Дарухан Камысбаевна Padlet by

4
Жоғары оқу орындары – экономиканың, ғылым мен мәдениеттің түрлі салалары үшін жоғары білімді мамандар, ғыл. және педагог мамандар даярлайтын, жоғары білімді мамандар даярлау ісін жетілдіруге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарынжүргізетін, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, мәдениет, т.б. салаларда еңбек ететін мамандардың біліктілігін жетілдіретін оқу орындары. Жоғары оқу орындарына академиялар, университеттер, институттар, т.б. жатады. Сонымен қатар бұлардан тыс түрлі әскери, діни, т.б.

3
Қазақстандағы жоғары білімнің құрылымы, бағыттары. Жоғары білімнің көпдеңгейлі сипаты.

Университеттің төрт моделінің жіктелуінің негізін қалаушы Рональд Барнетт8 айтқандай, ол бірқатар экожүйелермен, атап айтқанда білім, әлеуметтік институттар, адамдар, экономика, оқыту, мәдениет және табиғи ортамен өзара байланыста болады.

«1.0 Университеті»: білім беру қызметін жүзеге асыратын қоғамдық институт. Ол білім таратуға, студенттердің таланттарын дамытуға, мамандарды даярлауға (экономиканың дәстүрлі салаларына бағытталған) тиімді әлеуметтік көпір ретінде әрекет етуге қабілетті.

«2.0 Университеті»: білім берумен қатар, зерттеу жұмыстарын да тең дәрежеде жүзеге асыратын қоғамдық институт. Гумбольдт университеті рухындағы классикалық университет: зерттеу жұмыстары арқылы жаңа білім беруге (іздеуге) қабілетті; консалтингтік қызмет көрсету орталығы ретінде нарық ойыншылары үшін құзыреттілікке ие; индустрияның тапсырыстары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді, серіктестердің тапсырысымен технологиялар әзірлейді, зияткерлік меншікті басқара алмайды; ҒЗТҚЖ (ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар) аясында білімді коммерцияландыруға қабілетті.

«3.0 Университеті»: білім беру және зерттеу жұмыстарымен қатар технологиялар ауысымы, оларды тұтынушыларға жеткізу қызметтерін іске асыратын қоғамдық институт. «3.0 Университетіне» технологияларды коммерцияландырудың тиімді үдерісі жүреді (оның ішінде университеттің зияткерлік жеке меншігімен жұмыс істеудің жан-жақты пысықталған (өңделген) саясаты есебінен), онда кәсіпкерлік мәдениет дамыған, технологиялық стартаптар жасалады, университеттің атына патенттер тіркеледі (оны бұдан әрі серіктестерге сатуға болады немесе лицензиялық шарттар негізінде жекелеген құқықтар беріледі), университет бизнес-қоғамдастық өкілдерімен тиімді сұхбат жүргізе алады (нарық сұраныстарына сәйкес келетін жаңа мамандарды даярлап шығаруға қатысты берілген өтінімдерге тез арада жауап қайтарады, индустрия өкілдерін қызықтыратын салаларда зерттеулер жүргізеді).

«4.0 Университеті»: болашақ туралы білімді жеткізуші қызметін жүзеге асыратын қоғамдық институт. «4.0 Университеті» жоғары технологиялық салаларды дамытудың көшбасшысы болып табылады. Сонымен, «4.0 Университеті» өз білімін капиталдандыру қызметін барынша тиімді түрде көрсетуге қабілетті.
Academic Ranking of World Universities (ARWU) бағалауы бойынша алғаш рет отандық екі университеттің, яғни әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қатысуы 2019 жылы тіркелген.
Қазақстандық жоғарғы оқу орын жүйесінде «ұлттық университет» категориясымен қатар, келесі категориялар да қарастырылған:
- «Ұлттық ғылыми-зерттеу университе- ті» санаты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен 2017 жылы SatbayevUniversity берілді;
- «зерттеу университеті» санаты Қазақ- стан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Nazarbayev University-ге 2015 жылы берілді.
әлемдік ғылыми кеңістігіне кіруі үшін тиімді академиялық орта мен жағдайларды ұйымдастыру мақсатында құрылған Назарбаев Университеті Жоғары білімнің халықаралық рейтингтерін әлі күнге дейін белгілеп қойған жоқ. Қазіргі уақытта студенттер саны шамамен 4 мың адамды құрайды, профессор- оқытушылар құрамы жартысынан астамы шетелдік кадрлардан тұрады. Назарбаев Университетіндегі барлық білім беру бағдарламалары бойынша оқу процесі тек ағылшын тілінде жүзеге асырылады. Шет тілдерін меңгерудің жеткіліксіз деңгейі жоғары оқу орындарының профессорлық- оқытушылық құрамы қатарынан ғылыми қызметкерлердің жарияланымдық белсен- ділігінің төмен болу себептерінің бірі болып табылады. 2015-2017 жылдары Web of Science Core Collection индекстелетін қазақстандық жарияланымдар саны 6850 бірлікті құрады, бұл елге әлемдік рейтингте 218 елдің ішінен 76-орынды алуға мүмкіндік берді. Салыстыру үшін, Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық елдері мынадай тәртіппен бөлінді: Ресей (197144 док.) – 15; Беларусь (5683) – 82; Армения (3500) - 95; Қырғызстан (655док.) 141
А. Сатыбалдин, К.А. Кирдасинова, Д.М. Мухияева / Экономика: стратегия и практика, No 4 (15), 2020 г / 5-14

