Шетел әдебиеті by

Улисс
Роман 1904 жылы он алтыншы маусымның таңғы 8 ден басталып түнгі 2:00 бітетін бір күнін баяндайды, Дублиндегі 38 жастағы еврей Леопольд Блум мен 22 жастағы Стивен Дедалдың өмірінен. 18  эпизодқа бөлінген 600 беттік шығарма үлкен кітаптың үш бөлігі, автордың ойынша, Гомердің "Одиссеясымен" (Улисс — оның кейіпкерінің есімінің латын транскрипциясы) байланысты болуы керек.

Бірінші бөлімде үш эпизод бар, бұл бөлімде Стивен атты мұғалім жайында айтылады.

Он екі эпизодтан тұратын романның орталық және ең үлкен бөлігі оның таңғы асынан басталады . Үйде оған екі хат келеді. Біріншісі-Милли атты  қызынан, кеше туған күні болған, 15 жасында фотограф болып істейтін.. Екінші хат оның әйелі концерттік әнші өнер адамы Моллиге, Буяннан. Бұл хатта Буян Моллиге 16:00 те кездесеміз деп жазады. Таңғы астан кейін 11- де Блум мектептегі жолдасының жерлеу рәсіміне барады. Блум әйелінің Буянмен кездесуін аңдуды шешеді.  Ол олардың арасындағы махаббаттары туралы күдіктенеді. Бойланмен кездескенде, Блум жасырын түрде оның артынан аңдиды. Ормонд мейрамханасына барады.. Қызғаныш, әйелінің басқа адаммен опасыздық жасағанына іштей налиды.. Сағат бес - те ирландиялық патриоттар жиналып, ағымдағы істерді — өздерінің британдықтар мен еврейлердің қысымына ұшыраған кедей елдері жайлы талқылайды.  Сағат сегізге дейін Блум теңіз жағасындағы жағажайда болады. Кешкі он-да ол доктор Хорнның үйіне барады. Ол жерге кіргеннен кейін Блум ішімдік ішеді,досы Стивенді кезіктіріп бірге жезөкшелер үйне кетіп қалады, сол жерде есірткі ішімдік ішіп, ақыл естерінен айырылып түрлі галюцинация ұшырайды. Блумға әйелінің зинақорлықпен айналысып жатқаны көзіне елестейді, Стивен болса жақында қайтыс болған анасының елесін көреді.

«Луна и грош»,( ай және тиын)
Бұл роман Чарльз Стрикленд атты суретші жайында айтылады, яғни шынайы өмірде болған адам.

Роман 20ғ орын алады. Стрикленд қала өмірінен шаршаған, күйбең тірліктен қажыған ол әйел бала шағасын тастап Парижге қашып кетеді. Оны білген Стрикленд ханым көңілдесімен қашып сол жерде зәулім үйде, қымбат мейрамханада тұрып жатыр деп ойлайды. Бірақ шын мәнінде ол Парижде бір бөлмелі ең арзан пәтерді жалдап тұрып жатыр екен, оған тек сурет өнері қызықтырп, жаңа тундылар жасауды қолға алған. Оның артынан еріп келген авторға өзінің өміріне риза екенін, бірақ әйел бала шағасын тастап кеткені дұрыс емес қате тірлік екенін білсе де, еш өкініші жоқ екенін айтады. Бұны естіген Стрикленд ханым одан да көңілдеспен қащып кеткені жақсы еді деп, сол қауесетті таратады.

Стрикленд қатты ауырып қалғанда, Дирк оны өзімен бірге алып кетіп әйелі екеуі толық сауығып кеткенше емдеп жазады.. "Бірақ Стрикленд Дирктің әйелі  Бланшпен көңілдес болады, Дирк әйелін бәрінен де жақсы көрген еді. Бланш Стриклендті таңдайды.. Дирк қатты мұқалады, жігері жасиды. Бірақ Стриклендке Бланш қызық болмай оны тастайды. Бұған төзбеген Бланш өз өзіне қол жұмсайды. Дирк кек алмақ ниетпен оны өлтіруді жоспарлайды. Стрикленд қашып Австралияға жол жүреді. Сол жерде Ата деген әйелмен танысып үйленеді. Бірге орманда өмір сүреді, орманда кішігірп лашықта тұрады. 3 жыл бірге болып балалары болады, бірақ Стрикленд алапес ауруына шалдығады. Ол осы аурудың соңғы сатысы соқырлық кезеңінде де үйдің қабырғаларына сурет салуын тоқтатпайды. Оны емдеуге  келетін дәрігері суреттерін сол ғана  көрген. Стрикленд Атаға менің өлімінен соң үйді өртеп жібер деген соңғы өсиет айтады, оны орындауға тура келеді.

