Қытай асханасы by Аружан Туребеккызы

Тарихы
Қытай асханасының ең ежелгі белгілері Нэнань провинциясының Аньян қаласындағы археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған. Қоладан жасалған табалар, пышақ, қасыққа ұқсас шағын күрекшелер, ағаш асхана тақтайлары және тағы басқа тұрмыс заттары - осының айғағы. Бұл дүниелер б.з.д. 770-221 жылдар аралығындағы Чуньцю («Көктем және Күз») мен Чжаньгуо («Соғысушы патшалықтар») дәуіріне тиесілі. Осы кезеңдердің өзінде қытай қалаларының көшелері шағын мейрамханаларға толы болған деседі тарихшылар. Сол тұста тағам дайындау баршаға мәлім өнер түрі ретінде бағаланған. Ал осыдан шамамен мың жарым жыл бұрын қытайдың алғашқы аспаздық кітаптары жарыққа шыққан екен.

Айырмашылықтары
Қытай халқының саны көп болғандықтан елдің әр бөлігінің өзіне тән салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары бар. Сондай-ақ тамақ әзірлеу жағынан да өзіндік айырмашылықтарын байқаймыз. Асханалар оңтүстік және солтүстік болып бөлінеді. Олардың ішінде де жиырма шақты салаға жіктеледі. Бір аймақта тым ащы тағам көбірек құрметтелсе, елдің басқа бір аумағында тәттісіне көбірек мән беріледі. Дегенмен, барлық аспазшыға ортақ кейбір ережелер бар. Тамақ тек дәмді әрі тартымдылығымен ғана шектелмей, міндетті түрде пайдасы, кейде емдік қасиеттері де болуға тиіс. Мәселен, оңтүстік қытайлықтар тағамдары көбінесе тым ащылығымен ерекшеленеді. Қытайлар мейлінше ащы болып келетін тағам адамның көңіл күйін көтереді деп есептейді. Көңілі жай адамның денсаулығы да жақсы болады. Оңтүстік қытайлар арасына жылан еті қосылып жасалатын ащы күріш ботқасын пайдаланады. Бұл тағамның, әсіресе, ер адамдарға пайдасы зор. Ботқа ер адамның күш-қуатын арттырады. Сонымен қатар тұмаудан, жөтелден, бас ауруынан айықтырады деседі.

Пайдасы
Қытайлар денсаулыққа жете көңіл бөледі. Олардың пікірінше, не ішіп-жесең де, соның пайдасы болуға тиіс. Сондықтан да тағамдардың бәріне дерлік өзіндік емдік қасиеті бар шөптер қосылады. Бұл елдің халқы бір жері ауырса, біз секілді аурухана жағалап кетпей, үйлерінде дәстүрлі тағам жеп, әр түрлі шөптерден шай қайнатып, табиғат көздерінен ем алады. Мәселен, өз басым бір кездері қатты ауырып қалдым. Тұмауы, жөтелі, бас ауруы аралас, жан-жақты қысып, әбден мазам кетті. Қанша дәрі-дәрмек ішсем де, екі-үш күндей орнымнан тұра алмадым. Азаннан кешке дейін өз бөлмемде көрпені бүркеніп алып жатқаннан басқа қолымнан ештеңе келмеді. Болмаған соң «Жедел жәрдем» шақырмақ болдым. Сөйтіп, енді телефон шалуға тұра бергенімде, біреу есік қақты. Ауырып жатқанымды естіп, халімді сұрауға келген өзіммен жақсы араласатын комендант апайымыз екен. Бөлмеге кірісімен ол алдымда үйіліп жатқан дәрілерді көріп, шошып кетті. Сосын ол бөлмеден шығып кетіп, бір сағат мөлшерінде қайта оралды. Қолында қайнатылған шөп араласқан сұйық ботқа құйылған кесесі бар. Маған осыны ішкізіп, тереземді ашып, сәл жата тұруым керек екенін айтып, өз шаруасымен кетіп қалды.

Қызықты ақпарат
Қытайлар тағам аспаннан беріледі деп санайды. Сондықтан да оларда «ауыз тиіп» кету деген түсінік жоқ. Тамақтану немесе дастарқаннан дәм тату бұлардың ұлттық мәдениетіне ортақтасу болып есептеледі. Көбінесе қытайлар дөңгелек үстел басында жиналады. Қытайлар біз секілді бір табақты ортаға қойып, бәріне ортақ етіп, бір үлкен бас тағам ұсынбайды. Тамақтанардан бұрын дастарқан басындағы әр адамға ішінде асылған күріш толтырылған шағын кесе мен өздерінің тілінде «куайцзы» деп аталатын қос таяқша таратылады. Содан соң үстел басына неше түрлі шағын тағамдар әкелінеді. Сөйтіп, әр адам өз қалағанын таяқшаларымен алып, алдарындағы кеселеріндегі күрішпен араластырып отырып жейді. Мұндай шағын тағамның саны оннан астам болады. Кейде дастарқан басында біраз адам жиналғанда шағын тағамның қырықтан астам түріне дейін қойылады. Дәстүр бойынша дәм татудан бұрын қытайлар қантсыз, сүтсіз, ешқандай қоспасы жоқ көк шай ішеді. Содан кейін ғана асқа қол салады. Қытайлар тамақты асықпай, аз-аздап, көбінесе үнсіз, тамсанып отырып жейді. Дастарқан басында қонақ отырса, шаңырақ иесі оған өз таяқшасымен қалаған тамағын салып береді.