Напишите здесь свой вопрос для обсуждения... by Алхамова Елназ

«Батырлар бейнесінің   жас ұрпаққа беретін тағылымы» тақырыбында эссе жазу.

Ерланқызы Зарина. Қтә- 1/(3)

«Батырлар бейнесінің жас ұрпаққа беретін тағылымы»

Қазақ халқының тарихы – батырлар мен ержүрек тұлғалардың ерлік істеріне толы. Ежелден бері қазақ жерін, елін қорғаған батырлардың бейнесі бізге ата-бабаларымыздың қайсар рухын, ұлтжандылығын көрсетеді. Олар тек бір заманда ғана өмір сүріп, ел қорғаған тұлғалар емес, сондай-ақ жас ұрпақтың санасына отаншылдық пен ерлік ұғымдарын сіңіретін өнегелі бейнелер.

Менің ойымша, батырлар туралы естеліктер бүгінгі жастар үшін ерекше маңызды. Қазір біз жаңа технологиялар дәуірінде өмір сүріп жатырмыз, бірақ кейде ұлттың рухани құндылықтарын ескере бермейміз. Батырлардың ерліктері туралы оқығанда, мен өзімді қайсар, мықты болуға, алға қойған мақсаттарымнан бас тартпауға итермелейтін күш сезінемін. Әсіресе, Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек батырлардың ерліктері мен үшін нағыз үлгі. Олардың батылдығы мен намыстылығы жас ұрпаққа елін сүюді, қиындыққа мойымай, мақсатына жетуді үйретеді.

Әрине, қазіргі уақытта бізге найза ұстап жауға қарсы шабуылдаудың қажеті жоқ, бірақ өмірдің басқа салаларында да батырлық қажет деп ойлаймын. Мысалы, қазіргі жастар үшін білім алу, жақсы маман болу, еліне пайда әкелу де батырлықтың бір түрі. Менің ойымша, әрбір адам өз саласында батыр бола алады, егер ол адал еңбек етсе, қиындықтарға қарамастан алға ұмтылса және елінің болашағына үлес қосса.

Сонымен қатар, батырлар бейнесі – жас ұрпақтың бойында моральдық құндылықтарды қалыптастырады. Қазіргі заманғы ақпараттық қоғамда әртүрлі идеологиялар мен мәдениеттердің ықпалы артып жатқанда, ұлттық рухты, тарихи сананы сақтап қалу аса маңызды. Мен өз басым, батырларымыздың өмірін зерттеген сайын, олардың адалдық, әділеттілік секілді қасиеттерін өз бойыма сіңіруге тырысамын. Себебі, олардың өнегесі маған елге қызмет етуді және өз ар-намысымды сақтауды үйретеді.

Қорыта айтқанда, батырлар бейнесі – ұлттың рухани байлығы мен мәдениетінің ажырамас бөлігі. Ол жас ұрпақты патриотизмге, елін-жерін қорғауға және қиындықтарға төтеп беруге тәрбиелейді. Өзіме келер болсам, мен де болашақта елім үшін пайдалы іс жасауға және батырларымыз секілді қайсарлық танытуға ұ

мтыламын.

Серіков Раджим ҚТӘ1(3)

«Батырлар бейнесінің   жас ұрпаққа беретін тағылымы» тақырыбында эссе

Батырлар бейнесі – халқымыздың рухани қазынасы, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін мол мұра. Олар тек өткеннің тұлғалары ғана емес, бүгінгі және болашақ жастарды ерлікке, әділдікке, жауапкершілікке шақыратын мәңгілік үлгі. Батырлар бейнесін түсіну – өз халқымыздың тарихын, мәдениетін, рухани құндылықтарын түсіну.

Қазақ эпостарындағы батырлар бейнесі әрдайым ерлік пен әділдікті дәріптейді. Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын секілді батырлар қиын-қыстау кезеңдерде туған жерін, елін қорғауға бел буып, өз өмірін құрбан ете білді. Мысалы, Қобыланды батырдың Алшағырмен шайқасуы тек жауға қарсы күрес емес, халқының бейбіт өмірі үшін жасалған батыл қадам. Бұл ерлік жас ұрпаққа қиындықтарға мойымай, өз міндетін адал атқарудың үлгісі ретінде көрінеді.

