Жоғары мектептегі оқыту әдістері. 1.Оқыту әдістері дидактика категорияларының бірі ретінде. Оқыту әдістерінің жіктемесі. 2.А.Байтұрсыновтың оқыту әдістемесі 3.Оқытудың белсенді әдістері. Оқытудың интербелсенді әдістері. Экологиялық аудит. 4.Вен диаграммасының көмегімен оқытудың белсенді әдістері мен интербелсенді әдістерінің айырмашылығын көрсетіңіз. by

Оқыту әдістерінің мазмұнын анықтауда құрал, жол, тәсіл сөздерін пайдаланудың синонимдік жағынан педагогикалық әдебиеттерде әр түрлі көзқарастар байқалады.
Ж.Б.Қоянбаев, Р.М. Қоянбаевтің «Педагогика оқулығында» оқыту әдістері - бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекетінің тәсілдері деген анықтама берілген.
Г.М.Коджаспирова, А.Ю. Коджаспировтың «Педагогикалық сөздігінде» оқыту әдісі – білім мазмұнын меңгеруді, оқушылардың ақыл-ой күштері мен қабілеттерін дамытуды, олардың өзбетімен білім алу және өзбетімен оқу құралдарын игеруді  қамтамасыз етуге бағытталған мұғалімдер мен оқушылардың өзара байланысты, бірізді әрекеттерінің жүйесі деген анықтама берілген.
Ж.Әбиевтің және т.б. авторлардың «Педагогика» оқулығында  «Оқыту процесінде оқушыларға ғылым негізіндеріне сай терең де, тиянақты білім беру, оларды адамгершілік рухта тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешудегі мұғалімнің басшылық ету тәсілдері, амалдары мен құралдарының біртұтастығын оқыту әдістері» деп қарастырады.

Мұғалім оқытудың нәтижесін арттыруда оқыту әдістеріне қатысты амал-тәсілдермен қатар оның құралдарын да пайдаланады.
Оқыту әдісі және әдістемелік тәсіл ұғымдары бір-бірімен тікелей байланысты. Әдістемелік тәсіл оқыту әдісінің элементі. 50 - жылдардан бастап оқыту әдістерін жіктеу (топтастыру) мәселелеріне көңіл бөліне бастады. Грузин педагогы Д.О.Лордкипанидзе оқыту әдістерін топтастыруға әрекет жасады. Ол әдістерді топтастыру үшін білім көзін негізге алды және оқыту әдістерін үшке бөлді: сөздік әдістер, кітаппен жұмыс істеу әдісі, оқыту-практикалық сабақтар. 50 жылдың аяғы, 60-жылдардың басында орыс ғалымдары  Е.Я.Голант, С.Г.Шаповаленко, Н.М.Верзилин білім көзін негізге алып, оқыту әдістерінің жаңа жіктеуін үш топқа бөлді:
1.Сөздік әдістер тобы: әңгімелеу, әңгіме, түсінісу, лекция, кітаппен жұмыс;
2.Көрнелілік әдістер тобы: демонстрация, иллюстрация, бақылау;
3.Практикалық әдістер тобы: лабораториялық, практикалық, графикалық жұмыстар, әр түрлі жаттығулар.
И.А.Данилов пен Б.П.Есипов оқыту әдістерін топтастырғанда оқыту процесінде іске асырылатын дидактикалық міндеттерді негіз етіп алды. Олар дидактикалық міндеттерді негізге ала отырып оқыту әдістерін төмендегідей жіктеді: Жаңа білімді меңгеру. Іскерлікті дағдыны қалыптастыру. Білімді қолдану, білімді бекіту, шығармашылық іс-әрекетін дамыту.

Қазіргі мектептерде иллюстрацияны пайдалану үшін экранды техникалық құралдар кеңінен қолданылады. Бейне әдіс. Жаттығу. Лабораториялық әдіс. Проблемалы  лабораториялық зерттеу әдісі. Практикалық әдіс. Танымдық ойындар. Программалық оқыту әдісі. Білімді беруді бақылау әдістері. Ситуациялық әдіс барлық әдістердің комбинациясын қолдануды шектеумен ерекшеленеді. Иллюстрация әдісін қолдана отырып, оның көрсетілу әдісіне көп мән беру керек. Көрнекті құралдардың дидактикалық ерекшелігін, оның танымдық процестегі ролі мен орнын ойластырып алу керек. Мұғалімнің алдына қойылған мәселені иллюстрациялық материалдық оңтайлы көлемін анықтап алу. Иллюстрация алдына-ала дайындалады. Берілетін (фотография, диаграммалар, кестелер) мақсатты қолданылады.

