Жапсарбай Улпан by Улпан Утешова

Жоғары мектеп – жалпы немесе арнаулы орта дәрежелі білім негізінде жоғары білімді мамандар даярлайтын оқу орындарының жалпы атауы. Оларда әр түрлі өнеркәсіптер мен құрылыстар, жол қатынасы, байланыс бөлімдері, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, т.б. салалардағы практикалық, педагогикалық немесе ғылыми қызметке мамандар даярланады.

Қазақ халқының ежелден қалыптасқан дәстүрлі білім жүйесі болды. Мыңдаған жылдық тарихы бар көне Тараз, Түркістан, Құлан, Отырар секілді ежелгі қалалардың барлығында да өз деңгейінде алғашқы сауат ашу орталықтары болды. Орта ғасырларда көптеген мектептер мен медреселер, діни білім беретін жоғары оқу орындары жұмыс істеген. Әбу-Насыр әл-Фараби, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ахмед Игунеки, Қожа Ахмет Иасауи секілді ойшылдардың барлығы да осындай діни медреселерде оқып, білім алған.

Зерттеушілер 19 ғасырдың екінші жартысындағы білім беру жүйесін үшке бөліп қарайды. Олар:1) Қадым мектептері - мұсылмандық дәстүрге негізделген діни мектептер;2) орыс-қазақ мектептері;3) жәдит мектептері - әр түрлі ғылым салаларын оқытатын жаңашыл бағыттағы мұсылмандық мектептер.XIX ғасырдың ортасына дейін мектептер мен медреселерде шәкірттерге мұсылманша білім берілді. Оларды негізінен арнайы сауаты бар молдалар оқытты. Медресе бітірген шәкірттер ислам негіздері ғана емес философия, математика, медицина, тарих және астрономия секілді ғылымдардан да хабардар болып шығатын болған.

Қазақ даласында «Жәңгір мектебінен» кейін ашылған екінші оқу орны деп 1850 жылы Орынбор қаласындағы Шекаралық комиссия жанынан ашылған жеті жылдық мектебін айтуға болады. 7 жылдық бұл мектеп 19 жыл жұмыс істеді. Бастапқы жылы онда 20 шәкірт оқыды. Оларға 3 мұғалім сабақ берді. 1859 жылы 40 бала тәрбиеленді. Ал мұғалімдердің саны 9-ға жетті.1862 жылы мектептің оқу мерзімі 6 жыл болып қысқартылды. 1869 жылы мектеп жабылып қалды.

Орынбор қазақ мектебін 19 жыл ішінде барлығы 48 маман бітіріп шықты. Мәселен 1857 жылы бұл мектепті Ыбырай Алтынсариналтын медальмен аяқтады. Кейбіреулері Шекаралық комиссияның өзіне жұмысқа қалдырылса, бірқатары өз еліне барып, жергілікті әкімшілік-басқару аппаратында еңбек етті. Шекаралық комиссияның шешіміміне осы мектептің алғашқы алғашқы үш түлегі - Ыбырай Алтынсарин, Шахмұрат Құлыбеков, Нұрым Мұңсызбаев 1860 жылдары Қазақстанда жаңадан ашылған мектептерде сабақ берді. Ыбырай Орынбор бекінісіне (Торғай), Шахмұрат - Орал бекінісіне (Ырғыз), ал Нұрым Тройцкіде ашылған қазақ мектебінде дәріс беруге жіберілді. Сонымен қатар үшеуіне де басқарманың аударма қызметі қоса тапсырылған еді. Кейін Ыбырай мен Шахмұрат өз мектептерін ашты.

Сол секілді 1865 жылы Омбыда қазақ балаларына арналған тағы бір мектеп ашылды. Ол жергілікті ауқатты қазақтар арасынан іс жүргізушілер тілмәштартар даярлау үшін ашылған еді.1869 жылы Орынбор гимназиясы жанынан шығыс тілдерінің тілмәштарын және әскери округтердің хатшыларын даярлайтын бөлімше құрылды.

