Қазақтың ауызша әдебиеті — March 25, 2025 by

Ауызша және жазбаша әдебиеттер. Поэзия. Жырау.
XV ғ. басы ХІХ ғ. қазақ әдебиетінде жыраулық ерекше дамыған. Жыраулар көбінесе қоғамдық жұмыстарда, ханның кеңесшісі, соғыс басшылары болып қызмет атқарған.
Қазақтардың көрнекті де беделді жырауының бірі Қазтуған Сүйіншіұлы. Ол XV ғ. 20 жылдарында Еділдің төменгі ағысындағы Ноғайлы ұлысының беделді биінің жан ұясында дүниеге келген. Оның өлеңдері Ноғай ұлысының басшысы ретінде, өзара тайпалардың бірлігіне, ерлікке шақырады. Доспанбет жырау XV ғ. 90- жылдарында Азау қаласында дүниеге келді. Бақшасарай және Стамбул қалаларында болған. Ол өз өлеңдерінде ерлік пен адалдықты, отанды қорғауды жырлады. 1523 ж. Астрахан соғысында қаза тапты.
Қазақ халқының мәдениетінде Шалгез-жырау Тіленшіұлы (1465-1560) үлкен із қалдырды. Ноғай ұлысында Жүсіп пен Смаил арасындағы қақтығыста Шалгез жырау Жүсіпті қолдады, бірақ ол жеңілгеннен кейін Шалгез жырау Қазақ хандығынан тыс жерлерге көшіп кетті. Шалгез поэзиясы терең мағыналы, көркем бейнелерге толы, патриоттық болған. Шалгез қазақтың өлең құрылысын қалыптастырған және батырлық эпостардың жыршысы болған.

Ертегілер
Ертегілер: “Ер Төстік”, “Құла мерген”, “Еділ-жайық”, “Алтын сақа”, “Қара мерген”, Аламан-Жоламан”, “Асан қайғы” т.б. Бұларда сұлулар, мергендер, батырлар, аңшылар, ойшылдар, далалар бейнесі берілген. Жануарларға арналған: “Бөзінген”, “Сыттандар”, “Тепек-көк” т.б. үй жануарлары, жобайы аңдар бейнеленген. “Аяз би”, “Жиренше-шешен”, “Алдар-Көсе”, “Кожа Насыр және Шопан”, “Тазша” т.б. қызыл тілге сүйенген, даналардың халық ортасынан шығуы бейнеленген. Қазақ эпосы – бұл ауызша шығармашылықтың бір түрі. Ол ежелгі дәуір тереңіне байланысты. Ежелгі түрік батырларын алуға болады.
Ол эпостар “Қарабек”, “Ер Көкше”, “Қобыланды”, “Қамбар”. Бұлар ХІІ-ХІV ғасырға жатады.

Дәстүр, ғұрып және мерекелер.
Қазақтардың рухани және материалды өмірін халқының салт-дәстүрлі айқындайды. Көптеген тарихи құндылықтар әлеуметтік, заңдылық және тұрмыстық терминологияда кездесіп, тарих сахнасында сақталған.
Халықтық мерекелер. Қазақтардың мәдени өміріндегі орын алатын халықтық мерекелері болады. Ол мерекелер адам өмірінде басты қызмет атқарады, мысалы: үйлену тойы, баланың дүниеге келуі, құда жол яғни ас беру және басқалары. Мерекелерде әртүрлі ойындар ұйымдастырылады: бәйге, күрес, сайыс немесе көкпар т.б. ойындар. Әр мерекеде өзіне сәйкес келетін халықтық ойындары болады көк-бөрі және қызбөрі деген. Бұлар ертедегі төтемдік көзқарасқа жатады. Бұл ойындардың арасында ең көп көңіл аударларлық ойын ол “ат шабыс” және “аба қамарғы” ойыны. Бұл ойындарға қатысушыларға құнды сыйлықтар дайындалған. Ең қиын спорттық ойынның түрі алтын-қабақ болды. (алтын тақтайды ату). Мергендер құнды сыйлықтармен марапатталған. Бұдан кейін алтын-қабақ ойыны дамып “күміс тақтай” (жамбы ату) пайда болды. Жаңа жылдың басы Наурызды қазақтар көктем айының бастапқы кезі ретінде тойлады.
Халықтық мерекелер әндермен және айтыскер ақындармен өтеді.

