Дүкенбай Досжан «Төрт патшаны көрген кейуана» хикаяты by Aiaulym Temirbolatova

Өлеңді түсініп оқыңыздар. Есімдіктің мағыналық түрлерін қолданып, жинақы мәтін құрастырыңыздар.
Менің енем

Падлетте мәтін құраңдар

Менің енем жүзден асып барады,

Соңғы он жылда күңгірттеніп жанары

Қалғанымен, отырып-ақ біледі,

Дүниенің арғы-бергі хабарын.

Көре ме екен, көкірегінің көзімен,

Салмақтай ма, жүрегімен сезіне.

Сөз саптаса өткенінен сапырып,

Жол көрсетер көзі бардың өзіне.

Талантына соғыс өрті дөп келген,

Жақсыны да, жаманды да көп көрген.

Үш ғасырдың таңыменен таласып,

Үш ғасырда үш патшаны өткерген.

Шүйкедей-ақ, бірақ рухы шөкпейді,

Қоғамды да, адамды да сөкпейді.

«Не көрдіңіз?» деп сұрасаң апамнан,

«Жақсы адамдар дүниеде көп» дейді.

Сегіз мүшел көріпті өмір сүргелі,

Байлық арсыз бір кетіпті, бір келіп.

Баянымен бұл өмірде қалғаны –

Ұрпақтары ел болыпты іргелі.

«Жасасын Сталин жолдас!.. Жасасын жасампаз Ленин!..» деп жиналған жұрт дүр ете түсті. Тұла бойымнан төмен қарай жылжып шоқ өткендей сезілді. Не кереметінің барын білмеймін, ортадан кішілеу, пәкене, жүзі солғын, әйтсе де жанарында жасыны бар көсем кісі осылай бір қарағанда жұрт үстінен толқын жүріп өткендей сезіледі. Қарадай есеңгіреп есі шыққан, тосын әсерден оғаш мінез танытқан момындар сендей сығылысып көсем кісіге кимеледі…

...Табалдырықтан аттай бере: «Апа, жүре қалыңыз,- дейді,-стадионға көп халық жиналып жатыр, бас редакторға кіріп, жалынып жүріп сізге де кіруге рұқсат алдым!..». Қапелімде ештеңе түсінбеймін. «Кең етек қазақы көйлектің етегіне сүрінбей-ақ үйде отырайын», - деп шегіншектеп, «еш жерге барғым жоқ», - сылтау айтып көрем баяғы.Балам көнетін емес. «Хрущев келді, тамам жұрттың алдына шығып сөйлейді»,- дейді.

— Тұрыңдар, озаттар, Қонаев көкелерің келді, — деді әлдебір өктем дауыс.

Әлгі әдемі мәшинеден түскен ұзын кісі кең адымдап келіп, тұрған бізге қаратып қоңыр үнмен: «Сәлеметсіздер ме, бауырлар!» — деді. Ие, дәп солай. «Здрасти!» — деген жоқ, «Армысыздар!» — дегенін естімедім, ұмытпасам... шынымды айтсам... құлағымда қалғаны... сол... «Сәлеметсіздер ме, бауырлар!» болыпты. Жағалай төніп, бір-бірлеп бәрімізге қол беріп амандасып шықты.Алақаны ұлпадай жұмсақ, үгітіліп тұрған жүгері ма деп қаласың.

Президент жылдам еніп, жақындап келіп сәлемдесті.

— Ой, апа, жасыңыз нешеде? — деді.

— Тоқсанның үстіндемін, балам, жүзге жуықтадым. Көзім нашарлап бет-жүзіңді анықтап көре алмай тұрмын, балам! Президент қасындағы көлеңкеше ілесіп жүрген көмекшісіне бұрылды.

— Мына кісінің көзін емдетіңдер, жақсы көзілдірік әперіңдер!

— Дидарыңа қанып, батамды берейін деп келдім, шырағым!

Ол енесінің жүзден асқан шағында жанарының күңгірттенгені жайлы, дүниеде көп көргенін баяндады. Көкірегінің көзімен, өз ой елегінен көп нәрсені өткізіп, өмірде жақсылардың көп екеніне көзі жеткенін айтады. Ешқандай соғыс өрті, дүниенің небір қиындықтары енесін сындырмағанын айтты. Қонаевтың көзінің жылулығы мен алақанының жұмсақтығын сезгенін айтты. Оның ерекше адамгершілік қасиетін ешбір басқа қасиеттермен тең келмейтінін де айтып өтті. Сталиннің қаталдығын, бойының кішілігіндей тоқ өткендей болды. Үшінші патша келгенінің өзіне дүйім жұрттың жалынып кездесуге орын сұрайтынын да айтты. Ол да бір өзін жұрттан ерекше, биік санайтының белгісі деп түсіндім. Ал төртінші патшаны айтатын болсақ, керісінше өзі жұрттың қамын жеп, кәріге жақындап, көзінің мүкісінің барын байқап, емдетулері мен көзілдірік әперуін бұйырды. Сол арқылы халқының ыстық ықыласы мен батасын алды. Патша болса, сондай болсын!

Ешқандай