Рефлексия by Назира Нурсеитова

Мейрам Абилдаева
Өзімнің кәсіби құзіреттілігімнің курсқа дейінгі деңгейі мен бүгінгі деңгейін салыстырсам, көп өзгерістерді байқаймын. Курсқа дейін мен өзімді көшбасшылыққа бейім маманмын деп ойлайтынмын, Жетекші ретінде жұмыс істеуде көбіне интуиция мен тәжірибеге сүйенетінмін, бірақ бұл барлық жағдайда тиімді бола бермейтін. Оның шешімін курс барысында түсіндім. Курс материалдарын ден қоя оқи отырып, көптеген теориялық және практикалық білім алдым. Кәсіби көзқарасымды қайта қарап, көшбасшылықтағы ішкі кеңістігімді дамыттым. Меңгерген білімім маған мектептегі нақты жағдайларды тереңірек талдауға және дұрыс шешім қабылдауға көмегін тигізеді деген сенімім мол.

Лейла
Курс барысында ұсынылған әдебиеттер мен ресурстар менің кәсіби көзқарасымды түбегейлі өзгертті. Дэниел Гоулманның "Эмоциялық зият" еңбегі көшбасшы ретіндегі рөлімді тереңірек түсінуге көмектесті. Өз сезімімді басқару, өзге адамдардың эмоцияларын ажырату дағдым нығайды. Бұл маған ұжымда сенім атмосферасын қалыптастырып, адамдарды өзгерістерге жұмылдыруға мүмкіндік берері анық.

Курс тек білім беріп қана қойған жоқ — ол менің көшбасшылық ұстанымымды қайта қалыптастырды. Енді мен өзімді жай ғана басқарушы емес, стратегиялық ойлайтын, адамдардың әлеуетін ашуға бағытталған, өзгерістерді жүйелі түрде жүргізе алатын көшбасшы деп санаймын.

Лейла
Курс барысында ұсынылған әдебиеттер мен ресурстар менің кәсіби көзқарасымды түбегейлі өзгертті. Осы ретте Дэниел Гоулманның "Эмоциялық зият" еңбегі көшбасшы ретіндегі рөлімді тереңірек түсінуге көмектесті. Өз сезімімді басқару, өзге адамдардың эмоцияларын ажырату дағдым нығайды. Бұл маған ұжымда сенім атмосферасын қалыптастырып, адамдарды өзгерістерге жұмылдыруға мүмкіндік берері анық.

Курс тек білім беріп қана қойған жоқ — ол менің көшбасшылық ұстанымымды қайта қалыптастырды. Енді мен өзімді жай ғана басқарушы емес, стратегиялық ойлайтын, адамдардың әлеуетін ашуға бағытталған, өзгерістерді жүйелі түрде жүргізе алатын көшбасшы деп санаймын.

Жадыра
Ұстаз өзгерсе-ұрпақ өзгереді,ұрпақ өзгерсе болашақ өзгереді демекші,« Өзгеріс көшбасшылары курсы тыңдаушысы ретінде заманауи көшбасшылардың портреті жайлы көзқарасым өзгерді.   Басшы болу – бұйыру емес, бағыт көрсету екенін терең түсіндім   Маған әсіресе келесі бағыттар пайдалы болды:

- Командамен тиімді жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін үйрендім;

- Мектептің даму стратегиясын деректерге сүйене отырып құруды меңгердім;

Ойлау дағдымды дамытып, бизнес ойлау дағдымның қалыптастыруға жол ашты. Корпоративтік мәдениеттің мектеп миссиясына жету жолында қаншалықты маңызды екенін түсіндім. Ол үшін Эдгар Шейннің моделін терең зерттей бастадым. Қазіргі таңда менің көшбасшылық дағдым жаңа деңгейге көтеріліп, болашақта өзгеріс енгізу мүмкіндігіме сенімділік берді.

Арай
Бұл курс мен үшін өзгерісті тек жоспарлау немесе басқару процесі емес, оны адамдардың санасы мен әрекеттеріне енгізудің өнері екенін көрсетті. Негізгі түйгенім – табысты өзгеріс үш тірекке сүйенеді: айқын мақсат, ашық коммуникация және тұрақты әрекет.

Көшбасшының рөлі – өзгерісті жалғыз өзі жасау емес, ұжымды оған ортақтастыру және шабыттандыру. Егер әр қадамымыз миссияға сай болса және әр адамның дауысы естілсе, кез келген өзгеріс орнығып, ұзақ мерзімді нәтиже беретініне сенемін

Айсулу Мусаева
Бұл курс мен үшін тек білім алу алаңы ғана емес, сонымен қатар кәсіби және жеке дамуыма жаңа серпін берген маңызды тәжірибе болды.

Курс барысында мен өзгеріс енгізудегі кедергілер мен оларды жеңу стратегияларын анықтауды үйрендім.Командамен тиімді коммуникация орнатудың және сенімді қарым-қатынас құрудың маңызын сезіндім.

Ең бастысы — өзгерістерді басқару тек басшылықтың емес, әрбір адамның белсенді қатысуын талап ететінін түсіндім.

