Жетісу облысының музейлері by

Мәмбет ауылы, Көксу ауданы
Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар мектептің өлкетану мұражайы  2016-2017 оқу жылында ашылды. Оқу жылының басында мұражайдың жылдық жұмыс жоспары жасалынып, бекітілген. Жоспар бойынша мектеп мұғалімдері, оқушылар бірлесе отырып, зерттеу, деректер, экспонаттар жинау жұмыстарымен айналысады. Мұражайда мектеп ұжымының, ауыл тұрғындарының, оқушылардың көмегімен көне жәдігерлік бұйымдар,  атақты ауыл азаматтары туралы фотоальбомдар мен суреттер, құжаттар, кітаптар жинақталып, бағыттар бойынша орналастырылған. Өлкетану мұражайының ашылуына демеуші болған  ауыл азаматы, кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты Жанайдар Егінбаевтың сіңірген еңбегі зор. Өлкетану мұражайы 7 бағытты қамтиды:

1. Ауылымыздың көне тарихи ескерткіштері мен жергілікті жерлер туралы аңыздар, көне жәдігерлер.

2. Ауылдың тарихы, шаруашылығы және мәдениеті.

3. Ұлы Отан соғысы және тыл, еңбек ардагерлерінің ерлік, еңбек жолдары.

4. Ауған соғысы және тәжік-ауған соғысы ардагерлері туралы материалдар.

5. Ауылымыздың орналасқан жерінің макеттік көрінісі.

6.Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Жылқайдар Егінбаев,  Егінбаевтардың жанұясы туралы деректер.

7. Ардагер ұстаздар мен мектебімізден шыққан атақты адамдар, ғалымдар туралы құжаттар мен суреттер.

Мұражайда 315ке жуық фотосуреттер, 28 құнды кітаптар, 45көне жәдігер бұйымдар бар. Мектеп мұражайында сонымен қатар қыштан жасалған ыдыстар, кірпіштер, шойыннан жасалған қазандар мен көне үтік, жез құмған, көне домбыра,ошаққа арналған мосы, қамшы, ұршық, келі-келсап, ағаштан жасалған жіп иіретін станок  т.б. құнды, көне заттар орналастырылған. Мұражайдан Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлерінің ордендері мен медальдарын, жеке заттарын, фотоальбомдардан ардагер ұстаздардың еңбек жолдары туралы құнды суреттер мен деректерді көруге болады.  Мектеп оқушыларына жыл бойы, туған жердің тарихи жерлеріне, ескерткіштерге,  өлкетану мұражайына саяхаттар ұйымдастырылып, оқушылар ауыл тарихы, ауылымыздан шыққан атақты адамдардың ерлік және еңбек жолдары туралы құнды мағлұматтармен, дереккөздермен  таныстырылып отырады. Болашақта мұражай өз жұмысын жандандырып, құнды деректер мен экспонаттар қатары толықтырылады және жергілікті жеріміздің тарихымен танысып, зерттеу жұмыстарын жүргізуде оқушылардың қызығушылығы арта түседі деген сенімдеміз.

Алғабас орта мектебі, Алгабас, Көксу ауданы
Алғабас орта мектебі КММ де Ұлттық Отансүйгіштікке баулу кабинеті жұмыс 2029 жылды сәуір айына бастап жұмыс істеп келеді. Кабинеттің мақсаты Мектеп оқушыларын Отансүйгіштікке баулу ,еліне , жеріне қызмет жасаған тарихи тұлғалардың еңбегімен өмірі туралы мағлұмат беру болып табылады. Отансүйгіштік кабинетінде ардагер ұстаздардың өмір жолдары мен қызмет жолдары, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерліктері мен еңбек жолдарына байланысты бұрыштар орналасқан.

Отансүйгіштікке баулу кабинеті Алғабас ауылының азаматы Батыржан Нұрбекұлы Оңғаров 50 жылдық мерейтойының құрметіне байланысты ашылды. Ол, Киров ауданы, Алғабас ауылында 1959 жылы 1-мамыр күні дүниеге келді.1966 жылы мектеп табалдырығын аттап, 10-сыныпты аяқтағанға дейін  балалық шағын туған ауылында өткізді. Мектеп қабырғасында оқып жүріп, қоғамдық жұмыстарға белсене ат салысты. Спортпен шұғылданып «Спорт шебері» атанды. Мектепті бітіргеннен кейін алғашқы жұмысын Жамбыл қаласындағы  « Автотранспорт» мекемесінде слесерь мамандығынан бастады. 1977 жылы Алматы энергетикалық инстутына түсіп 1982 жылы аяқтап, Талдықорған қаласындағы « Казгостройпроект» инстутының филиалында инженерлік жұмыс атқарды. 1983-1984 жылдары Совет Армиясы қатарында әскери борышын өтеді. Осы кезден оның жастарды ұйымдастыру қабілеті айқын көрінді. 1984-1991 жылдары аудандық, облыстық комсомол ұйымдарында қызмет атқарды.1992 жылы наурыз айында Киров ауданы әкімшілігінің бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 1992 жылы тамыз айында жол апатынан дүниеден өтті. Еліне қызмет көрсете білген азаматты еске алу мақсатында туған күні аясында волейболдан аймақтық жарыстар ұйымдастырылып тұрады. Іс- шараларды ұйымдастырудың бас қасында жары, балалары және кезінде Батыржан ағамызбен бірге қызметтес болған азаматтар болады. Отансүйгіштікке баулу кабинеті жұмыс кестесі мен жоспары құрылған.

Өлкетану тарихы бойынша 2-11 сыныптарға арналған таныстыру жұмыстары бекітілген кесеге сәйкес өткізіліп тұрады. сәйкес 1-қыркүйек «Бәләм күніне» байланысты 4-сынып оқушыларымен саяхат шолужасалды.

Қабанбай
Музей - келешек ұрпаққа тәрбие беретін, халықтың өз тарихи тамырын танып білуінде зор қызмет атқаратын бірден - бір мекеме. Өйткені, тек музейде ғана халықтың әр замандағы тұрмыс - тіршілігінің заттай айғақтары жиналып сақталады. Музейдің басты міндеті - ұрпақтар сабақтастығы жолында өткен мен келешекті жалғастырып, материалдық және рухани байлықтарды жинақтау, сақтау, ғылыми тұрғыда сараптап, құжаттау. Бүгін де, болашақта да музейдің атқарар жұмысы әлі де көп.

Қаракерей Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейі 1991 жылы өз жұмысын бастады. Халық батыры, талантты қолбасшы, дарабоз батыр Қаракерей Қабанбайдың туғанына 300 жыл толуына орай мерейтойы республика көлемінде аталды. Соның бірі Алакөл ауданының Үйгентас жерінде ұлан асыр той болды. Батыр есімі бұрынғы Андреев ауылына және сол жылы ашылған тарихи - өлкетану музейіне берілді. Содан бері Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейі жылдан-жылға көркейіп, жәдігерлермен толып, мәдени құндылықтарды сақтап, көпшілік назарына ұсынылып, қызмет атқарып келеді.

Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейі, Халық депутаттарының Андреев аудандық Кеңесінің атқару комитетінің 1988 жылғы 29 наурыздағы «Дайын тұрған ғимаратты тарихи-өлкетану музейі ретінде ашуға құрылыс бастау» туралы  №121 Шешім қабылданды. Құрылыс 1990 жылы қазан айында басталып, 1991 жылы Тарихи-этнографиялық музейі болып жұмыс істей бастады. 1993 жылы Қаракерей Қабанбай батыр есімі берілді. Алғашқы құрылған музей аймақтың тарихи ескерткіштері, табиғаты, еңбеккерлері, ата-баба қолданған бұйымдары деген бөлімдерден тұрды.

Музей ғимараты 1991 ж.

Қабанбай ауылындағы музейлік құнды дүниелерді жинап, сақтап, жас ұрпаққа насихаттап отырған тағылымы мол орынның тарихы тереңде жатыр. Музейге кіре берісте оң қанат, сол қанат болып екіге бөлінетін екі басы бар. Сол қанатта орналасқан үй  Лепсі уезінің бай көпесінің үйі болған. 1935 жылы бай-шонжарларды тәркілегенде үйін бұзып алып, осы жерге орналастырған. Оң қанатта орналасқан үй Қызыл әскер штабының үйі. Екеуі де бөрене ағашынан салынған. Екі үйді қосып тұрған ортадағы кең зал қызыл кірпіштен салынған. Осы тарихи орындарды сақтай отырып, аудан тұрғындарының сұрауы бойынша 1990 жылы музей құрылып, 1991 жылы тарихи - өлкетану атауы, 1993 жылы Қабанбай батырдың есімі берілді.

Музей ғимараты 2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өткізіліп,  2011 жылы безендіру жұмыстары жасалған.  2022 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, оған 20 000 000 тг бөлінді. 2024 жылдың аяғында көркемдік-безендіру жұмыстары басталып, аяқталуға шақ қалды. Қазіргі кезде музейде 7 зал  бар.  Музейдің жалпы көлемі 518,1 шаршы метрді құрайды, соның ішінде экспозиция көлемі - 330,2 шаршы метр. Музейге жылына 2 мыңға жуық адам келеді.