Қазақ халқының тарихында шынайы өмірде де батырлар аз болған жоқ. Абылай хан, Кенесары Қасымұлы, Махамбет пен Исатай сияқты тұлғалар ел тәуелсіздігі үшін күресіп, өз өмірін арнады. Олар жас ұрпаққа батыр болу тек қылыш сермеу емес, білімді, ақылды болу екенін үйретті. Мысалы, Абылай хан тек батыр емес, дипломат ретінде де танымал. Оның әрбір әрекеті мемлекетке қызмет етудің үлгісі.

Батырлардың тағылымы – тек ерлік жасау емес, адалдық пен ар-намысты сақтау. Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен Бауыржан Момышұлының өмірі – бұл сөздің дәлелі. Ол өз ерлігімен ғана емес, парасатымен де жастарға үлгі болды. Оның жазған кітаптары да батырлықтың философиясын түсінуге көмектеседі.

Қазіргі заманда батырлық тек шайқаста көрсетілмейді. Әрбір адам өз ісінде батыр бола алады. Мұғалімнің өз еңбегімен білім беруі, дәрігердің науқасты құтқаруы, спортшының жеңіс үшін талпынуы – бәрі де батырлықтың көрінісі. Батырлар бейнесін үлгі тұту жас ұрпақты өз ісіне жауапкершілікпен қарауға, еліне адал болуға тәрбиелейді.

Батырлардың ерлігі – мәңгілік мұра. Олар бізге Отанды сүюді, адал болуды, қиындықтарға мойымауды үйретеді. Әрбір жас батырлар бейнесінен үлгі алып, өз өмірінде батырлықтың түрлі қырын көрсете алуы керек. Ендеше, батырлар бейнесі – ұрпаққа жол көрсететін шамшырақ іспетті.

Тағыберген Диана Қтә 1(3) курс

Эссе

Батырлар бейнесінің жас ұрпаққа беретін тағылымы

Қазақ халқының төл тарихына зер салсақ, сан ғасырлар бойы небір зұлмат кезеңді басынан өткізгенін білеміз. Әсіресе ұзаққа созылған қазақ-жоңғар қарулы қақтығыстары халқымыздың экономикалық, саяси жағдайын барынша әлсіретті. Жаугершілік заманда ұлы жүз бен орта жүз қазақтарының біразы қырғынға ұшырап, бірнеше мыңы тұтқын есебінде қалмақ жеріне айдалып, қалғаны мал-мүлкін тастап жат елді паналауға мәжбүр болған. Қазақ хандығының қалыптасып, нығаюы дәуірінде өзіндік орны бар, елін жаудан қорғап, жерін сақтап қалған ержүрек батырлардың арқасы.

"Батыр туса — ел ырысы,жаңбыр жауса — жер ырысы" деп дана халқымыз айтқандай,батыр - халық үшін мақтаныш,арқа сүйейтін қаһарманы.Әсіресе,батырды қазақ халқы ерекше қастерлей білген.Оларды жоғары дәрежеде ұлықтаған.Халық ауыз әдебиетіндегі Алпамыс,Қамбар,Қобыланды батырлар және Абылай сұлтан,Қабанбай,Бөгенбай,Баяндар өз кезегінде жауға өздері қарсы тұра білген ержүректілер. Сол жаугершілік замандарда "батыр - әскери өнерге машықтанған,майданда ерлігімен танылған өр тұлға" деп саналған.

Қазіргі таңда батыр болу үшін әскери өнер керек емес.Бауыржан Момышұлы батырлық туралы өз сөзінде былай деген: "Ешкім батыр болып тумайды.Батырлық та мінез секілді өскен орта,көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады". Шынымен де,қазіргі таңда майданда қару алып соғыспаса да,елінің амандығын,тыныштығын қарайлап жүрген тәртіп сақшылары,өрт сөндірушілер,дәрігерлер,құтқарушылар бұрыңғы батырларымыздың ізін жалғастырушылар.

Қорыта айтқанда, батырлар бейнесі – рухани тәрбие мен ұлттық сана қалыптастырудың негізгі діңгегі. Олардың ерлігі мен мұрасы жас ұрпақты жігерлендіріп, болашаққа сеніммен қарауға жетелейді.

