Жалпы білім беретін мекеменің оқу процесінде халық педагогикасының прогрессивтік элементтерін пайдалану. Этнопедагогикалық білімдерді педагогтың кәсіптік іс-әрекетіне қолдану, этнопедагогика бойынша сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың түрлері by Салықбай Дания Даниярқызы

Қай заманда, қандай қоғамда болсын алдымызда тұрған үлкен міндеттердің бірі – болашақ ұрпақ тәрбиелеу. Жан – жақты жетілген, ақыл парасаты мен мәдениеті мол, саналы ұрпақ тәрбиелеуде әр халықтың салт – дәстүрі, ел дамуындағы бағалы байлықтың нәрін біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.

Халықтық педагогика
бір ұрпақтан бір ұрпаққа ауызша жалғасып келген нақыл – өсиет, өнеге қағида болып таралып келген тәлім – тәрбие тағылымының бай мұрасы.

Халықтық педагогика
отбасылық тәрбиеден басталып, ел – жұрт, ауыл – аймақ, тіпті бүкіл халықтық қарым қатынастан берік орын алған тәлім – тәрбиенің түрі. Халық педагогикасы қоғам дамуының барлық сатыларынан өтіп, тәжірибеде дамып, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі болып келгені хақ.

Халық педагогикасы бүгінде ғылыми зерттеулердің тек объектісі ғана емес, сонымен қатар ол педагогикалық теориялардың, әсіресе отбасындағы тәрбиенің дамуына үлкен әсер ететін ынтымақтастық педагогиканың іргетасы болып табылады. Сондықтан да халық педагогикасының бүгінгі күнде практикалық та, ғылыми-теориялық та мәнділігі зор.

Бүгінгі таңдағы мектептер
балаларға таза ғылыми негіздегі білімдерді бере отырып, олардың жүректеріне рухани және адамгершілік, имандылық құндылықтарын енгізуді екінші қатарға қалдырады немесе тіпті мән бермейді. Соның салдарынан жастарымыздың бұзылып, адамгершілік, имандылық дегеннің не екенін білмей өсуіне әкеліп соғуда. Қазіргі кезде көп ата-ана баламыз компьютерді, ағылшын тілін меңгерсе болды, жетілген тұлға болады деп ойлайды. Ең алдымен әрбір бала адами тамаша қасиеттерді бойына жинақтаған, дұрыс адам бола білуі шарт. Сонан кейін ғана білімін тереңдете алады. Адамдардың адами рухани-адамгершілік құндылықтарының орнындағы кемшіліктерді ешқандай да академиялық білімдердің толықтыра алмайтынын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Қазір қоғамымызда балаларға тек қана ғылыми білімдер ғана емес, бәрінен бұрын қайырымдылық, мейірбандылық және сүйіспеншілік туралы білім керек деген қорытындыға келіп отыр.

Жалпы білім беретін мектептеріне этнопедагогиканы еңгізу
Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріне этнопедагогиканы еңгізудің қазіргі жағдайы «Атамекен», «Елім-ай», «Жұлдыз», «Кәусар бұлақ», ұлттық бағдарламалары, олардың Қазақстан Республикасының орта және жалпы білім беретін мектептеріндегі бағыттары және қолданылуы.

Қоғамның рухани байлығын арттыруға жәрдемдесетін халықтық педагогиканың озық идеялары мен жағымды тәжірибесін, жекелей алғанда, дәстүрлерін, әдет-ғұрыптар мен мінез-құлық нормаларын әрі қарай зерттеу үшін іріктеген жөн және педагогтарға, тәрбиешілерге, ата-аналарға ұсыну қажет.

Қазақ мектептеріндегі ұлттық тәлім-тәрбие жұмысының бағдарламасын айтқанда әсіресе 6-11 кластарға арналған «Атамекен» бағдарламасының ролі ерекше. «АТАМЕКЕН» - Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие процесінің өзіндік ұлттық ерекшеліктерін анықтайтын қазақ халқы педагогикасының тәлім-тәрбиелік принциптеріне негізделген ғылыми-педагогикалық бағдарлама болып табылады.

Бағдарламаның негізгі мақсаты ұлттық өзіндік ерекшеліктерді ескере отырып, оқу-тәрбие жұмысының жаңа үлгісіндегі жобасын балалар мен ересектерді біріктіретін, ауылдық, аудандық, қалалық, облыстық, аймақтық «Атамекен» ордасын құру. «Елім-ай» атты ұлттық этнографиялық іскерлік, шығармашылық, көріністік ойындарды өткізу, өз туын, елтаңбасын, ұлттық киімін иелену, әрбір мектепте тарихи ұлттық этнографиялық музейлер ашу.

Халықтық педагогика мектепке дейінгі және мектептен тыс тәрбие мекемелерінде жүргізілетін тәрбие бойынша жұмыстарды сол не басқа деңгейде байытуы тиіс.
Халық педагогикасы материалдарымен жұмысқа оқушылардың өздерін қатыстырған пайдалы. Үйірмелер, байқаулар, тақырыптық кештер мен конференциялар ұйымдастыру осы мақсатқа бағытталғаны жөн.

Тәрбиеші оқушыға, оқушы тәрбиешіге әсер ету болған жағдайда екі жақты процесс іске асады. Ортақ әрекет болуы керек. Мұғалім оқушы – оқушы мұғалім орнына тұра білуі керек. Тәрбие іс-әрекет болғандықтан оқушы мен оқытушы орта істі шеше білу керек. Сөйтіп, нәтижеде бүкіл оқушылар ұйымы, ата-аналар топ болып шеше алмаса олардың жұмысын ноль деуге болады. Ал топ сыныпта қалыптасса сынып жетекшісі жоқ болса да өздері атқара береді. Мұндай жағдай жеке бастың жан-жақты дамуына ықпал етеді. Егер осы дәрежеге жетсек тәрбие жұмысының мақсатына жетеміз.