Лепсинск, Жетысуская область
«Лепсинский исторический» музей был создан на основе школьного музея Лепсинской СШ решением акимата Алакольского района № 253 от 24.09.2019 года и постановлением акима Алматинской области А.Г.Баталова №12 от 13.01.2020 года. Приказом №78-п от 20 августа 2020 года  преобразован в филиал ГККП « Алматинский областной историко-краеведческий  музей им. М. Тынышпаева»

Лепсинский исторический музей находится по адресу Алакольский район, с.Лепсинск,ул Ч.Валиханова, 34 .  Общая площадь территории музея – 1732,18 кв.м.  Здание одноэтажное,1980 года постройки, площадью 269,5 кв.м. Площадь экспозиции – 174,54 кв.м.

Первоначально, до 1997 года, здание использовалось как магазин промышленных товаров, с 2000 по 2017 год – как сельская мечеть. После ремонта в 2018-2019 году в здание были перенесены все музейные предметы со школьного музея, хранителем которого с 1988 года был учитель истории Хайбулин Мухарам Минтаевич.

Большую организаторскую работу по созданию музея «История Лепсинска» провел наш земляк, предприниматель-меценат  Оспанов Бауржан Кенесбекович.Им также были подарены исторические раритеты времён Гражданской войны,при его финансировании была создана группа искателей,которые побывали в местах,где воевал и погиб дедушка господина Оспанова Б.К..  Был собран большой фактический материал, сейчас подаренный в фонд нашего музея.

Торжественное открытие Лепсинского исторического музея произошло 26 октября 2021 года. Тематика экспонатов охватывает сферы краеведения,развития экономики региона,культуры и искусства народов. На сегодняшний день фонды музея насчитывают 993 экспонатов. из них в основном фонде - 461, во вспомогательном фонде - 522 единиц хранения.

Музейная экспозиция состоит из 3 залов:

1.Основной зал №1. Включает разделы:

- «Древняя, средневековая и новая история края»

- «История города Лепсинска»

2.Зал №2. «Этнография казахского народа»

3.Зал №3. Включает разделы

- «Коллекции»

- «Быт и культура славянского и татарского народов»

- «Великая Отечественная война»

- «Независимый Казахстан»

В экспозициях выставлено 850 экспонатов.

Экскурсия по музею начинается с общей характеристики древнего мира: эпохи камня, бронзы и раннего железа. Здесь показаны каменная зернотёрка, бронзовые удила, разнообразные наконечники стрел саков раннего железного века.

В этом же зале широко представлена история нашего края XIX-XX вв. Царской Россией 11 июля 1867 года было утверждено «Временное положение об управлении Семиреченской и Сырдарьинской областями». Тогда же был создан Сергиопольский уезд. С 1870 года станица Верх-Лепсинская фактически являлась центром Сергиопольского уезда, куда из Сергиополя были переведены все государственные учреждения, а в 1880(3) году стала городом и официальным центром Сергиопольского уезда. С 1891 года(фактически с 1893) уезд переименовали в Лепсинский уезд. Согласно адрес-календарю служащих Семиреченской области за 1901 год Лепсинский уезд состоял из 18 волостей. Основная масса казахов Лепсинского уезда принадлежала к казахам Среднего жуза. Это представители племени найман, родов каракерей (163 общины), садыр (49 общин), тортуул и матай (30 общин). В числе последних были отдельные хозяйства Старшего жуза.

В 1913 году в Лепсинском уезде было 22 мельницы, а также крупные винокуренный и кирпичные заводы предпринимателей Никиты Пугасова и Абильхана Кульбаева. Кирпичи, изготовленные более века назад, по сей день не утратили своей прочности. Их изготавливали по специальной технологии, а затем обжигали в специальных печах. В музее есть витрина ,где размещены предметы отражающие производство и быт XIX-XX .

Советская власть была объявлена в Лепсинске 14 марта 1918 года, а окончательно утвердилась только весной 1920 года.В годы Гражданской войны в Лепсинске располагался штаб атамана Дутова А.И.,на территории Лепсинского уезда размещалась дивизия атамана Анненкова Б.В, в составе которой были три Казахских конных полка Алаш-Орды. В музее выставлены оружие, военная форма, деньги и документы этого периода. Лепсинский уезд был включен в состав Жетысуской губернии КАССР в связи с преобразованием Семиреченской области в 1924 году и просуществовал до 17 января 1928 года. Статус центра Лепсинского района был окончательно утерян в январе 1935 года, а в 1936 году город Лепсинск и станица Лепсинская были объединены в село Лепсинск Саркандского района.

Большую роль Лепсинск сыграл в развитие образования нашего края. В конце XIX-начале XX века в городе Лепсинск действовал церковно-приходская, высшая начальная школа, татарская школа при мечети. Семилетняя школа была открыта с 1930-х годов и ей было присвоено звание образцовой школы. В 1933 году в Лепсинске работало педагогическое училище, а с в 1953 году был открыт библиотечный техникум. Первые выпускники десятилетки закончили учебу в 1951 году. За выдающиеся достижения в воспитании будущего поколения школа носила имя русского педагога К. Д. Ушинского. В витрине «Образование» выставлены оригиналы дипломов, личные вещи и произведения выпускников Ануара Алимжанова,Курмангалиева Зинады,Поповой Зои Ивановны.

История нашего края насчитывает несколько веков. Удивительная природа, богатый растительный и животный мир с древних времен привлекали сюда людей. Экспозиция второго зала раскрывает тему "Культура и быт казахского народа". Казахи издавна умели обрабатывать шкуры, валять войлок, красить их, умело владели техникой вышивки и тиснения кожи, обрабатывали различные металлы и другие материалы.

Одним из видов декоративного искусства является ювелирное искусство. Ювелирные изделия из фондов Лепсинского исторического музея отличаются разнообразием и качеством. Красиво и торжественно смотрятся браслеты, застежки, шолпы, амулеты, кольца, выполненные с уникальными особенностями. В экспозиции выставлены на всеобщее обозрение необходимые для кочевого животноводства предметы: седла, упряжь, камча, железные путы, различные инструменты.

В третьем зале представлены сведения о политических репрессиях в 1937-1938гг. В экспозиции, посвященной годам Великой Отечественной войны, представлены фотографии, письма воинов, принявших участие на фронте из нашего региона, награды ветеранов Великой Отечественной войны, предметы, найденные непосредственно на полях сражений.

Также в этом   зале оформлены витрины, посвященные культуре русского и татарского народов. За годы независимости в Лепсинске были открыты филиал Жонгар-Алатауского национального парка, интернат для одаренных в спорте детей, цех по расфасовке лепсинского меда. Эти события нашли отражение в экспозициях музея. Одна из витрин посвящена Омарову Сержану Бостановичу- мастеру спорта Республики Казахстан, бронзовому призеру молодежного чемпионата мира по борьбе самбо.

Экспозицию этого зала заканчивают две витрины, посвященные развитию пчеловодства в конце ХХ и начале ХХI века, где представлены материалы, связанные с деятельностью известного пчеловода Кудеева Ивана Ивановича и образцы продукции медового завода «Лепсинск өнімі». Завершается экскурсия коллажем, посвященным Государственным символам  Республики Казахстан.

Посетителями Музея за эти годы стали 7641 человек,некоторые оставили свои впечеаления в книге записей посетителей музея.  Среди них депутаты Парламента Республики Казахстан: Алтынбаев Мухтар Капашевич, Абсеметова Алия Маратовна, Жаңбыршин Әділ Терекбайұлы, Берик Абдыгалиулы; государственные и общественные деятели -

Бозумбаев Канат Алдабергенович, Мухтар Жакишев.В разное время

Лепсинский исторический музей посетили видные казахстанские ученые, археолог Толеубаев Абдеш Ташкенович, журналист из Великобритании Ник Филдинг, журналист-исследователь Кажет Андас, композитор и общественный деятель Ринат Абдухаликов, потомки Токмерген-Токболата из Чимкента,потомки Касабай батыра из Алматы,Аягуза и Уч-Арала,потомки основателей Лепсинска,туристы из США, Швейцарии, России, Узбекистана, Киргизии, Украины.

Ақсу, Жетысуская область
«Өткенді білмей болашақты болжау мүмкін емес». Шынайы ел тарихын білу арқылы тарихи сана бекиді, тарихи сана арқылы ұлттық сана қалыптасады. Бұл түптеп келгенде тәуелсіздігіңіздің баянды болуының кепілі.

