Моя эпическая доска Padlet by Балжан Базарбаева

Талантты және дарынды балаларды оқыту
Қазақстан ұлы державада болуы үшін бізге күш қуат, қажыр қайраты мол, ақылды да ойлы, дарынды жастар керек;
Талантты және дарынды,  қабілетті балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды және талантты,  қабілетті адам қоғамға көбірек пайда әкеледі.

Дарынды, қабілетті балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды адам, қабілетті адам басқаларға қарағанда көп пайда әкеледі.
Әрбір талантты адам еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді.
Сонымен дарынды, қабілетті, талантты бала деп баланың, ата-ананың, мектептің үздіксіз еңбегінің жемісін айтуға болады.

Дарындылықты дамытудағы басты мақсат – еліміздің зияткерлік қорын құру үшін адамзаттың ең талантты тобын пайдалану, жеке тұлғаның дарыны мен қабілетін жоғары деңгейге көтеру.
Сұрақтар
1. Дарынды балалар деп кімдерді айтамыз?
2. Қоғамға дарынды балалар не үшін қажет?
3. Дарындылықты қалай дамытуға болады?

Талантты балалар
Талантты, дарынды және жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру бағытында білім беру педагогикалық үдеріс барысында жүзеге асады. «Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге жету үшін қалыпты орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл – ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететін едәуір күрделі мәселе… Тәжірибеге жасалған талдау оқушылардың қажеттеліктерін қанағаттандыруда мектеп бүкіл оқушылар үшін мектеп стандартын күрделендіре отырып, бастауыш буын деңгейінде «жалпы мектептік саясатты» және орта буын деңгейінде «кеңейтілген» мектеп тәсілін құрған жағдайда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынын көрсетті.

Білімнің маңызы
ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Сол себептен де білім сапасын арттыру, оқушылардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне сай  деңгейлеп оқыту, ғылыми ізденіс қабілеттерін қалыптастыруымыз керек. Жылдан  жылға  педагог мамандарының толығуымен, олардың біліктілік санаттарының жоғарылауымен  біздің мектебіміз   көпшілік көңілінен шығатын білім ордасы болатынына  сенімдімін.

Бала бойындағы талантты ашудың 9 сыры
1. Бала бойындағы талантты 2 жастан бастап дамытуға болады. Сәби әлемдегі құбылыстарды көру және есту арқылы қабылдайды. Сондықтан айналадағы әрбір құбылысты олардың назарынан қалдырмай түсіндіріп отыруда еріншектік танытпаңыз.

2. Ойыншық таңдағанда ойды дамытуға арналғандарын алуға әрекет жасаңыз.

3. Ойыншықтар баланың жасына сәйкес болсын. Ойды дамытатын ойыншықтармен түске дейін, түстен кейін шығармашылық ойды дамытуға арналғандарын беріңіз.

4. Баламен қарым-қатынас еркін, анық, түсінікті және жылы болсын.

5. Балалар ойнап жатқанда кедергі жасамаңыз. Өз ойы және қиялымен болсын.

6. Оқу және жазуды үйренген кезде ойдан ертегі құрастырып айтып беріңіз. Мүмкін баладан жақсы жазушы шықпасына кім кепіл?

7. Егер балаңыз өзіне не керек екенін анықтай алмаса, түрлі үйірмелерге жаздырыңыз. Спорт, шығармашылық, техника осылар арқылы ол өзінің жолын таңдауға мүмкіндік алады.

8. Жетістіктерін мақтап отыруды ұмытпаңыз.

9. Уақытты көбірек бірге өткізуге тырысыңыз. Оның жан дүниесіне не керек, қиын кезде қалай көмектесу керек? Бұлардың бәрінен хабардар болып отырыңыз. Ата-анасының махаббаты, жылулығы балаға сенім береді.