«Процесс»
Бұл романды автор өлер алдында жазып қалдырды, алайда, оны жарыққа шығармай өртеп жібер деген сөзін елемеген көмекшісі романды жарыққа шығарғызды. Бұл романның қысқаша мазмұны бойынша Йозеф К. атты банк қызыметкерінің түсініксіз әрі шырғалаң өмірі жайлы баяналады . Ол өз жұмысында өте беделді, сыйлыболады.  Өзінің 30 жас толуын атап болып таңертеңгісінде тұрғанда оны қара киінген 3 адам оны арестке алынғанын хабарлайды.. Иә бұлар тұтқынға алып кетуге келген адамдар екен. К. мырза бұл оқиғаны жай ғана әріптестерінің әзіл қалжыңы деп ойлап еш күдіктенбей оларға ере береді. Себебі ол сенімді болды, өзінің еш қандай заңды бұзатын іс істемегеніне. Тұтқынға алынғандардың арасында жұмыста әріптесін көреді. Бұл қателік деп ойлайды. Оларды босатады. Ол өзінің күнделікті өмірін сүріп жүреді. Алайда бір күні оған хат хабарласып айтады, жексенбі күні белгіленген адрессте оның ісі бойынша сот өткізіледі деп жазылған. Айта кетерлігі Йозефке ешқандай соттың болатын уақыты,  жердің аты жазылмаған, тек қана адресс көрсетілген. Жексенбі күні К. мырза жазылған мекен жайды іздесітірп жүріп, бір квартираға келіп дәл сол адресс болып шыққанына таң қалады. Ондағы адамдар оның кешіккенін 1сағат 5 минут деп айтады. К. ең бастысы келгенін айтады. К. мырза жиналған адамдардың ортасында сөз сөйлейді, оның монологында шындық және ойға қонымды сөздер айтылады. Бәрі  оның айтқанын ойға қонымды деп ойлайды. Сөйлеп болғаннан кейін К. кетіп қалады. Уақыт өте ол айналасындағы адамдардың оған деген қарым-қатынасының өзгергенін байқайды. Өзінен басқасының бәрі өзінің қандай қылмыс істегені жайлы білетін еді, оған қоса сол жайлы сыртынан  талқылайтын. Ол өзінің жемқорлық бойынша тұтқындалғанын біледі.  К. бұрынғыдай емес үнемі шаршап

жүретін  болды, өзінің істегеніне көңілі толмайтынды шығарды. 1 жыл өтіп 31 туған күнінде 2 қара киінген адам келіп оны өздерімен бірге алып кетеді. К.ның пиджагы мен рубашкасын шешкізіп тасқа қояды. К. ешқандай қарсылық көрсеткен жоқ. Оның ойында тек тірі қалуы үшін қандай да бір дәлел дәйек болғанда деген ойда болды. Қара киінген адамның бірі мойынына ұстап, екіншісі жүрегіне пышақ тығады. Роман ослай аяқталады.

“Театр” романы
Джулия Лэмберт- Англияның 46 жасар талантты актрисасы. Оның Майкл атты  күйеуі болады.. Жане Роддер атты  ұлы бар еді. Олардың “Сиддонс” атты театр үйі болады. Майклдың Джулияға сезімі жоқ еді. Майкл жас Томас Феннел атты бухгалтерді жұмысқа алады. Ол театрға салынатын салықты азайтып,  Майклға ұнап қалады. Әйелімен таныстырады. Джулиядан 25 жасқа кіші болғанына қарамастан оны баурап алады. Томас оған гул, жылы сөздерімен баурайды. Джулия ессіз ғашық болады. Томас кедей болатын. Джулия оған ақшалай көмек беріп, қарыздарын жауып берді. Уақыт өте Джулия Томастың оған деген сезімінің жоқ екеніне көз жеткізеді. Томас үшін Джулия жәй ғана жолын ашатын адам ғана болып еді. Джулия Томастың жас дарынсыз актриса Эвис Крайтонмен көңіл қосқанын біледі. Бірақ Томас үшін ол ең керемет актриса болып көрінді. Томас Джулияға өтініш айтады. Яғни Эвисқа “Сиддонс” театрнан рөль беруін сұрайды. Джулия түк білмегендей келіседі, әрине оның кек қайтаратын ойы бар еді. Оның бар жоспары Эвисқа деген Томастың лаулап тұрған сезімін өшіру еді. Спетакль күні Джулия Томастың Эвисқа деген сезімінің суығанын көріп рахаттана тамашалайды. Ал өзі болса рөльін өте керекмет жоғары деңгейде сомдап шығады. Майкл өзінің әйелінің өнеріне тамсана, марқая қарап тұрады.