Тарихымызды танып, өткенімізді білуде музей ерекше орын алады. Музей төріндегі құнды жәдігерлер бағзы замандағы бабалар рухын танытып, ұлы даланың ұлағатын алдымызға тартады.
Музей – өткен уақытпен жүздесе отырып, бүгінгі өмірге тарих парасатымен қарайтын орын. Бұл ғасырлар таңбасы мен табы қалған жәдігерліктер мен заттарға ой көзімен қараудың, заманалар айнасына қарап ел мен елдік жолын пайымдаудың айрықша мүмкіндігі дер едік.
Музей - ғылыми, мәдени-тарихи орталық. Музейлер - бірнеше дәуірдің тарихын, этнографиясын, тарихи тұлғаларын, өнерін жинақы түрде ұрпақтан ұрпаққа жалғап отыратын институт. Сонымен қатар ол жинақталған мұраны ғылыми түрде зерттеп, зерделеп, халықтың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін танытып отырады.

Мұражайлар тек ескі дүниелердің көрмесі емес, ол- халық қазынасын сақтайтын, тарих қойнауынан сыр шертетін ұлағатты орын.

Күн сайын қарасы көбейіп, бой көтерген мұражайлар ісі, тарихи құндылығымен ерекшеленеді, өткенге ақиқат, болашаққа мақтаныш, тарих пен танымның қайнар көзі.

Осындай   бір  музей   Ақсу ауданына қарасты  Ақсу  елді  мекенінде  орналасқан.  Бұл   Ақсу  өңірінің  ақиық  ақыны, жерлесіміз  Ілияс  Жансүгіровтың  100  жылдық  мерейтойына  орай  1994  жылғы  маусымның  8-ші  жұлдызында  көрермен  көпшілікке  есігі айқара  ашылып, лентасы  қиылды.

Қазіргі таңда музей орналасқан ғимараттың өзі Ақсу ауданының тарихи  ескерткіштерінің бірі болып саналады.Олай дейтін себебіміз, еліміздің хат танып, өсіп -өнуіне, мәдениетінің дамуына үлкен үлесін қосқан, есімдері аңызға айналған Маман ұрпақтары салған Жетісу жеріндегі алғашқы ұлттық, дүниетанымдық мектептерінің бірі «Мамания» мектебінің Қарағаштан көшіріліп әкелінген ағаштарынан салынған. Бұл ғимарат тарихи ескерткіш ретінде мемлекет қорғауында. Көп жылдар мектеп интернаты, құрлыс техникумының оқу сыныптары болған. Ғимараттың қайта жөндеуден өткізіліп музей болып қалыптасуына Ақсу ауданына белгілі  Серікбек Серпербаев пен Амантай Зияданов сынды ел ағаларының еңбегі өте зор. Сонымен қатар белгілі ұстаз Кеңсаба Омаров музей мұрағаттарын жинауға  көп еңбек сіңірді және алғашқы директоры болды.

Музей экспозициясы келушілерді Ақсу ауданының тарихымен, табиғатымен, сондай-ақ тұрмыстық заттар және сол өңірден шыққан белгілі тарихи тұлғалардың:атақты батырлар, билер, ақындар, жазушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің өмір жолымен таныстырады.

Музей экспозициясы 6 экспозициялық залдардан тұрады. Олар:

- Табиғат залы.

- «Көне, ортағасырлық және Қазақ хандығы тұсындағы тарих» залы

- Этнография залы.

- «ХІХ ғасырдың ІІ-жартысындағы тарих залы

- «Поэзия құлагері – Ілияс Жансүгіров» залы

- Кеңес дәуірі жылдарындағы өлке тарихы залы.

Қазіргі таңда Жетісу облысының  «М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінің» МКҚК-нің филиалы болып табылады.

Музей ғимараты Ақсу ауданы, Ақсу ауылы Н.Әмірғалиев көшесі № 1 үйде орналасқан. Музей ауласының жалпы ауданы - 1206 шаршы метрді құрайды.

Құрлыс ауданы: 344,7 шаршы метр.

Экспозициялық залдардың жалпы ауданы – 280,5 шаршы метр.

Музей қорында 945 тарихи маңызы бар материалдар бар. Оның  ішінде 429– негізгі қорды, 516 – көмекші қорды құрайды.

Каратал, Жетысуская область
Мекеменің атауы

«Қаратал аудандық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Құрылған мерзімі

Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы  16 тамыздағы № 256 бұйрығына сәйкес «Қаратал аудандық тарихи-өлкетану музейі» ретінде құрылды.

Музейдің жалпы сипаттамасы

Музей ғимараты 2022-2023 жылдар аралығында салынған.

Музейдің жалпы көлемі 2520 шаршы метрді құрайды. Соның ішінде:

- Экспозиция көлемі - 669 кв.м. болса,

1. «Қаратал ауданының флорасы мен фаунасы» залы -127 м2

2. «Археология» залы - 120 м2

3.  «Этнография» бөлімі – 129 м2

4. «Қазақ хандығы» бөлімі – 83 м2

5. «1868-1941жж. Қаратал ауданының тарихы»  бөлімі – 70 м2

6. «Ұлы Отан соғысы жылдардағы тарих» бөілімі – 36  м2

7. «1945-1991 жылдардағы Қаратал ауданының тарихы» бөлімі – 50 м2

8. «Жазушы Кемел Тоқаев» бөлімі – 41 м2

9. «Аудан мақтаныштары» бөлімі – 45 м2

Экспонат саны: шамамен 350-ге жуық (жинау жұмыстары жалғасуда).

Музей бөлімдері:

І-ші қабат 2 залдан тұрады:

1. «Қаратал ауданының флорасы мен фаунасы» бөлімі;

2. «Археология» бөлімі;

І  ІІ-ші қабат 7 бөлімнен тұрады:

3. «Этнография» бөлімі;

4. «Қазақ хандығы» бөлімі;

5. «1868-1941жж. Қаратал ауданының тарихы» бөлімі;

6. «Ұлы Отан соғысы» бөлімі;

7. «1945-1991 жылдардағы Қаратал ауданының тарихы» бөлімі;

8. «Жазушы Кемел Тоқаев» бөлімі;

9. «Аудан мақтаныштары» бөлімі;

Музейдің ашылуы

2023 жылдың қазан айы

Меншік нысаны

Мемлекеттік

Жобалық қуаттылығы

1 топ экскурсия 25-30 адамнан құралады.  Бір мезгілде 120-130 адамға дейін қабылдай алады.

Даму перспективалары

Заманауи мультимедиялық және цифрлық технологияларды пайдалана отырып, Қаратал ауданының тарихы негізінде ауданның бірегейлігін, өлкетану мен ауданның мыңжылдық тарихынан қазіргі заманға дейінгі кезеңдерді хронологиялық-дәйекті ашып көрсете отырып, сан алуан тақырыптағы көрмелер, мәдени ағарту іс-шаралар ұйымдастыру. Музей саласы бойынша жаңа даму жолдарын іздестіру.

Музей экспозицияларын, артефактілер мен жәдігерлерді толық ашу үшін заманауи мультимедиялық ақпараттық технологиялар барынша пайдаланылды.

Орналасқан жері

Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Қонаев к-сі, 7а үй

Музей өз қызметін бес бағыт бойынша атқарады:

1. Ғылыми-зерттеу және жинау жұмысы.

2. Ғылыми-қор жұмысы.

3. Ғылыми-экспозициялық жұмысы.

4. Көпшілік-ағарту жұмысы.

5. Баспасөз жұмысы

Музей қорына жинау жұмыстары барысында ауданның табиғи байлықтары, флорасы мен фаунасы туралы, археологиялық құндылықтар, қазақ халқының тұрмыстық заттары, қолданбалы өнер туындылары,  ауданнан шыққан белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, тарихи оқиғалар жайлы материалдар жинақталуда. Сонымен қатар Ұлы Отан, Ауған соғысының ардагерлері, депортацияланған халықтар, ауылшаруашылығының дамуына күш салып, тер төккен еңбеккерлер және аудан мақтаныштарының жеке заттары, құжаттары таптырмас музейлі құндылық болып есептеледі.

Жаркент
«Жауынгерлік Даңқ» музейі Алматы  облысы әкімінің 2011 жылдың 25-ші қаңтарындағы №19 қаулысы негізінде ашылды. Ғимараттың іргетасы  1963 жылдары қаланған.  Қазіргі таңда Жетісу  облысының  2019 жылғы 03 қаңтардағы № 01/1 қаулысына сәйкес, Жетісу обылыстық «Мұхамеджан Тынышбайұлы  атындағы тарихи-өлкетану музейінің» филиалы           «Жауынгерлік Даңқ» музейі  болып қайта тіркелді.

Музейдің жалпы ауданы - 291.7 шаршы метр.  Музейлік маңызы бар     экспонаттардың жалпы қоры – 770  дана, оның 187-сы негізгі қорды құраса, көмекші қорда–583 дана.  Музей 4 - экспозициялық залдар мен мазмұнына қарай бір бөлімнен тұрады.

Музей бөлімдері:

1 зал – «Көне заман тарихы»

ІІ зал – Қазақ хандығы және Ұлт-азаттық күрес қаһармандары

III зал – Екінші Дүниежүзілік соғысы кезеңі (1941-1945ж.ж.)