2
Қазақстанның жоғары білімін дамытудың ерекшеліктерін негіздеу. Қазақстанның білім беру жүйесін реформалаудың қағидалары.

Көптеген жоғары білім беру мекемелері Қазақстан Республикасының жоғары білім жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялану міндетінен білім берудің Болондық моделін жүзеге асыруда, ол төмендегідей деңгейлерден тұрады:

- жоғары базалық білім/ жоғары арнайы білім: бакалавриат – «бакалавр» дәрежесін беретін жоғары білім беру бағдарламасы;

- жоғары ғылыми-педагогикалық білім: магистратура – «магистр» академиялық дәрежесін беретін жоғары ғылыми-педагогикалық бағдарлама;

- докторантура PhD – бұрынғы ғылыми-зерттеу кадрларын даярлау жүйесінің орнын басатын бағдарлама.

Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі

Қазақстанның жоғары білім жүйесінің қалыптасуының келесі бір жағымды тұсы – институционалдық құрылымдардың, оқыту бағдарламалары мен формаларының  әртараптандырылуы, олардың университеттік білім беру жүйесіне бейімделуі.
Тәуелсіз Қазақстанның жоғары білім жүйесін бетбұрыстандыру бірнеше кезеңнен тұрды: 1 кезең – жоғары білім жүйесінің заңдық және нормативтік құқықтық базасының қалыптасуы (1991-1994 жылдар); 2 кезең – жоғары білім жүйесін модернизациялау, оның мазмұнын жаңарту (1995- 1998 жылдар); 3 кезең – білім беру жүйесін қаржыландаруды орталықсыздандыру, білім беру мекемелерінің академиялық еркіндігін кеңейту (1999-2000 жылдар); 4 кезең – жоғары кәсіптік білім беру жүйесін стратегиялық дамыту (2001 жылдан бастау алған қазіргі кезең).
ҚР 2005-2010 жылдарға арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

1
Білім - әлемдегі өркениетті дамыған елдердің барлығында дерлік дамудың негізгі көрсеткіші мен негізгі басыңқы бағыты болып табылады.

Қазіргі кезде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.  Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда:

• білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен,  ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;

• ақпараттық дәстүрлі әдістері – ауызша және жазбаша, телефон және радиобайланыс – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;

• баланың   жеке   басын   тәрбиелеуде,   оның   жандүниесінің    руханибаюына,  азамат,  тұлға  ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;

• мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуда;

• қоғамдық біліммен бара-бар педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуына және ғылымның рөліне мән берілуінде.

Қазақстандағы жоғары білім берудің дамуы.
1. Әлемдік білім беру кеңістігіндегі Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің орнын анықтау. 2.Қазақстанның жоғары білімін дамытудың ерекшеліктерін негіздеу. Қазақстанның білім беру жүйесін реформалаудың қағидалары. 3.Қазақстандағы жоғары білімнің құрылымы, бағыттары. Жоғары білімнің көпдеңгейлі сипаты. 4. Жоғары білім беру субъектілері және олардың функционалық қызметтері. Жоғары оқу орындары және оларға сипаттама.