Дидактика тарихында оқыту әдістерін жіктеу (классификация) қалыптасқан. Кең таралған жіктеме білім мазмұнын жеткізуге негізделген – сөздік әдіс (баяндау, әңгімелеу, нұсқау беру және т.б.), практикалық әдіс (жаттығу, сызу, кескіндеу, есептер шығару және т.б.), көрнекілік (иллюстрация, нақты материалды көрсету және т.б.). Негізінен, жоғары мектепте 1965 жылы И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин ұсынған жіктемедегі оқыту әдістері пайдаланылады. Оқытудың нәтижелі болуы білім алушының бағыттылығы мен ішкі белсенділігіне, ол орындайтын қызмет сипатына, өз бетімен орындайтын жұмысына, шығармашылық қабілетін танытуына тікелей байланысты. Сондықтан олар (білім алушының бағыттылығы, ішкі белсенділігі, орындайтын қызмет сипаты, өз бетімен орындайтын жұмысы, шығармашылық қабілет танытуы) оқыту әдісін таңдау критерийлері болуы тиіс. И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин оқытудың 5 әдісін бөліп және бұл әдістерді орындайтын қызмет сипаты, өз бетімен орындайтын жұмысы, шығармашылық қабілетінің біртіндеп өсу дәрежесіне қарай дамып отыратындай етіп ұсынған.

1.	Түсіндірмелі-иллюстративті әдіс. Білім алушылар оқулықтан, түрлі әдебиеттерден, экранды оқу құралдарынан «дайын» білім алады.  Фактілерді, қорытындыларды қабылдау, ой елегінен өткізу негізінде студенттер репродуктивті дәрежеде ойлайды. ЖОО-ында ауқымды мәліметті жеткізу мақсатында бұл кеңінен қолданылатын оқыту әдісі.
2.	Репродуктивті әдіс. Бұл әдісте оқылатын материалдар үлгі немесе ереже бойынша меңгеріледі, білім алушының қызметі алгоритмдік сипатта болады.
3.	Проблемалық баяндау әдісі. Оқытушы жаңа материалды баяндамас бұрын сан түрлі амал-тәсілдер мен құралдарды пайдалана отырып, студенттердің алдына проблема, танымдық міндеттер қояды, жүйелі дәлелдер, көзқарастар, тұжырымдарды мысалға келтіру арқылы қойылған міндетті шешу жолын көрсетеді. Студенттер ғылыми ізденіске қатысушы, ғылыми жаңалық куәгері ретінде қатысады. Осындай әдіс қай кезде де ЖОО - да кең қолданыстағы әдістің біріне жатады.
4.	Эвристикалық әдіс. Оқыту үдерісінде ұсынылған міндеттерді шешу жолын белсенді іздестіруді ұйымдастыру (студент жекелей немесе оқытушымен бірлесе). Бұл әдіс ойлау процестерін белсенді етіп, семинарда, коллоквиумда танымдық қызығушылықты арттырады.
5.	Зерттеушілік әдіс. Материалды талдап болғаннан соң, проблема қойылып, шешуге тиісті міндеттер ұсынылады да оларды орындау туралы қысқаша ауызша немесе жазбаша нұсқау (инструктаж) беріледі. Студенттер өз беттерімен әдебиеттерді, дереккөздерін, бақылау мен өлшемдерді қолдану арқылы ізденеді. Ізденістері бірте-бірте ғылыми-зерттеу жұмысына ұласады.

Интерактивті әдісті қолдану кезінде ескерілуі тиіс: тұлғаның еркіндігі мен құқықтарының сақталуы; тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау;  -тұлғаның өзіндік даралығын көрсетуге мүмкіндік беру; педагогикалық қолдау көрсету. Оқытуда жиі қолданылатын белсенді оқыту әдістері: «Жұптасқан дәріс» әдісі – бұл өн бойына оқу материалын репродуктивтік, проблемалық, интеграциялық және диалогтік баяндау элементтерін жинақтаған оқыту тәсілі. Репродуктивтік элементі ғылыми тұрғыдан дәлелденген, қосымша түсіндіруді қажет етпейтін оқу материалын баяндаудан тұрады. Проблемалық элемент проблемалық жағдаятты қою, талдау, болжаулар жасау, оны растау не теріске шығару, проблеманы шешу жолдарын іздестіруден құралады. Интеграциялық элемент бір проблема төңірегінде әр түрлі ғылыми амалдарды қарастырады. Диалогтік элемент оқытушы мен студент арасындағы пікір алмасу арқылы көрініс табады. Пікірталас әдісі – оқу материалының пікірталас тудыратын тақырыбын қарастыруға, талдауға бағытталған және білім алушылардың әр түрлі ұстанымдарын бір арнаға тоғыстыратын оқыту тәсілі. Бұл әдіс проблемалық жағдаятқа негізделген. Пікірталастың туындауына теорияны қорытулар мен ережелер, қағидалар, теорияны практикамен алмастыру, ғылым мәселелерін талқыға салу, проблеманың бүгінгі таңдағы көрінісі себеп бола алады.