ІV зал – Интернационалист жауынгерлер (1979-1989 ж.ж.) және Тәуелсіздік батырлары

Музейдің әр залы – ата – бабаларымыздың Отан қорғаудағы жанқиярлық өшпес ерліктері мен қазақ сарбаздарының қару-жарағы түрлері және олардың түрлі соғыс тәсілдері мен ауданымыздың, еліміздің тарихын хронологиялық түрде бейнелейді.

- Көне заман тарихы залы – Қазақ жерінде адамзат өркениетінің алғашқы кезеңдерінен бастап Түркі қағанаты дәуіріне дейінгі тарихын қамтитын маңызды экспозициялық бөлім. Бұл залда археологиялық қазбалардан табылған тастан жасалған тұрмыстық құралдар, қыштан жасалған ыдыстар, қару-жарақтар және қазақ батырларының жекпе-жек шайқасының диорамасы;

- Сақ, Ғұн, Түрік заманын бейнелейтін сурет-графикалық кескіндер, карталар және көне заман жәдігерлері;

- Қазақ хандығы және Ұлт-азаттық күрес қаһармандары залы - Қазақ хандығының құрылуы, қазақ халқының қалыптасуы Қазақ-Жоңғар соғыстары, халық батырлары және «Орбұлақ  шайқасы» мен Кенесары Қасымұлы бейнеленген диорамалар, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс бейнеленген;

- Екінші Дүниежүзілік соғысы кезеңі (1941-1945ж.ж.) залы - Ұлы Отан соғысына қатысты сурет-графикалық кескіндер, коллаждар және Тула, Севастополь, Курск тағы басқа қалалардың «Бауырластар зиратынан» әкелінген топырақтар;

- Снаряд сынықтары, оқ гильзалары, әскери байланыс құралдары тағы басқа да соғысқа қатысты орден, медальдар т.б.;

- Интернационалист жауынгерлер (1979-1989 ж.ж.) және Тәуелсіздік батырлары залы – Ауған соғысы мен Желтоқсан оқиғасының құрбандарына арналған коллаждар, Ауған соғысына қатысты байланыс құралдары, қыршын кеткен боздақтарымызға арналған кітап, жауынгер бас киімдері, соғыста қаза тапқан жерлес батырларымыздың киімдері;

- Желтоқсан оқиғасында қаза тапқан Лаззат Асанова мен Ербол Сыпатаевтың жеке заттары. Оның ішінде киген киімдері, пайдаланған заттары;

Мекеме қызметкерлері музей қорын тарихи құндылығы жоғары, шежірелік мәні - маңызы бар заттармен толықтырумен қатар Қазақ және Қазақстан халықтарының әскери өнері, ерлік істері мен қару-жарақтарын жан-жақты насихаттауды да табысты жүзеге асыруда.

Байланыстар:

Мекен-жайымыз: Жетісу облысы, Панфилов ауданы,

Жаркент қаласы, Ә. Қастеев көшесі №12.

Тел: 8(72843) 58646

E-mail:       zharkentvoinslav@mail.ru

Талдыкорган
«М. Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК экспозициясы бойынша экскурсиялық текст

1. Кіріспе

2. «Жетісу табиғаты» залы

3. «Жетісудың көне және ортағасырлық тарихы» залы

4. «Қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысы және Жетісу патшалық Ресей тұсында» залы

5. «Жетісу Кеңес дәуірі кезінде»  бөлімі

6. «Тәуелсіз Қазақстан» бөлімі

Көне Жетісу жерінде орналасқан Алматы облысы – жер бетіндегі сұлулыққа жайбарақат қарамайтын, оның сырын білуге құмартатын адамдар үшін нағыз жер жаннаты. Бұрын Жоңғар Алатауы мен Балқаш көлі аралығы Жетісу деп аталған болса, бүгінгі күндері Ұлыбритания толығымен сыйып кететін Алматы облысы жері Жетісу деп аталады. Қайталанбайтын сан алуан ландшафтарымен кез-келген елден асып түсетін әсем Алматы төңірегінің сұлулығы мен еш жерде кездесе бермейтін табиғаттың тылсым сұлулығын танып, зерттеуге адам өмірі жете бермес. Көк тіреген шыңдары, Солтүстік Тянь-Шаньның алып таулары, Қазақстандағы ең биік Хан Тәңірің шыңы – облыс мақтанышы. Тіп-тік шың-құздары мен Іле және Жоңғар Алатауының басындағы мұздақтары тәкаппар сұлулығымен табындырады. Биік тау басында інжу-маржандай тізілген көлдер тізбегі, олардың ішіндегі Көлсай көлдері ерекше орын алады.

Облыс аумағындағы ұшы-қиыры жоқ кең-байтақ дала мен шөл дала да көз тартар сиқыры мен кереметтігі жағынан таулы табиғатқа есесін жібермейді. Сан алуан флорасымен, фаунасымен құбыла түрленіп, сан түрлі түсімен қызықтыра түседі. Шарын өзені шатқалының қиялға бергісіз бейнелері ерекше көңіл аударады. Шөл даланы Жетісудағы ең ірі Іле өзені жарып өтіп, Балқашқа келіп құяды. Іле өзенінің орасан үлкен атырауы мен Балқаштың оңтүстік жағалауын мыңдаған көлдер мекені деуге болады. Адматы облысындағы Алакөл көлі шетсіз, шексіз кеңістігімен құстардың құтты мекеніне айналған.

Музей – мәдени мекеме. Ол өткен тарихымыз бен қазіргі тарихымызды, материалды, рухани құндылықтармызды жинақтап сақтайтын, жиналған құжаттар мен жәдігерлерімізді зерделеп, зерттейтін, оны келешек ұрпаққа жеткізетін, тәлім-тәрбие беретін әлеуметтік орын. Ғасырлар қойнауынан сыр шертетін, Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі 1974 жылы құрылған, ал 1993 жылы ұжымның сұрауымен осы өлкенің түлегі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақтың тұңғыш теміржолшы-инженері әрі тарихшы ғалым Мұхаметжан Тынышпаевтың есімі берілген болатын. Музейдің ең басты міндеті – Жетісу өлкесінің сұлу табиғаты, көне, ортағасырлық, Кеңес дәуірі кезіндегі, тәуелсіздік алғаннан кейінгі тарихы, халқының тұрмыс-тіршілігі, өркениетті мәдениетімен жастарды, жергілікті халықты, қала қонақтарын таныстыру.

Әр мұражай сол өңірдің географиялық орны, табиғат жағдайы туралы жалпы мәлімет беретін картадан басталады. Алдарыңызда Алматы облысының картасы.

Алматы облысы республикамыздың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Жер көлемі 224 мың шаршы шақырым. Қазақстан Республикасының 9 пайыздан аса бөлігін алып жатыр. Тұрғындар саны 1000600 ге жуық. Батысында  - Жамбыл, шығысында – Қытаймен, солтүстігінде Балқаш көлі арқылы – Қарағанды, оңтүстігінде – Қырғызстанмен шектеседі. Батыстан шығысқа қарай-700 км-ге, оңтүстіктен солтүстікке қарай 500 км-ге созылып жатыр. Облыс құрамына 3 қала (Қапшағай, Талдықорған, Текелі), 16 әкімшілік-аумақтық бөлініс (Ақсу, Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Ескелді, Жамбыл, Қарасай, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Райымбек, Сарқант, Талғар, Ұйғыр, Іле), аудандық бағыныстағы 7 қала (Есік, Жаркент, Қаскелең, Сарқант, Талғар, Үшарал, Үштөбе) кіреді. Елбасы Н. Ә Назарбаевтың жарлығымен 2001 жылы 14 сәуірде облыс орталығы Тадықорған қаласы болып жарияланды. Талдықорған қаласы республиканың оңтүстік – шығысында, Жоңғар Алатауының батыс жағында, Қаратал өзенінің жағалауында орналасқан. Жер көлемі 82333 гектар. Қала 70 ұлттың өкілдерінен құралған. Тұрғындар саны 141 мыңға жуық. Қалада Орталық Азия, Ресей мемлекеттеріне шығуға мүмкіндік беретін аэропорт, теміржол станциялар бар. Мемлекеттік және облыстық маңызы бар автомобиль жолдары торапының арқасында қала Қазақстанның басқа да қалаларымен, Орталық Азия, Ресей және Қытай мемлекеттерімен байланыса алады. Білім, мәдениет, Туризм орталығы және халықаралық, өңіраралық өндірістік қызмет көрсету орталығы ретінде аса маңызды қалалардың бірі. Қалада 4 жоғарғы оқу орны, 12 орта кәсіби білім мекемелері және жалпы білім беретін 25 мекеме жұмыс жасайды. Сондай-ақ қалада мәдени ошақтар: драма театры, филармония, мұражайлар, мәдениет және демалыс парктері, кітапханалар мен кинотеатрлар, спорт кешендері, аквапарк және ипподром бар.

