Дания-Испания мемлекеттерінің білім беру жүйесі by Набира Серикбаева

·       Данияда балалар мектепке 6-7 жасында барады және 15-16 жасқа дейін оқуға міндетті. Оқыту мемлекеттік мектептерде (folkeskole) жүзеге асырылады, олар тегін және барлығына ашық.

Даттық білім беру жүйесінде базалық білім берумен қатар, баланың жеке тұлға ретінде дамуына көмектесу жүзеге асырылады. Сондықтан да оқытушылар балаларға тест нәтижесінен гөрі оқуға деген қызығушылықтары мен ниеттері маңызды екенін жиі айтады. Оқу бағдарламасы голландық жүйеге ұқсас – бәрі берілге білімді игере алуы қажет.

·       Болашақта кім болғысы келетінін шеше алмай жүрген оқушыларға арнайы мектеп те бар. Efterskole аталады. 14-18 жас аралығындағы жасөспірімдер сол мектепте бір жыл оқып, ары қарай кім болуын шеше алуына септігін тигізеді. Бұл мектепте көбіне шығармашылыққа, спортқа, қолөнерге зейін бөлінеді.

·       Даниялықтар үшін жұмыс іздеу барысында жоғары жалақы маңызды фактор саналмайды. Бұл елдің салығы да әлем бойынша қымбаты саналады. Сәйкесінше, халықтың өмір сүру деңгейі де жақсы. ЖОО-да білім алу даттар үшін тегін. Оларға шәкіртақы да беріледі.

Қазіргі таңда Испанияның білім жүйесі 4 деңгейден құралады:

1. «La Educación Infantil» - мектепке дейінгі білім;
2. «La Educación Secundaria Obligatoria (ESO)» - базалық деңгей;
3. «El Bachillerato Unificado y Polivalente (BUP)» – бачилерато деңгейі;
4. «La Enseñanza Universitaria» - жоғарғы білім.

Мұнымен қатар, кәсіби білім (La Formacion Profesional (FP)) бар. Оны еліміздегі лицейлермен салыстыруға келеді. Кәсіби білімді базалық деңгейден кейін алуға болады. Ол негізінен екі сатыдан құралады. FP аттестастының иегерлері BUP аттестатын алған оқушылар секілді жоғарғы оқу орындарға тапсыра алады.

Испанияның білім жүйесінде жоғарыда тізімделген 4 деңгейден бөлек ересектерге арналған оқу бар. Ол - "Escuela de Adultos" деп аталатын кешкі мектептер. Бұдан өзге арнайы тілдік курстар, сурет салу, қолөнер секілді қосымша курстар ұйымдастырылған.

Мектеп бағдарламасындағы негізгі пәндер: жаратылыстану ғылымдары (география, дүние тану), гуманитарлық ғылымдар (тарих, қоғамтану, әдебиет, құқықтану), тілдер (испан тілі, шет тілі, автономия тілдері (валенсия, каталония, галия немесе баск)), математика, дене шынықтыру, музыка және бейнелеу өнері.

Қолында орта білімді растайтын дипломы бар оқушы ары қарай орта білімді кәсіби курстарда оқи алады. Яғни бачилерато бағдарламасына сәйкес колледжде оқып, жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие.

Дания мен Испаниядағы білім беру жүйелерінің кейбір ұқсастықтары бар.

·        Тегін білім: екі ел де жалпы білім беретін мекемелерде тегін білім береді.

·        Міндетті білім: екі елде де білім белгілі бір жастағы барлық балалар үшін білім алу міндетті болып табылады.

·        Стандартталған тесттер: екі ел де оқушылардың үлгерімін бағалау үшін стандартталған тесттер өткізеді.

·        Кәсіптік білім: Дания мен Испанияда кәсіптік білімге және әртүрлі салалардағы мамандарды даярлауға үлкен мән беріледі.

·        Екі елде де 0-6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі білім алатын балабақшалар бар.

·        Білім Бастауыш мектепте немесе бірінші сатыдағы мектепте 6 жастан басталады.

·        Екі елде де 12 мен 16 жас аралығындағы оқушылар жалпы білім алатын орта мектептер бар.

·        Дания мен Испанияда университеттер мен колледждерде жоғары білім алуға мүмкіндік бар.

·        Білім беру жүйесі деңгейлері ұқсас

·        Мемлекеттер білімге үлкен мән береді және өздерінің білім беру бағдарламаларын дамытуға инвестиция салады. Олардың екеуі де өз азаматтары үшін кең білім беру мүмкіндіктеріне ие және елдегі білім сапасын жақсартуға тырысады.