Ыбырай мектебі 1864 жылы Торғай қаласында ашылды. Жәңгір хан секілді Ыбырай Алтынсарин де мектеп ашу үшін көп тер төкті. Қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашу үшін Орынбор облыстық басқармасының рұқсатын 1860 жылы алғанымен шағын ғана білім ошағының жұмысы оңайға түспеді. Алғашында мектеп ғимараты және оқу құралдарына қаржы болмайды. Кейін қаржы жиналғанымен шәкірт іздеу жұмысы одан да қиын болып шығады. Жұрт көпке дейін «шоқынып кетеді» балаларын бермеді.

Ыбырай Алтынсарин сабақты орыс графикасына негізделген қазақ әліп-биімен оқытты. Ыбырай мектебінде Торғай өңірінен жас шамалары 9 бен 13 аралығындағы он төрт бала оқыған. Олар – ағайынды Қорғанбек пен Әбдібек Бірімжановтар, Қоңырқұлжа Бикеев, Нұрғали Әбділпейізов, Нұрмұхамбет Төкин, Биқабыл Тәшенов, Ысмайыл Серкебаев, Ержан Тұлтанов, Баймұхамбет Салқынбаев, Жармұхамбет Жанғожин, Омар Бектемісов, Ибрахим Тәшепов, Қылышбай Сүйіповтер еді.

Шахмұрат Құлыбеков - Орынбор қаласындағы Шекаралық комиссия жанынан ашылған жеті жылдық мектебін алғашқы түлектерінің бірі. Ол Ыбырай Алтынсарин секілді 1862 жылы Ырғызға (Орал бекінісі) оқытушылыққа жіберіледі. Ол да бастапқыда дайын мектеп болмағандықтан қазақ балаларын жинап үйде оқыта бастайды.1864 жылдың 25-қазаны күні Шахмұрат бастауыш қазақ мектебінің тұсауы кесіледі. Үлкен жиынға қазақ ауылдарының халқы мен бекіністің барлық шенділері қатысқан. Мектептің ашылу құрметіне ұлттық ойындар өткізіледі. Мектепте 13-15 бала оқыған. Олар дәулетті адамдардың балалары еді.

Ырғыздағы Шахмұрат бастауыш мектебі 1879 жылы жабылып, Ресей халық ағарту министрінің жарлығымен қазақ-орыс училищесі болып қайта құрылды. 1887 жылы 15 қыркүйекте екінші оқу орны — Ырғыз қалалық бір кластық қыздар училищесі ашылды. Оған 17 қыз бала оқуға қабылданды.Бір жылдан кейін яғни 1888 жылы осы оқу орнының жанынан қазақ қыздары үшін 18 орындық интернат бой көтерді.1915 жылы Ырғыз өңірінде қалалық екі орыс-қазақ училищесі, селолық екі кластық орыс-қазақ училищесі, селолық екі кластық орыс училищесі, қалалық екі кластық орыс-қазақ мектебі, селолық бір кластық орыс-қазақ мектебі, 35 ауыл мектебі, медресе, кешкі мектеп ашылды. Бұл оқу орындарында 1432 бала білім алған. Ырғыздың қалалық екі кластық орыс-қазақ училищесінің жанынан етік тігетін кәсіптік бөлім ашылған.

Шахмұрат Құлыбековтың мұрындық болуымен ашылған Ырғыз білім ошақтарынан көптеген дарындар тәрбиеленіп шықты. Бөлебай Сарбатыров, Мұхамед-Рахым Сәтбаев, Медіресін Тереков, Жәнет Сүгірбаев, Мұса Дайрабаев, Алман Әзірмәмбетов, Ахмет Тұңғашин, Әбіш Тойбазаров, Төлепберген Хасанов, Таран Беркінбаев, Сержан Шонанов, Төлепберген Серғалиев, Нұркен Оразымбетов, Ахметжан Кәдіров, Теңізбай Баймурзин, Әли Сәрсенбин секілді шәкірттер кейін Ресейдің және шетелдердің жоғары оқу орындарын бітіріп, халық шаруашылығының түрлі салаларында абыройлы еңбек етті.Ахмет пен Мұхамедияр Тұңғашиндерге Варшава университетінің мал дәрігері бөлімін үздік оқығаны үшін Орынбор губернаторы Лобачевскийдің бұйрығымен арнаулы стипендия тағайындалған. Төлепберген Серғалиев Петербургтегі Александр І атындағы темір жол инженерлерін даярлайтын институтты аяқтап, өз мамандығы бойынша ұзақ жылдар жемісті еңбек етті. Училище түлегі Бөлекбай Сарбатыров өзі оқып шыққан оқу орнында көп жыл ұстаз болса, Теңізбай Баймурзин Қазақстанның әскери комиссары қызметін атқарды.