Палеонтологиялық зерттеулер нәтижесінде, яғни қазбалардан табылған өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын тани отырып, ғалымдар биосфераның негізгі пайда болу жолдарын анықтады. Ғалымдар жердің және сондағы тіршіліктің даму тарихын басты-басты  бес эраға, ал эраларды дәуірлерге, кезеңдерге бөлді.

Талдыкорган
І.Жансүгіров әдеби музейінің залдар бойынша ересектерге арналған экскурсиялық мәтіні

Ілияс Жансүгіров дүлдүл ақын, эпик, жан-жақты өнер иесі, драматург, жазушы, сатирик, фельетоншы, аудармашы, қоғам қайраткері.

Музей кіреберісінде дәлізде І. Жансүгіровтің бюсті орналасқан. Авторы: Төлеген Досмағамбетов.

Бюсттің екі жағында Құлагер поэмасынан алынған үзінді:

Халқымның қуанышты бұлбұлымын,

Жұртымның жүйрігінің дүлділімін.

Көтеріп көптің көңілін күнде шауып,

Жүлде алар жұма сайын туды күнім.- және

Мен өзім тауда туып, тасында өстім,

Жасымнан мұз төсеніп, қарды кештім –деген өлең шумақтары жазылған.

Ең алғаш музей ғимаратының тарихымен танысамыз.  Музей    үйі  1905-1907  жылдары  салынған. 1918  жылдан  1976  жылға    дейін  Кеңес  үкіметінің   әр  түрлі  мекемелері  ретінде  пайдаланылған. Облыстық  «Қосшы» одағының   уездік  бөлімі, облыстық «Октябрь  Туы»  газетінің  редакциясы, ауылшаруашылық  мал ұрықтандыру лабараториясы, 1976-1980 жылдары облыстық  өлкетану    музейі  болған.

Қазақтың  алып  тұлғалы, ақиық  ақыны  І.Жансүгіровтің  әдеби  музейі  1984  жылы  мамыр  айында  90  жылдық  торқалы  той  қарсаңында  ашылды. 2003  жылы  облыс  орталығы  Талдықорған  қаласына  келгеннен  кейін, қоғамдық  ұйымдардың  тілегі  бойынша, музей  үйі  кеңейтілді. Қосымша  жәдігерлер  қорын  сақтайтын   бөлме, кітапхана, мәжіліс  залы  салынды.

Музейдің  жалпы  көлемі – 268  шаршы  метр, экспонаттардың    жалпы  саны – 6093. Үй сәулет  өнерінің ХІХ – ғасырдағы  үлгісі  ретінде    мемлекеттік  қорғауға  алынған.

Жәдігерлердің  орналасу    тәртібі.

Дәліздің  оң  жақ  қабырғасында  90  жылдық  мерейтойдың  құрметті  меймандары  Қазақстан коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші секретары Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев  пен  сол кездегі Қазақ ССР Министрлер кеңесінің төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың  ақын  музейінің ашылу салтанатына келу барысында түскен фотосуреті, қонақтардың  қолтаңбасы  қазақ, орыс  тілдерінде  жазылған.

Қарама-қарсы  қабырғада  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың «Халқының елдігіне, рухына қажет мәдени қазынаны жаратқан алып тұлға арыстарымыз бен асылдарымыздың қатарында біз бүгін Ілияс Жансүгіров есімін ерекше атаймыз. Оның ұлан-ғайыр шығармашылығы - өнер алды - қызыл   тіл  деп  сөз өнерін қадірлеп өнерпазын қастерлеген текті жұрттың поэтикалық дәстүрінен күш серпін алған аса бір дарынды, терең де нұрлы ағыс болып көрініс береді»  деп  баға  берді.

Келесі  жәдігер  І.Жансүгіровтің 1924  жылы  10 қыркүйекте араб  және  латын  әріптерімен  жазған  өмірдерегі. Бұл жерде қаламгер ақын: «Мен 1894 жылы Қапал оязы, Ақсу болысы 4- ауылда тудым. Әкем – еңбекші, дихан. 17 жасқа келгенше ауыл жалшысы болып, қойшы- малшы, диқаншы болып жүрдім. Бірақ бұл жастық арасында өз талабыммен тырысып, хат танып, оқуға құмарлана бастадым.

1917 жылы өз даярлығым арқасында ауылдық мектепті (Қарағаштағы) бітірдім. 17- жылдан 19- жылға шейін гражданский соғысы уағында тағы оқи алмай, баяғы диқаншылықта, қара жұмыспен болдым.

1920 жылдың басында Ташкентке оқуға кетіп, қазақ-қырғыз институтының екі жылдық курсіне кіріп, оқи бастадым. Мұнымен қатар осы оқып жүрген уақытта «Ақ жол» газетіне корректор болып кіріп, типография жұмысшылары арасында газет жұмысына лайықтандым.

1921 жылдың жазында (кірген) курсы бітіріп, Жетісуға келіп, Талдықорған оязы, Белтоған мектебінде ауылдық мұғалім болдым. Сол жылы ұйымдастырылған «жарлы-жалшы» ұйымына кіріп, жалшылар арасында істей бастадым.

1923 жылдың басында облыстық «Қосшы» комитетінің шақыртуымен Алматыға келіп, Обком қосшыда қызметте болдым. Осы күнге дейін Қосшы басқармасында қызмет қылып келе жатырмын.

Осы жылдың 23. 2- інде Алматыдағы қазақ-қырғыз иститутына басқарушылық міндеті жүктеліп тұр.

Қазір жасым  30-да.

Бір үйде екі баспыз. Мал мүліктен түк жоқ. 21 – жылдан Қосшыданмын, бұл күнде Алматыға жашейка «ячейка» қосшысында мүшедемін.

1922 жылдан бастап кәсіпшілер Одағындамын. 4 –жылдай еңбекшілер кеңесі баспасында жұмыс қылып келем. Менің қызмет жайыммен Алматыдағы жергілікті жауапты қызметкерлер таныс».

Саркандский район
Жер жаннаты Жетісу өңірінің шұрайлы жерлерінің бірі болып есептелетін Сарқан ауданы 1928 шаңырақ көтерді. Сарқан ауданы Жетісу облысының орталық бөлігінде орналасқан. Солтүстігінде Шығыс Қазақстан облысымен, шығысында Алакөл ауданымен, Оңтүстігінде Ақсу ауданы және Қытаймен, батысында Ақсу ауданымен шектеседі. Ауданның әкімшілік орталығы болып Сарқан қаласы табылады, ол Алматы Өскемен автожолының 416 шақырымында (Алматы қаласынан) орналасқан. ХІІ ғасырдың 50-ші жылдары, Француз монахы Гильом  де Рубурктың «Шығыс елдеріне саяхат»  атты еңбегінің арқасында европалықтар алғаш рет Қойлық қалашығы туралы білді. Аудан орталығы болып есептелетін Сарқан қаласының тарихы жайлы алғашқы мәліметтер Ш. Уәлиханов пен Н.П. Ивлевтің 1857 жылғы жазбаларында кездеседі. 1872 жылы мектеп ашылған. Бұл кезде аймақта дәнді дақылдар (бидай, қара бидай, сұлы ), жем-шөптік дақылдар (жоңышқа) өсірумен айналыса бастаған еді. Сонымен қатар омарташылық да жақсы дами бастады. оның құрамына Черкасск болысы мен Лепсі уезі енді. 1929 жылы аудан аумағында алғашқы болып Тополевка ауылында «Красный путиловец », Сарқан селосында «Красный октябрь » колхоздары құрылды.

1929-1935 жылдары ауданда 35 артель болды. 1930 жылы аудан таратылып, Ақсу және Лепсі аудандарына берілді. 1933 жылы 1-наурызда «Путь Ленина» атты аудандық газет шықты. 1935 жылы Сарқан ауданы қайта құрылды. 1934 жылы алғашқы машина-трактор станциялары жұмыс істеді. 1935 жылы ауданда 14 мектеп болды. Оның ішінде 2 орта, 2 жеті жылдық , 10 бастауыш мектеп барлығы 530 оқушыға дәріс берілді.1935 жылы ауданда 35 телефон номері жұмыс істеді. 270 нүктелі радио торабы болды. 1600 газет және журналдарға жазылды. 1935 жылы дыбысты кино қондығылар келді. 1964 жылға дейін қала типте поселкі атында, 1968 жылы 31 қазанда Қаз. ССР жоғарғы кеңес төрағасының жарлығымен Сарқан қаласы деп өзгертілді. 1989 жылғы санақ бойынша қала тұрғындары  21550 адамды құрады ал 01.01.2017 жылы көрсеткіш бойынша қала халқы 39605 адамды құрайды. Аудан аумағында Балқаш, Жасылкөл көлдері бар. Аудан териториясы халық гидрографиялық жүйемен Сарқан, Басқан, Лепсі өзендері жер құнарларын артыра түседі. Жоңғаралатауы ауданының  оңтүстік, оңтүстік – шығыс  және шығыс бөліктерін алып жатыр. Аудан территориясында дәрі өсімдіктерінің 45 түрі өседі. Сондай-ақ түсті граниттердің түрлері, бетонитті саз түрлері, мироболит (Лепсі ауылындағы М. Төлебаевтың мемориалды музейі және Черкасск ауылындағы «Черкасск қорғанысы » мемориалды музейі) кірді. Ауданда 7 көркемөнерпаздар ұжымы жұмыс жасайды.