Мөлдір
Бұрын мен көшбасшыны – нұсқау беретін, барлық жауапкершілікті өз мойнына алатын  адам ретінде көретінмін. Қазір мен көшбасшыны мүлдем басқа қырынан көремін. Басқару – бұл адамдарға бағыт беру, орта қалыптастыру, сенім орнату екенін түсіндім. Қолайлы мектеп климатын қалыптастыру, корпоративтік мәдениет, командалық жұмыстың тиімділігі сияқты нағыз көшбасшыға керекті ақпараттарды кеңінен түсіндім. Өзгеріс көшбасшылығы маған ең бастысы – өзгерісті өзіңнен бастау керектігін көрсетті. Мен жасырын мүмкіндіктерді көре білуді, қиындықты қауіп емес, өсу жолы екенін түсіндім. Эмоцияма тоқталсам мен өзімді жаңа деңгейге көтерілгенімді сезінемін. Ішімде тұрақтылық пен сенімділік пайда болды. Алдағы уақытта: курста алған білімді күнделікті жұмыста ғана емес, өмірімнің барлық саласында қолданатын боламын.Өйткені менің өзгерісім – бұл жай ғана кәсіби қадам емес, бұл – жаңа көзқарас, жаңа мен.

Майра Бахимановна
Бұл курс менің кәсіби ойлау қабілетімді кеңейтті.

Көшбасшы ретінде тек шабыттандыру емес, ұжымның әлеуетін саралап, дерекке сүйеніп шешім қабылдау, мақсатқа жету үшін нақты стратегия жасау маңызды екенін ұқтым.

Жоба жұмысы арқылы жоспар құру, ресурсты тиімді пайдалану, нәтижеге жетудің кезеңдерін анықтау дағдыларым артты.

Эмпатия мен тыңдай білу – кез келген команданың берік іргетасы екенін түсініп, әріптестерімнің дамуына бағыт бере алатын бизнес ойлы, аналитикалық көшбасшы болуға бір қадам жақындадым.

Лесова Сапаркул
«Өзгеріс көшбасшысы» курсы мен үшін тек жаңа білім емес, өзімнің ішкі көзқарасымды қайта қарауға мүмкіндік болды. Бұрын көшбасшы дегенде, алдыда жүріп, тапсырма беретін адамды елестететінмін. Енді түсіндім – нағыз көшбасшы командасын шабыттандырады, әр адамның әлеуетін ашып, ортақ мақсатқа біріктіре алады.

Командалық жұмыстың құндылығын бұрынғыдан да терең сезіндім. Әріптестермен бірлесе жұмыс істегенде, жеке-дара жетістікпен салыстыруға келмейтін нәтиже алуға болатынын көрдім. Бірінің ойы, екіншісінің тәжірибесі, үшіншісінің жігері қосылғанда, ең қиын мақсаттардың өзі орындалады екен.

Курс мені стратегиялық тұрғыдан бизнес ойлауға да үйретті. Бұрын көбіне бүгінгі міндетті шешуге ұмтылсам, қазір болашақты көре отырып, ұзақ мерзімді жоспар құрудың маңызын түсінемін. Ресурстарды дұрыс бөлу, басымдықтарды айқындау, ұйымның тұрақты дамуына жол ашу – міне, осының бәрі шынайы көшбасшылықтың ажырамас бөлігі екен.

Бұл тәжірибе маған бір нәрсені айқын көрсетті: өзгеріс көшбасшысы болу – өзгелерді өзгерту ғана емес, ең алдымен, өзіңнің ойың мен ұстанымыңды өзгерту.

Бүгін «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» атты тағылымы терең курс өз мәресіне жетті. Бұл — жай ғана оқу емес, менің кәсіби және тұлғалық дамуыма үлкен серпін берген маңызды кезең болды.

Алдымда үлкен мақсаттар, жауапкершілігі зор жол тұр. Осы курстан алғаным аз емес:

– Өзгерісті өзімнен бастауға деген нақты ұстаным;

– Басқаруда деректерге сүйенуді, стратегиялық ойлауды меңгеру;

– Командалық жұмыстың шынайы құндылығын түсіну;

– Әріптестерді шабыттандыру мен қолдау, эмоционалды интеллектті дамыту.

Курс менің ішкі сенімімді нығайтып, болашаққа деген көзқарасымды түбегейлі өзгертті. Енді мен тек басқарушы ғана емес, өзгеріс көшбасшысы болуға дайынмын. Алда жаңа мақсаттар мен жобалар тұр — бұл бастаманың соңы емес, нағыз бастауы!

Улан Мирзаканов Асаноич
Мен үшін кәсіби тұрғыдан үлкен трансформация кезеңі болды. Ұйым мәдениетін басқару – тек құжаттағы нормалар мен рәсімдер жиынтығы емес, қызметкерлердің өзара қарым-қатынасы, құндылықтары мен мінез-құлық нормалары арқылы көрінетін тірі жүйе екенін түсіндім. Джон Коттердің «Шынайы өзгеріс – тек стратегиядан емес, адамдардың құндылықтары мен мінез-құлықтарын өзгерту арқылы жүзеге асады.» деген сөзі ұстанымым болып қалыптасты.

Сонымен қатар, курс барысында идеяларымды шынайы тәжірибеде іске асырудың құралдары мен моделдерін меңгеру маған үлкен сенімділік берді.