XX ғасырдың бас кезінде дәстүрлі мұсылман мектептерін реформалау жұмыстары басталды. Яғни жаңа әдістемеге негізделген мектептер пайда бола бастады. Ең алғашқы осындай мектеп 1900 жылы Түркістан қаласында ашылды. Ондай мектептер кейін Ақтөбе, Жаркент, Верный, Қазалы, Қостанай, Перовск, Семей сияқты басқа да қалаларында бой көтерді.ХІХ ғасырдың соңына қарай өлкеде қалалық училищелер, шіркеулік училищелер,кәсіптік гимназиялар, орыс-қазақ училещелері мен мектептері, ауылжәне бастапқы сауат ашу мектептері ашылды. Олар мемлекет есебінен қаржыландырылды және бастауыш оқу орындарының рөлін атқарды.1898 жылдан 1914 жылға дейін Қазақстандағы бастауыш мектептердің саны 730-дан 1988-ге дейін, ал олардағы оқушылардың саны 29 мыңнан101 мың адамға дейін өсті.

19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың бас кезінде машина өндірісінің дамуына байланысты көптеген елдерде университеттермен қатар инженерлік және басқа да Жоғары оқу орындары ашылды. Қазақстандағы Қазан төңкерісіне дейінгі Жоғары оқу орындарыдары ретінде Шымкент, Әулиеата, Түркістан, Ақмешіт медреселерін атауға болады. 1919 – 20 ж. Орынборда, Ордада, Семейде халық ағарту институттары ашылды. Бұл институттар жоғары білімді мұғалімдер даярлауда зор рөл атқарды. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында жұмысшы және шаруа жастарына жалпы орта білім беру және Жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік туғызу мақсатында жұмысшы факультеттері ашылды.

1921 ж. ашылған Орынбордағы жұмысшы факультетін С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов тәрізді танымал жазушылар оқып бітірді. 1920 ж. қарашада Түркістан мемлекеттік университеті (кейінгі Орта Азия университеті) құрылды. Бұл университет Орта Азия мен Қазақстанға маман кадрлар даярлаудың негізгі Орталық болды. Университет жанында қазақ жастары үшін арнаулы даярлық бөлімі ашылды. Одан жүздеген қазақ жастары білім алды. 1920 ж. Ордада Бөкей халық ағарту бөлімі Бөкей ағарту институтын құрды. Сондай-ақ, осы жылдың күзінде Семейде халық ағарту институты құрылса, 1921 ж. Орынборда Қазақ халық ағарту институты (кейін Қызылордаға көшірілді) және Верныйда (Алматы) Қазақ ағарту институты ашылды.

1926 ж. 2 шілдеде Ташкенттегі халық ағарту институты Қазақ педагогикалық институты болып қайта құрылды. Бұл институттың тұңғыш директоры Т.К. Жүргенов болды. Институттың физика-математика, жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық және лингвистика бөлімдері болды. Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны – 1928 ж. Алматыда ашылған Қазақ педагогикалық институты (Алматы мемлекеттік университеті). Бірінші жылы онда 124 студент, 9 мұғалім болды. Алғашқы оқытушылар қатарында А.Байтұрсынов, М.Әуезов, С.Сейфуллин, Қ.Жұбанов, т.б. дәріс оқыды. Бұдан кейін Алматы малдәрігерлік институты (1929), Қазақ ауыл шаруашылығы институты (1930), Қазақ медицина институты (1931), Орал педагогикалық институты (1931) ашылды.