Азамат соғысы кезіндегі әйгілі Черкасск қорғанысының шептері де біршама сақталған. Сол оқиғаны есте қалдыру мақсатымен 1967 жылы «Черкасск қорғанысы» музейі ұйымдастырылған. Назарларыңызға Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасы аясында күрделі жөндеу және безендіру жұмыстары жүргізілген бұрынғы «Черкасскқорғанысы» музейі сарқан ауданының тарихи музейі деген жаңа атаумен ұсынылып отыр.

Черкасск, Жетысуская область
Жетісу облысының орталығында Сарқаннан қаласынан 60 шақырым жердегі төбенің үстінде үлкен ескерткіш тұр. Бұл жерде 1918-19 жылдары қиян-кескі ұрыстар жүрді. Ол азамат соғысы тарихына  «Черкасск қорғанысы» деген атпен кірді. Черкасстіктердің естерінде Жетісу өлкесіндегі Совет өкіметінің орнығуы туралы өлеңдер жазылған, кітаптар шығарылған, кино-фильмдер түсірілген.

Қорғаушылардың қаза болғандарына және тірі қалғандарына мемориалдық комплекс  тұрғызылды. 1973 жылы шілде айының 12 жұлдызында ашылды. Олардың авторы-сәулетшілер Тимур Сулейменов және Алмаз Ордабаев. Кешен үш египеттік пирамидадан тұрады, биіктіктері 15м, 12м, 9м. Пирамидалар жартылай дөңгелек болып орналасқан, ортасында мәңгілік от. Естелік нышаны- бұл қоршауда болған Черкасстіктер нышаны.

Пирамидалар сұр түске боялған. Бұл түс жауға деген қаһармандық пен  –күрестің белгісі.   Өткір қыры орналасқан пирамидада, қорғаушылардың қару-жарақ нышаны орналастырылған. Олар қиян-кескі ұрыстың 1 жыл, 1 ай болғанын мәлімдейді. Ирек сызықтар олар бекіністер мен шептердің ұрыс- орнын білдіреді. Пирамиданың ортасында бес жұлдыз орналасқан. Жұлдызда аты даңққа айналған совет өкіметі үшін күресте ерлікпен қаза тапқандардың нышаны. Ескерткіш орталық биік төбешікте орналасқан. «Черкасск қорғаныс» партизандардың бас қарауыл төбесі болған.

Койлык
Қалашықтың бүкіл кең аумағын алып жатқан көптеген төбешіктер мен ойпаңдар бұрынғы құрылыстың ізі болып табылады. Топографияны түсінуге қазбалар, цифрлық үшөлшемді топографиялық бөлшектік түсіру мен 600 м биіктіктен түсірілген фотосуреттер мүмкіндік берді.

Қалашың топографиясы былайша сипатталады: жалпы көлемі 90 га болатын төртбұрышты құрылыс пішінін сақталған биіктігі 2-2,5 м, ені 11-13 метрге ісініп құлаған, таспалық пахс құю әдісімен қаланған, өңделмеген қуатты сыртқы қабырғалар тұйықтайды. Қалашық өзінің 1290 м созылатын ұзын осімен солтүстік-шығыс - оңтүстік-батыс желісі бойымен және солтүстік-батыс - оңтүстік-шығыс осімен 840 м қашыңтыққа созылған. Қалашықтың оңтүстік батыс бөлігі айтарлықтай кеңейтілген. Қабырғаның сыртынан ені 10-17 м, тереңдігі 1-2 м болатын ор көрінеді.

Сыртқы қабырғаның оңтүстік-шығыс желісі тегістелген және Сарқанд - Үшарал жол төсемін асфальттауға негіз ретінде пайдаланылған. Сақталған биіктігі 1,2-1,6 м болады. Оның шығыс бұрышы жүргізілген құрылыс шараларына байланысты сақталмаған.

Солтүстік-шығыс желісі қабырғасының бір бөлігі де грейдермен тегістелген, сонан соң мұнда фермерлік шаруашылықтардың біріне баратын сүрлеу жол салынған. Бұл бөліктің қабырғасы, қазір жыртылған және дәнді дақылдар егуге пайдаланылатын, қалашықтың ішкі аумағынан есептегенде 0,5-0,8 м аздаған көтеріңкі, ал қабырғаның сыртқы жағында тереңдігі 8 м, ені 10 м шамасындағы ор бар.

Солтүстік бұрыштың маңындағы қабырға үзігінің биіктігі 2 м жаңын, сондай-ақ осы желінің ортасына орналасқан кесіндінің жоғарғы бөлігі үйлер мен жер учаскелерін орналастыруға арналып бөлінген. Қабырғада ені 20 м жуықтайтын қақпа орналасқан. Осы қақпаға таяу, сыртқы қабырғаның солтүстік-батыс бұрышынан санағанда 180 м төбешік орналасқан, ол шаршытәріздес, көлемі 100x90 м, биіктігі 1,5-2,5 м. Қаланың қорғаныс қабырғасының бөлігі сонамен бірге құрылымның қабырғасы болып та есептеледі, оның қандай мақсатқа арналғаны әлі анықталған жоқ. Ал оңтүстік-батыс бағытқа қарай созылатын қабырғаның 2,5 м жуың биіктігі сол қалпында сақталған. Сыртқы қақпаның батыс бұрышы қазіргі заманғы құрылыс учаскелерімен қосылып кетеді.

Шахристан қабырғаларының оңтүстік-батыс желісі үзік-үзік қалпында сақталған. Ерекше көзге түсетіні екі участок, олардың бірі - Ащыбұлақ өзенінің солтүстік, екіншісі оңтүстік жағалауында орналасқан.

Жоғарыда айтылған қаланың төртбұрышты қабырғаларының ортасында қамал болған, оның көлемі 241x225 м, бұрыштары бойынша жарыққа қарай орналастырылған. Қамалды анықтау арнайы жүргізілген аэрофото мен сандық топографиялық зерттеулерге байланысты жүзеге асырылды, бұл зерттеулер биіктіктердің 1-1,5 м аралығында құбылып отыратындығын көрсетті. Қамалдың оңтүстік-батыс қабырғасының шығыс бөлігі бұзылған. Қамал аумағына кіретін жолдарды анықтау қиын, өйткені қалада көптеген аралық байланыс жолдар болған, алайда солардың бірі қамалдың оңтүстік-шығыс қабырғасының орталығына жеткізетін болғандығы анық. Осы қақпаның алдында, қамалдың ішкі кеңістігінде төртбұрыштәріздес пішіннің 35х39м айтарлықтай мөлшерде, тереңдігі жағынан 3,2 м дейін аласаратыны байқалады. Тағы да бір екі қақпа бір-біріне қарама-қарсы солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс қабырғалардың ортасына орналасқан. Олар аэрофото түсірілімде анық байқалып тұрған көше арқылы бірі-бірімен жалғасып жатыр. Көшенің ені орташа есеппен 4-5 м жетеді. Қамалдың төртбұрышының оңтүстік ширегі кішкене ойықтары бар біртекті бедер ретінде көрінеді. Мөлшері 35x37 м, биіктігі 1,5 м таяу, анық көрініп тұрған төртбұрышты дөңес қамалдың шығыс бұрышында орналасқан. Осы төрткүлдің жоғарғы қабатына жүргізілген қазба жұмыстары оны «бай адамның үй-жайы» ретінде анықтап берді. Қамалдың батыс ширегі монументті құрылыс болып келеді, қазба жұмысшылардың анықтауына қарағанда, олар - қабырғаның сыртқы желісі бойынша өлшегенде 34x29 м мөлшеріндегі мешіт болып табылады.

Шахристанның оңтүстік бөлігінде он бестен астам төртбұрышты дөңестер бар, олардың мөлшері 10-15x10-15 35x35 м дейін, ал биіктігі 0,5-2м дейін, сондай-ақ әр түрлі мөлшердегі бірнеше ойықтар кездеседі. Осы құрылыстың нақ ортасына таман хаммам-монша аршылды, сондай-ақ «манихей храмы» ретінде танылған құрылыс та кездесті.

Қаланың солтүстік бөлігі қазіргі замандық құрылыстарға ұласқан. Үй-жай маңындағы кейбір учаскелерде төбешіктер - көне заманғы құрылыстардың қалдықтары кездеседі.

