Моя феноменальная доска Padlet by

Соғыстың басынан аяғына дейін әскери бөлімдер ретінде шайқасқан 12 қазақстандық дивизияға құрметті атақтар берілді. Олардың бесеуі – бір орденмен, төртеуі – екі орденмен, екеуі үш орденмен марапатталды. 5 дивизия (олардың ішінде Совет Одағының Батыры И. В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизия да бар) гвардиялық дивизияларға айналды. Әскери ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық ордендер мен медальдармен марапатталды, 497 қазақстандық Совет Одағының Батыры атанды. Бұл атақты 97 қазақ иеленді, олардың ішінде қазақ қыздары — Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова бар. Төрт қазақстандық ұшқыш — Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский Совет Одағының Батыры атағына екі рет ие болды.

Қазақтардың Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысуы
Ресми мәліметтер бойынша Орта Азия елдерінен соғысқа 3 миллион жауынгер қатысса, соның 1 миллион 366 мыңы қазақстандық екен. Ал соғысқа аттанған қазақстандық жауынгердің әрбір екіншісі, яғни тең жартысы майдан даласында қаза болған.

Немістер тарапынан Францияға, Голландияға және Белгияға жұмысқа жіберілген бұрынғы кеңес әскери тұтқындары бастарына түскен өз тағдырларына мойынсұнбай басқыншыларға қарсы қолдарына қару алып күресуі туралы тарих ғылымдарының докторы, профессор  Гүлнара Меңдіқұлова: «Батыс Еуропадағы Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақтардың қатысуы» жобасының аясында Еуропа территориясындағы әскери іс-қимылдарға қатысқан қазақтар тақырыбын зерттеп, орыс тілді отандық басылымдарға: «Түркістандықтар Екінші дүниежүзілік соғыста: Тұтқыннан Қарсыласуға // Туркестанцы во Второй мировой войне: из плена в Сопротивление» және «Қазақ партизандары Францияда: қазақтар еуропалық қарсыласу қозғаластарында қалай соғысты//Казахские партизаны во Франции: как казахи воевали в европейском движении сопротивления» атты сұхбаттар беріпті.

Олар өз кезегінде соғыс басталған бетте пенде болып қолға түсіп, ашқұрсақтық пен суық бүрген неміс тұтқынынан қанша мәрте қашқандарымен бәрі бір қолға түсіп, неміс концлагерінде ит тірлікті қалай кешкендерін әңгімелеп берді. Оларда бар болғаны екі жол ғана бар еді: бірі – атылып өлу, екіншісі – легионға жазылу. Бәрінде болмаса да, көпшілігінің қаперінде ешқандай идеологиялық астар жоқтын.