1932 ж. Қазақстанның 6 Жоғары оқу орындарында 2 мың студент оқыды, оның 40,5%-ы қазақ жастары болды. 1934 ж. Қазақ мемлекеттік университеті мен Кен-металлургия институты ашылды. 1950 – 60 ж. Ақтөбе, Атырау, Тараз, Қостанай, Көкшетау, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Ақмола (қазіргі Астана) қалаларында педагогикалық институттар, Ақтөбе, Қарағанды, Семей, Ақмолада медициналық институттар, Алматыда халық шаруашылығы, Қарағандыда политехникалық және кооперативтік, Павлодарда индустриалдық, Өскеменде жол құрылысы, Ақмолада инжерлік құрылыс, Таразда гидромелиоративтік-құрылыс және технология институттары, 1972 ж. Қарағанды мемлекеттік университеті, Арқалық, Талдықорған педагогикалық институттары ашылды. 1986 – 87 оқу жылында Қазақстанда 55 Жоғары оқу орындарында 247 мыңнан астам студент оқыды.

Кеңес өкіметі жылдарында Жоғары оқу орындарын ректор, оның факультеттерін декан басқарды. Оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеушілік жұмыстарын кафедралар ұйымдастырды. Жоғары оқу орындарының немесе факультеттің атқаратын негізгі қызметіне орай тиісті шешім қабылдау үшін ректор немесе декан басқаратын ғылыми кеңес құрылды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстандағы Жоғары оқу орындарыдары елеулі құрылымдық өзгерістерге ұшырады. Республиканың жоспарлы экономикадан бас тартып, нарықтық экономика жолын таңдауына байланысты бұрыннан қалыптасқан Жоғары оқу орындарын қайта жасақтап, оларды басқаруды жетілдіру (ықшамдау, қосу, тарату) және соған орай әлеуметтік сұраныс пен талапқа жауап бере алатын сапалы мамандар даярлау қажеттілігі туындады. Сонымен қатар өзге меншік нысандары тәрізді Жоғары оқу орындарын да ішінара мемлекет иелігінен алу, жекешелендіру процесі жүргізілді, сондай-ақ көптеген мемлекеттік емес Жоғары оқу орындары құрылды.

1986 – 87 оқу жылында Қазақстанда 55 Жоғары оқу орындарында 247 мыңнан астам студент оқыды. Кеңес өкіметі жылдарында Жоғары оқу орындарын ректор, оның факультеттерін декан басқарды. Оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеушілік жұмыстарын кафедралар ұйымдастырды. Жоғары оқу орындарының немесе факультеттің атқаратын негізгі қызметіне орай тиісті шешім қабылдау үшін ректор немесе декан басқаратын ғылыми кеңес құрылды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстандағы Жоғары оқу орындарыдары елеулі құрылымдық өзгерістерге ұшырады.

2001 ж. 5 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 8 Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе берілді. Олар:1) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;2) Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;3) Қазақ ұлттық аграрлық университеті;4) Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті;5) С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті;6) Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы;7) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы;8) Қазақ ұлттық музыка академиясы.

Ерекше мәртебесі бар Жоғары оқу орындарына құрылымы мен құрамын жасақтап, еңбекақы тағайындауда, оқу, ғылыми және әдістемелік жұмыстарды жүргізуде, жоғары білім беру жүйесін дамытуда, ғылыми-педагогикалық кадрларға доцент және профессор ғылыми атағын тағайындауда, т.б. мәселелерде еркіндік беріледі. 2001 ж. 19 шілдеде 58 Жоғары оқу орындары мемлекеттік аккредитациялаудан өтті. Осы жылы мемлекеттік емес оқу орындарының саны 121-ге жетті.

Қазақстандағы Жоғары оқу орындарының 73% мемлекеттік емес оқу орындары. Жастардың Жоғары оқу орындарында оқып білім алуы үшін оқудың ақылы түрінен өзге грант және несие жүйесін ұйымдастыру қарастырылған. Жергілікті жерлердегі мамандарға сұранысты арнайы зерттеушілік теуден кейін жасалған қорытынды бойынша аса қажетті мамандықтарға грант пен несие бөлуде басымдылық беріліп, мемлекеттік бюджет тарапынан жыл сайын қаражат бөлінеді. Сынақ талаптары бойынша тестік көрсеткіштерден қажетті балл жинаған абитуриенттер Жоғары оқу орындарына қабылданады. 2000 – 2001 оқу жылында Қазақстандағы Жоғары оқу орындары студенттерінің саны 267447 болды.