Шахристан аумағының батыс бөлігіне қазіргі заманғы құрылыстар жүргізілмеген. Мұнда, Ащыбұлақ өзенінің жағалауларында, төрткүлдердің қаңқасы көрініп тұр, олардың мөлшері 30-40x30-40 м, сондай-ақ көптеген төбешіктер мен ойықтар байқалады.

Өзеннің оң жағалауында солтүстік-батыс қақпаға таяу орналасқан, жоғарыда айтылып өткен төртбұрышты құрылыстың шығысына таман бірнеше метр жерде кесенелер, ханакалар және соларға жалғас салынған тұрғын үйлердің орны зерттелді.

Қала қабырғасының сыртында, қақпаның солтүстігіне қарай 250 м жерде шаршы пішіндес төбешік кездеседі. Оның мөлшері негізінен 30x35 м. Бұл нысанды қазу барысында храмдың Будда кешенінің қалдықтары анықталды.

Шаршылы құрылыстың оңтүстік-батыс бөлігіне жасалған тереңдігі 2,4 м стратиграфиялық тік қазба жұмыстары (Шахристанның солтүстік-батыс қақпасына таяу орналасқан, пішіні шаршы тәрізді, мөлшері 100x90 м, биіктігі 1,5-2 м) төрт негізгі құрылыс қабаты бар екендігін анықтайтын материалдар жинауға мүмкіндік туғызды. Құрылыс қабаттарының ішіндегі белгіленген еден деңгейлері соңғыларының ұзақ қызмет еткендігін көрсетеді және ішкі белгіленген қабаттардың хронологиялық кезеңдері болып табылады.

Қыш материалдарының негізінде жасалған қабаттардың уақытын күнібұрын анықтау қала тіршілігінің хронологиялық шеңберін VIII-IX ғасырларға жатқызуға мүмкіндік береді.

Койлык
Қойлық, Қаялық — Ӏле алабындағы аса ірі ежелгі қала. Деректемелерде 11 ғасырдан бастап белгілі, бір кезде ол Қарлұқ кағаны — Арыслан ханның ордасы болды. Франция королі IX Людовиктің елшісі Вильгельм де Рубрук Қойлықта 1253 жылы күзде болған. Бұрынғы Ӏле кыстағының жанындағы өткел аркылы Ӏле өзенінен өткеннен кейін ол былай деп жазды: "Келесі оған көптеген көпестер қатынап тұрған Қаялық деген үлкен кала таптық". Қаланың тұрған орны туралы түрліше жорамалдар бар. Қазақстан FA археологиялық зерттеулер Қойлықтың орны Лепсі алабындағы Антоновка аулындағы қираған құрылыстар екенін анықтады. Мұнда 1964 жылы Жетісу археологиялық экспедедициясы барлау жұмыстарын жүргізген. 1997 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (жетекші К.Байпақов) ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Қаланы қоршаған дуалдың биіктігі 3,5—4,5 м. Бұрыштарының сұлбасы дүниенің төрт тарапынан бағыттас орналасқан төртбұрышты төбе. Солтүстік-шығыс қабырғасының ұзындығы 1200 м, оңтүстік-батыс кабырғасының ұзындығы 750 м. Сыртқы қабырғасының бойында, бір-бірінен 30—40 м қашықтықта орналасқан дөңгелек мұнаралардың қалдықтары сақталған. Олардың кейбіреулерінің қазіргі биіктігі 6—8 м-ге жетеді. Қойлықтың орнын қазғанда 1—14 ғасырлардағы қала адамдарының тұрақтары, қыштан жасалған ыдыс-аяқтар —құмыралар, көзелер, кеселер табылды. Одан табылған қола теңгелер қаланың 8—14 ғасырларда ірі өркениет орны болғанын дәлелдейді. Соңғы жылдары қала аумағынан бірнеше тұрғын үй, будда ғибадатханасының орны аршылған. Сондай-ақ кейінгі жылдардағы қазба жұмыстары нәтижесінде мешіт орындары да табылған. Олардың құрылысы мен нобайы Оңтүстік Қазақстан, оның ішінде Отырар алқабындағы мешіттерге өте ұқсас. Соған қарағанда мұндағы ислам діні- не енген қауымдастықтардың орталығы Отырар төңірегінде болған сияқты. Қойлық ауылының туралы мәліметтермен танысу және маңына экскурссияға шығып, тазалық жүргізу. Табиғатты қорғай білу - әр азаматтың борышы.

Мектеп қабырғасында 1960 - жылдан бастап тарихи-өлкетану мұражайы жұмыс жасайды. Оның iргетасын калаған В. Д. Дудченко болатын, содан кейінгі жылдары бұл жұмысты Мұқашева Кульчат Қалиқызы 2006 жылға дейін, 2006-2012жж Мулкибаева Серікжан Қойбағарұлы, 2013 жылдан бері тарих пәнінің мұғалімі Даирбекова Адеме Болатпековна аткарып келді. Кейінгі қазба жұмыстарында табылған жәдігерлер осы мұражайдың қорын көбейтіп, «мәдени мұра мәнгi мирас» деген атаумен мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдадарламасына әжептәуір үлес қосуда. «Мұражай - тарих, мұражай - шежіре. Мұражай - білім-ғылым. Сан-салалы өнер мен ғылым коспасы – мұражай» -деп даналық сөзді ескерсек, кәзіргі таңда да оқушыларды ғана емес туристтерді өлке тарихымен сусындататын орын болып жұмыс істеуде.

Жаркент
Жаркент мешіті 1887-1892 жылдары жергілікті халық қаржысына бірінші дәрежелі саудагер Уали Ахун Юлдашевтің ұйымдастыруымен тұрғызылған. Өзінің сәулеті, құрылымы және әшекейленуі жағынан Қазақстан мен Орта Азияның құрылыс өнерінің әдісімен салынған ғимарат. Ғимараттың қайқы бел шатыры көне Қытай үлгісімен  122 бөрене  бағаналарға бекітілген.

Мешіт пен оның қос қатарлы мұнарасын әшекейлеуге сурет пен сәндік өнерінің алуан түрлі үлгілері пайдаланылған. Өсімдік іспеттес және геометриялық өрнектермен қатар сыртқы маңдайшаларынан аңдардың, құстардың, балықтардың бейнесін аңғаруға болады.

Қос қатарлы ағаш мұнара айналадағы табиғаттан алынған гүлдердің, жапырақтардың, аспан әлемі суреттерінің бай коллекциясымен безендірілген.

Сәулет ғимаратында қазақ, ұйғыр, дүнген тағы да басқа Шығыс халықтарының ою-өрнектерінің нұсқаларын, арабеска стиліндегі әшекейлі жазудың тамаша үлгілерін кездестіруге болады.

Мешіттің құрылысы мен әшекейлендірілуін сәулетші Хон Пик (Мұқан) басқарған. Оған жергілікті ұсталар - Хасен Иманов, Тайыр Ысмайылов, Насретдин Қары, Әбдіқадыр, Ұшырбақы, Зайнутдин т.б. қатысқан.

Мешіттің ұзындығы 54,5 метр, ені 29 метр, биіктігі 22 метр. Ғимарат толық жөндеуден өткен.

Үш жыл бойы (1887-1890) ағаш құрылыс орнына жеткізіліп, қажетті үлгідегі бағаналар мен бөренелер дайындалды, оларға күрделі саңлаулар шабылды. Дайындалған бөлшектер таңбаланып, әшекейлендірілді. Бөлшектердің қиылысу жүйесіне сай дәлдігі нәтижесінде ғимарат бірде-бір шегесіз бір жазғы маусым ішінде тұрғызылды.

Күрделі құрылыс алдын-ала бекітілген сызба жұмыстарынсыз орындалды. Ғимаратқа қажетті элементтер: бағана, арқалық бөрене, шатыр тіреуіш, шатыр жабуда және оларды бояуда белгілі бір ережелер сақталынды.

Блоктың ортасына көптеген топырақтар әкелінді, олар ұзақ уақыт бойы тығыздалды және тегістелді, қуатты стилобат жасап, оған ғимарат отырғыза бастады.

Үлкен ағаш бағаналар бірнеше өгіздердің көмегімен көтерілді. Құрылысшылар осы немесе басқа жұмыстарды орындай отырып, бағанның алдын-ала дайындалған стандартты бөлшектерін қолданды. Бөренелер, шатырларды қажет болған жағдайда пропорционалдылық формада өздері жасады.

Жаркент мешіті шатырының құрылымы да ерекше. Ол қабырғалардан арқалық бөренелер мен "ДАУ" және "ГУН" деп аталатын  ерекше тіреуіштерден тұратын ернеулердің құрылымдық сәндік жүйесі арқылы бөлінеді. Шатырдың жалпы бүгілген бағыты қажетті қайқылыққа жету мақсатында белгілі қашықтықта орналастырылған қиылысу жүйесіне байланысты. Мұндай заңдылық қалаулы қайқы "қалқыма шатыр" пішініне келтіруді қамтамасыз етті.

