгілі”. Бұдан Сырым батырдың қолына қару алып, көтеріліске шығып, басын бәйгіге тігудегі мақсатының айқындығы, халқының мойнына түскелі тұрған сол бұғауды үзуге ұмтылғаны анық аңғарылады.

1783 жылы Сырым бейқам жатқан қазақ ауылдарын шауып, кезекті тонауға келген казак-орыс атаманы Чагановтың отрядымен шайқасып, оны ойсырата жеңеді. Атаманның өзін тұтқындап, Хиуаға құлдыққа сатып жібереді. Бұл патша әкімшілігіне үлкен соққы еді. Соған орай Орал қаласындағы патша әскері түгел аттанып, осы жылдың күзінде Сырымды қолға түсіреді. Бірақ оны Нұралы хан қыруар мал беріп, бірер айдан кейін босатып алады. міне, тарихи дерек бойынша алғашқы көтеріліс осылай басталады.

Қазақты орыс әкім­шілі­гінің заңына бағынды­руға, елдің тұрмысын бұрынғы шариғат емес, дәстүрлі қазақтың дала заңымен емес, ата жолымен емес, орыстың заңымен реттеу үшін келген адам ғой. Қазақты орыс билігіне түгел аударамын деп келген Игельстромның сол саясатын жүзеге асыруға қарсы адам – Сырым. Сы­рым­ның батырлығынан гөрі саясаткерлігі басымдау. Сырымның ұлылығы да, қазақ үшін істеген ісі де осы жерде көрінеді. Бұларды автор шебер жеткізеді.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/syn/59755/