«Құбылу» Превращение
Әйгілі жазушы Франц Кафканың 1912 жылы жазылған новелласы

Грегор отбасындағы жалғыз асыраушысы болады. Оның жалқау әкесі, ауру анасы, және Гретта атты қарындасы болады. Бірдe таңeртeң мазасыз ұйқыдан oянған Грeгoр Замза өзінің төсeктe жатып құбыжық жəндіккe айналып кeткeнін аңғарды.Ол бұл жәй ғана түс екен деп ары қарай ұйықтайын дегенде, үлкен денесі мен түктері кедергі келтіреді. Ол қатты аң таң болып қорқады. Жұмысқа баратын уақыты болып қалады, оны оятуға анасы келу керек болады. Есікті қағады. Бірақ Грегор ашпайды, сөйлейін десе даусы ызыңдап шығады. Қоңыздың  даусы ғана есіктің арғы жағынан  естіледі. Ата-анасы алаңдап есікті бұзып кіргенде, үлкен ірі жәндікті көреді. Үсті түк-түк, аяқтары көп, жүрген сайын сұйықтық бөліп отырады. Анасы талып қалады. Бөлмеге қамалған Грегор санасы әлі адам қалпындағы жәндік кейпінде қалады. Оған тек қарындасы сескенсе де адамның тамағын әкеліп береді, бірақ Грегор жемейді. Грегор көп уақытын бөлмеде рухани әрі тәни (әкесі ұрып-соғып, ол денесін есікке жарақаттап алады) ауыр азапта өткізеді. Бұрындары отбасының негізгі асыраушысы өзі болып, енді туыстары керек етпеуге айналғанда, басты кейіпкер бұған да өзін кінәлі сезінеді. Алғашында әпкесі бауырына аяушылық пен түсіністік танытқанымен, күн көру қамы қиындап, үйге амалсыздан бейбастақ әрі мазасыз пәтер жалдаушыларды тұрғызуға мәжбүр болғанда жиіркенішті жәндікке деген өзінің соңғы аяушылық сезімін жоғалтады. Көп ұзамай жұлыншағына шірік алма кептеліп қалған Грегор көз жұмады. Шығарма Грегорды оңай ұмытқан отбасының мәз-мейрам, көңілді серуенімен аяқталады.

«Великая жизнь» (Лев Толстой)
Бұл кітап-әйгілІ австриялық жазушы, драматург және журналист Стефан Цвейгтің Лев Толстойға арналған өмірбаяндық очеркінің қайта басылуы. Осы шығарманың беттерінен ұлы орыс жазушысы керемет, әсем және тартымды тұлға - жердегі батыр және ой титаны ретінде сипатталып жазылады.  Бұл басылымда Л. Н. Толстой туралы көптеген қызықты және сирек кездесетін мәліметтер бар және Толстойдың өмірі мен шығармашылығына қызығушылық танытқандар үшін керемет сыйлық бола алады.

«Посторонний»
Алжир маңындағы шағын Француз шенеунігі Мерсо анасының қайтыс болғаны туралы хабар алады. Екі апталық демалыстан кейін Мерсо сол күні жерлеу рәсіміне барады. Ол өзінің анасының табында алаңсыз кофе ішіп, шылым тартып отрырып ұйықтап қалады. Ертесі анасының достары келіп оны сөгеді. Келесі күні таңда ол Алжирге аттанады. Сол жерде теңіз жағасына барағанда, кездейсоқ ол  жұмыстан әріптес Мари Кардон атты бикешті кезіктіреді.

Сол түні-ақ ол екеуі көңіл қосып үлгереді. Келесі күні ол жұмыстан үйіне барғанда: қарт Саламаноны, Раймон Синтесті өзінің итімен кезіктіреді. Синтес өзінің көзіне шөп салған араб  көңілдесінен кек қайтару мақсатында, соққыға жығу үшін, Мерсодан оған хат жазып кездесуін сұрайды. Синтес пен көңілдесі соттасып жанжал болады. Жексенбі күні Мерсо Мари, Раймондарды ертіп теңіз жағасына ескі досы Массонға  барады. Автобус аялдамасында екі арабты кезіктіред, олардың бірі- Синтестің көңілдесінің ағасы еді. Олар алаңдай бастайды.

Олар теңіздің жағасында қыдырып жүргенде жаңағы екі арабты байқайды. Олар әсілі, бұларды аңдып отырған көрінеді. Төбелес басталады. Екі арабтың бірі Синтесті пышақпен жарақаттайды. Олар қашып құтылады. Бір шама уақыттан соң олар қайта жағаға келгенде Мерсоға Синтес қару ұсынады. Мерсо сол жерде бір арабты мейіт қылады. Оны абақтыға теигеуге алып келеді. Ол өзінің ісіне селқос қарайды. Айыптаушы жақ оның қатыгез, тас жүрек екенін айтып, тіпті анасының жерлеуінде жыламағанын оған қоса келесі күні ақ Маримен қарым қатынас орнатқанын айтады. Онымен қоймай адам өлтірген жауыз деп сипаттайды. Оған өлім жазасын талап етеді. Ал қорғаушы жақ оның еңбекқор қызметкер, үлгілі ұл болғанын, анасын асырағанын айтып, оның адасқанын айтады. Жоғарғы сот француз тәртібімен оның басын орталық алаңда шабуды үкім етеді. Осылай ша Мерсо соңғы күндерінде тек өлімді күтіп жүреді.