Сарқан ауданы
Композитор Мұқан Төлебаевтың құрметіне ашылған музей ғимаратының  іргетасы 1941 жылы қаланды.  Сол кезден бастап 1983 жылға дейін  тұрмыстық комбинат мекемесі ретінде қолданыста болды. Кейіннен 1983-1993 жылдар аралығында ғимарат әскери комиссариаттың қолданысына берілді. Ал 1993 жылдан бастап  М.Төлебаев мемориалды музейі ретінде қызмет атқара бастады.

Музей  Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің №871 қаулысымен даңқты композитордың 80 жылдық мерейтойына орай ашылған.  Музейдің ашылуына композитор, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан Республикасының тұңғыш мәдениет министрі Е.Рахмадиев, сол кездердегі Талдықорған облысының әкімі С.Ақымбеков, Бөрлітөбе ауданының әкімі А.Тұрғанбеков,  аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Р.Есдәулетов, М.Тынышпаев тарихи-өлкетану музейінің директоры К.Нұртаев және музейдің алғашқы директорлары болған Г.Төлеубаева, Мұқан Төлебаевтың немере інісі, марқұм Қ. Дүйсембековтер зор үлес қосты.

Музейдің ашылу салтанатында аудан әкімі Асмұрат Тұрғанбеков құттықтау сөз сөйледі. Әкімнің ықылас-ниетін ұлы композитордың інісі Әбілмәжін Төлебаев толғана, қуана жалғады. Қуаныш тілектерін ағаға деген сағыныш лебіздерін сөйлеген ақын Тұманбай  Молдағалиев өлең-толғанысын оқыды. Сондай-ақ музейге Үйгентас ауданы кілем, қыздар педогогикалық институты Мұқан Төлебаев келбеті бейнеленген кілем тарту етті.

Музей есігін облыс әкімі С.Ақымбеков пен Қазақстан Республикасының мәдениет министрі Еркеғали Рахмадиев ашты.

Бөрлітөбе халқы жерлес композитордың жұбайы Дариға апамызға ақ жаулық салып, музей босағасынан аттатты.

Ал 1994 жылы  музейдің алдына аса көрнекті композитор                    Мұқан Төлебаевты мәңгі есте қалдыру мақсатында  ескерткіші қойылды. Мыстан құйылған мүсіннің авторы Едіге Рахмадиев еді.

Содан бері музей ашылғалы  32 жыл болды. Осы жылдар ішінде сан мыңдаған  экскурсиялар жүргізіліп,әр түрлі тақырыптарда лекциялар оқылып танымдық шаралар және көрмелер өткізілді. Музей қорына 500 дей экспанаттар жиналды. Музейге 2002 жылы ағымдағы, 2009 жылы күрделі жөндеу, 2013 жылы ағымдағы жөндеу және музей экспозициясына көркемдік – безендіру жұмыстары жүргізілді.

2011 жылғы 25 қаңтардағы № 18 қаулысына сәйкес Мұқан Төлебаевтың мемориалды музей "М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК филиалы болып тіркелді. 2022 жылдың маусым айынана бастап «Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі» МКҚК филиалы болды.

Композитордың жүз жылдық мерейтойына орай М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы болып табылатын М.Төлебаевтың мемориалды музейіне облыстық бюджеттен бөлінген қомақты қаржы негізінде жөндеу жұмыстары мен музей экспозициясын қайта безендіру жұмыстары жүргізілді.

Музейде музейлік маңызы бар материалдар саны 1826 болса, оның 896-ы негізгі қорды, 930-ы көмекші қорды құрайды. Жыл сайын музей қоры музейлік маңызы бар құнды заттармен толықтырылып тұрады. Саны 300-ден асатын экспонаттар экспозицияларға қойылған.

Музейде  М.Төлебаевтың 500-ден аса құжаттары мен пайдаланған заттары бар. Киген киімдері, ғылыми құндылығы жоғары еңбектері «Біржан-Сара» операсының, «Кестелі орамал», «Тос, мені тос», «Жеңіске» әндерінің түпнұсқасы, өз қолымен жазған классикалық, симфониялық шығармалары, әндері мен романстары, қолтаңбасын қалдырған музыкалық аспаптары, т.б. заттары аса ұқыптылықпен сақталған. «М.Төлебаев аз ғана ғұмырында өнер көгінде өшпес ізін салып үлгерген құйрықты жұлдыз іспетті. Кең құлашты, мол тынысты, шалқар шабытты образға беріле отырып, өнер әлеміне көптеген классикалық шығармалар әкелді. Соның бірі әлемдік деңгейде жазылған «Біржан-Сара» операсы. Ол саз мектебінің алғашқы іргетасын қалаушылардың бірі болып тарихқа енген.

Музейдің әр залы композитор өмірінің, яғни өмір есігін ашқан кезеңнен бастап жарық дүниеден озғанға дейінгі бағындырған белестерін бейнелеп тұратын үш экспозициялық залдан тұрады. Ондағы құжаттар арқылы сазгердің кешегі Одақ көлемінде аты мәшһүр болғанын көруге болады. Сонымен қатар композитордың 1942-1944 жылдары Қазақтың халық аспаптар оркестрінің дирижері қызметін атқарған кезеңінен сыр шертетін естеліктер де қызықтырмай қоймайды. Қазір қолданыста жоқ, сол заманның ұлттық аспаптары, сахналық киім үлгілері жайлы мол түсінік қалыптастыруға болады. Ал бүгінгі күнде біртуар қазақтың маңдайалды жұлдызынан қалған шаңырақ өз мекенінің мақтанышына айналған.

Музей экспозициясынан композитордың шеберлікті шыңдау жолындағы ізденістері, азаматтық, адамгершілік бітім-болмысы, үлкен өнерге деген ынта-жігері кеңінен көрініс береді.   М.Төлебаев мемориалды музейінің экспозициясы 7 тақырыпқа бөлінген.

- М.Төлебаевтың отбасы мен балалық шағы

- М.Төлебаевтың отбасына тиесілі тұрмыстық заттар.

- Өлкеден шыққан ақын-сазгерлер

- М.Төлебаевтың өнер жолының басталуы.

- Әлемдік деңгейдегі классиктер

- Қазақ сазгерлері

- Мұқан Төлебаевтың өмірінің соңғы жылдары және оның есімін мәңгі есте қалдыру.

Музейдің алға қойған басты мақсаттарының бірі – Мұқанның кейінгі ұрпаққа қалдырған  асыл қазына, құнды еңбектерін жинақтап, өмірі мен қызметін зерттеу, оның еңбектері, жазған шығармаларының терең сырлары мен көркемдік ерекшеліктерін көпшілікке таныстыру.

Музей бойынша экскурсия композитор, КСРО Халық әртісі Мұқан Төлебаев туралы жалпы ақпараттан басталады. Қазақ опера мұрасының алтын қорын байытып, әлемдік опера деңгейімен теңестірген алғашқы ұлттық сазгерлеріміздің бірі – Мұқан Төлебаев. М.Төлебаев КСРО-ның халық артисі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, аса көрнекті композитор, қазақ музыкасының классигі, Қазақстан Республикасының алғашқы Әнұраны авторларының бірі. Қазақтың музыкасына аса бағалы мұра ретінде қосылған оның “Біржан мен Сара” операсының орны бөлек. Ол оркестрлік және камералық шығармалар, 50-ден астам өлеңдер мен романстар жазды, халық әндерін өңдеді, М. Әуезов атындағы қазақ драма театрының спектакльдеріне, фильмдерге арнап музыка жазды.

Музейдің бірінші залы Мұқан Төлебаевтың отбасы мен балалық шағына арналған. Қай адамның болмасын қалыптасуына, азаматтық қасиеттерінің айқындалуына оның айналасы әсер етпей қоймайды. Мұқанның бала жастан бастап ауыз әдебиетінің бай үлгілерінен сусындайтынын атай өткеніміз орынды. Жетісуда ертеден дәстүрге айналған айтыстың бел ортасында жүрген ақын және домбырашы,сүйегіне сөз сіңген әкесінің інісі Апырбай Әуелбайұлынан талай жыр-хиссаларды, есімі елге белгілі салқам сері Құл ақынның, Шашубай Қошқарбайұлы, Қадау Баймұхамедовтыңөлеңдерін ұзақ түнге тыңдап өскен. Мұқан Төлебаевтың әкесі Төлебай Үйсінбайұлы революцияға дейін мал бағу, егін салуды кәсіп еткен, анасы – Тәжібала Ақшалқызы бетіне ешкімді келтірмеген адуынды, бірбеткей кісі болыпты. М.Төлебаев отбасының тұңғышы болып 1913 жылдың 13 наурызында қарт Балқаштың жағалауындағы Қарашыған атты ауылда, Бөрлітөбе ауданына (қазіргі Сарқан ауданы) қарасты «Үлгі» колхозында дүниеге келген. Мұқанның азан шақырып қойған есімі – Мұхаметсәлім.

Лепсы, Казахстан
Исторический музей Лепсі