Ақтамберді жырау (1675-1768) Оңтүстік Қазақстанда Қаратау ауданында дүниеге келген. Ол бала кезінен ақын-импровизатор ретінде таныла бастады. Ол барлық жоңғарларға қарсы күрестерге белсене қатысты, ал XVIII ғ. 50-ші жылдары халықтың шығысқа, жоңғарлардан тартып алынған жерлерге қарай, қозғалысын басқарды. Ақтамберді Семей облысы, Жүрек Жата жерінде жерленген.
Үмбетей (1706-1778) халықтың жоңғарларға қарсы батырлық күресін, бейбіт өмірге ұмтылысын жырлаған. Үмбетейдің ең атақты шығармасы Бөгенбай батырға арналған.
XVIIІ ғ. ерекше атаққа Бұхар Қалқаманұлы (1668-1781) ие болған. Бұхар-жырау Тауке-хан мен Абылай кезіндегі атақты билердің бірі болған. Ол – мемлекеттің біртұтастығына, оны сыртқы жаулардан қорғауға арналған көптеген өлеңдердің авторы. XVIIІ ғ.аяғы мен ХІХ ғ. басында Тәттіқара, Көтеш, Шал сияқты атақты ақындар болған. Тәттіқара Сарыкөл жерінде (қазіргі Қостанай обл.) дүниеге келген. Цинь империясына қарсы күреске қатысқан. Қазақ батырларының ерлігін жырлап, эпостық жырларды орындаған. Ақын
импровизаторлар Көтеш (1745-1818) және Шал (Тілеуке Күлекеулы) (1748-1819) адам, оның моральдық және этникалық күйі жайлы өлеңдер жазған.

Халықтың ауызша шығармашылығы
https://youtube.com/playlist?list=PLMgrOAO4x1ENUjNgpiQB2FXDYIjN95HFf&si=bDQTCO_7gCkKtQ9z

Халықтың ауызша шығармашылығы.

XV-ХҮІІІ ғ. басы Қазақ халқының тарихи мәдениеті басты орын алған кезең болды. Тура осы кезде халықтың ауызша шығармашылығының әр түрі дами берді және де ауызша, жазбаша әдебиеттер, шынайы музыкалық өнер де дамыды.

XV-XVII ғғ. үлкен көлемде әр-түрлі жанрдағы халықтың ауызша шығармашылығы дамыды. Ең жоғарғы орынды “салттық әндер” алды: сәби өмірге келгенде, тойларда, ауырған кезде, адам қайтыс болғанда, жаңа жылды қарсы алғанда т.б.. Екі жастың тойында мына өлеңдер айтылады: “Той бастар”, “Жар-жар”, “Беташар”, “Қыз танысу”. Адам қайтыс болғанда немесе қоштасу кезінде өлеңдер айтылады: “Қоштасу”, “Естірту”, “Көңіл айту”, “Жоқтау”, “Жұбату”.

Қазақ халқының шығармашылығының ең көп тараған түрі “терме” болды. Ақын жыршылар өздері поэмалар, өлеңдер, тарихи поэмалар, ертегілер т.б. жазды. Терме өз шеңінде дауыс ырғағымен де, өз ерекшелігімен де ерекшелінеді. Эпикалық, тарихи айтуларды тек қобызбен, домбырамен жеткізген. Лирикалық әндер дауыс ырғағымен, мелодиясымен айрықша.

Шығармашылық жанрлардың бір түрі ертегі болып саналды. Қазақ халқының өмірін ертегімен айқын көрсетеді. Ертегіде қызықты өмірді, тұрмысты бейнелейді. Ертегілердің көбісі мұсылман дінін қабылдағанша шықты. Халықтың мәдени-тұрмысын ертегі сюжетінен көреміз. Ертегілердің жанрының өзі әр көлемде. Мысалы: жануарлар әлемі туралы, тұрмыс жайлы, ғажайып оқиғалар, т.б.