"Айналмалы бекет" туралы өз пікіріңізді білдіріңіз? by

Кері байланыс.
Пәндік олимпиадаға дайындау - ғылыми білімге жетелеу" бағыты бойынша спикерлер Имашева Д.және Уразалина М. " Білім алушыларды бейініне қарай іріктеу және дайындық жүйесінің негізгі 10 қағидасы " туралы толық мәлімет берді. Айтылған мәліметтер пайдалы және құнды.

Қорытынды түйін:" дарынды мектепте оқитын оқушылардың арасынан респ және халықаралық олимпиадаларда жүлделі орын алатындай әр мұғалім алдарына мақсат қою қажет".

Налия Сулейменовна
Ғылыми жобаға дұрыс тақырып таңдау ерекшеліктерін, талаптарын нақты анық түсіндіріп берген әріптестерімізге үлкен рақмет. Олимпиадаға оқушыны дұрыс таңдау, дайындықты қалай бастау керектігін, олимпиадаға дайындық сайттарының мүмкіндігін көрсеткен әріптестерге алғыс айтамын.

Дильяра Ерлановна
Бүгінгі тақырыптан көп пайдалы ақпарат алдық. Тәжірибесімен бөліскен әріптестерге алғыс айтамын🌹

Пайдалы іс-шара болды. Ұйымдастырушыларға рақмет

Дарынды оқушыдан оқушының қабілетімен жұмыс тиімді
Шынында да, дарынды оқушы болмайды, оқушы, жалпы адам дарынды болып танылады, бірақ дарынды болмайды. Дарынды болып адамның қабілеті танылады. Сондықтан оқушы тұлғаның қабілетімен жұмыстану тиімді.

Бізде оқушы қабілетімен жұмыстану бар, бірақ қазір оқушы қабілетімен жұмыстанудан гөрі, дарынды оқушымен жұмыстану деген түсінік басым.

Кейбір шетел мектептері оқушы қабілетімен жұмыстануда жинаған іс-тәжірибелерін әдістемелік-технология түрінде ұсынып жүр. Дәлірек айтқанда, белгілі бір тұрақты оқу мен оқыту технологиясын берік ұстанып, сол тәжірибесін оқу-әдістемелік технология һәм методика санайды. Бізде мектепті айшықтайтын технологиялық ұстанымы бар мектеп жоқ. Бірақ авторлық әдістеме-технология, методикалар жеткілікті. Сол сияқты қоғам қайраткерлерінің есімдерімен аталатын мектептерде бар. Бірақ олардың сол атауға сай келетін не соған лайық методикалық ұстанымдары жоқ.

Бүгінгі айналмалы бекет әдісімен жүргізілген "Дарынды оқушылармен жұмыс: Жеке тұлғалық және академиялық даму стратегиялары" атты семинар келешекте мектеп Сәкен атына сай нақты әдістемелік-технологиясы бар мектептің жоралғысын көрсеткендей.

Әсіресе, пәндік олимпиадаларға дайындық пен ғылыми-жобалар жүргізудің методологиясын жинақтау арқылы және қосымша білім беруде өнер мектебінің оқу мен оқыту технологиясын жасақтауға мүмкіндік барын ашып отыр.

Ел тарихында оқу мен оқыту мәселесі көнеден бастау алып келе жатқан үдеріс екені кешегі оқу-ағарту министірлігінің 100 жылдан астам тарихы бар мектептермен онлайн жүздесуі барысында айтылды.

Сол кездің өзінде білім берудің оқу мен оқыту технологиясы болған. Ол логика, арифметика, музыка, медицина, астрономия ғылымдары арқылы жүргізілген. Байқап отырсақ, логикаға басты мән берілген.

Логика дегеніміздің өзі адам баласының ойлау қабілетін көрсетеді. Яки логикалық қабілет арқылы икемділік не қызығушылық қабілетті тануға болатыны да бүгінгі семинарда танылды.

Оқушы тұлғаның қызығушылық қабілеті арқылы басқада қабілеттерімен жұмыстануға болады.

Қабілет – мінез емес. Қабілет –икемділіктің саналық сезімдері, адамның мүмкіншілігі, бейімділігінің көрсеткіші.

Мінезге де, қабілетке де тәрбие керек. Оны да осы семинар танытты. Оқушы тұлғаның қабілеті оның тәрбиелік таным түсінігіне лайықты әсер беруі үшін тәрбие тағылымы керек. Қабілетті оқушының өзгені өзімен тең көрмейтін болмысы – табиғи болмыс екенін түсінуі керек. Әйтпесе саналы болмыс бұл жағдайда табиғи болмыстың эмоциялық ықпалында қалып, өзіне тең емес "саперник" деп сыныптасын тануы қабілетті оқушыны мен-менсудің астында қалдырады. Бұл – адам баласына тән табиғи болмыстың көрінісі. Кезкелген оқушы дарынды деп танылған қабілетті оқушыдан еш кем не артық емес екенін түсіну – басқаны мойындаудан әлдеқайда қиын әрі ауыр. Бірақ түсіне білу де, түсіндіре білу де қажет. Бұл бүгінгі семинардың тағы бір құндылығы.

Сондықтан семинар жұмысы, әр спикерлер көтерген тақырыптар өз өзектілігін таныта алды.

Келешекте де тәрбие мәселесінің өзектілігін саналық сезімге айдарлап айтып, бетке баспай, ашық биязы жеткізу арқылы таныту қажеттілігі ескерілуі керек.✍️