260сөз.0

Төлеуғали Әлия ҚТӘ 1/3

Ең көне, ерте кезеңнен бері адамзат қоғамына батырлар ауадай қажет болған. Олар адамзат тарихының көшбасшысы. Біздің батырларымыз кім? Олар осыған дейін, қазір, болашақта да біздің миымызда, жүрегімізде белгіленіп, бедерленіп, мөрі басылып тұратын тұлғалар. Мәселен, Асанқайғы, Бұқар жырау, жыраулық дәстүрдің көрнекті өкілдері. Олардан бастап, Сәкен сері, Сәбит сері, Бауыржан Момышұлы. Абай айтпаса да, қазақтың батырлық, хикаялық, тарихи жырлары мен дастандары – қоғамның тәрбие, өнеге, құлық мәселесі бойынша пікірталас алаңы. Оларда мынадай дүниелер жасырын.

Батырлар – қоғамның моральдық және рухани бағыттаушысы. Олардың жасаған ерліктері жас ұрпаққа үш негізгі тағылым береді:

1.	Қайсарлық пен табандылық

Батырлар – әрқашан қиындықтарға төтеп беретін, өз мақсатына адал, қайсар тұлғалар. Мысалы, қазақ батырлық эпостарындағы Алпамыс, Қобыланды, Ер Тарғын сынды қаһармандар әртүрлі сынақтарды бастан кешіреді. Бұл батырлардың бейнесі жас ұрпақты қиындыққа мойымай, күрес жолын таңдап, өмірдегі сынақтарға шыдамдылықпен қарауға үйретеді.

2.	Адалдық пен әділеттілік

Батырлардың басты қасиеті – әділет үшін күресу. Мысалы, «Ер Тарғын» жырында батырдың ел қорғаудағы адалдығы мен дұшпандарына деген әділетті көзқарасы көрініс табады. Бұл қазіргі жастарға әділетсіздікке қарсы тұру, шындықты айту сияқты адамгершілік қағидаларын ұғындырады.

3.	Ұлттық рухты сақтау

Батырлар – ұлттық болмыстың, елдік сананың айнасы. Олар өз елінің тәуелсіздігін, ұрпағының еркіндігін қорғау жолында күреседі. Мәселен, «Қобыланды батыр» эпосындағы батырдың ерлігі мен патриоттық рухы жас ұрпақтың бойына ұлттық мақтаныш пен Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Қазақ батырларының білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап қалған қасиетті, кең байтақ қазақ жері – бізге, бүгінгі ұрпаққа мұра болып қалған басты игілік деп білуге міндеттіміз. Осы, қазақ батырларының қаны тамған киелі жеріміздің қойнауындағы бар байлығымыз – тағы да осы батырларымыздың бізге аманат тапсырған қазынасы. Осыны біз бүгін көздің қарашығындай қадіріне жетіп, сақтай білуіміз парыз. Қазақ батырлары және олардың ел тағдырындағы тарихи орны дегенде, біз біріншіден, олардың тереңнен тамыр тартқан туған жер, Отан туралы идеясын бірінші қатарға қоюымыз қажет. Батырлар туралы бірде-бір халық мұрасы бұл идеяны айналып өтпеген. Туған жерді қорғау, сақтау, келер ұрпаққа аманаттау, ел бірлігі, ел ынтымағы идеясы-бізге жеткен барлық тарихи мұралардың алтын арқауы.

Алхамова Елназ ҚТӘ 1(3)

Халық ауыз әдебиетіндегі ең көлемді жанрдың бірі - батырлық эпос, батырлық яки қаһармандық жырлар. Бүгінде бұл жырларды оқитын жас бар ма?! Санжар Керімбай ағамыз қазақтың көп баласының “қуыскеуделікке” ұшырауы жыр-дастандар мен ертегі, аңыздарды бала жасынан бойына сіңірмегендіктен дейді. Бұл сөзбен келіссек те болады. Себебі, 9300 жолдан тұратын Қобыланды батыр жырын тыңдап, жаттап, жастанып өскен баланың бойында ұлттық рух, қайрат пен жігер табылары анық. Батырлар жыры - бабадан жеткен ұлы мұра. Батырлар жырының өн бойында ұрпақты ұлағаттылыққа, батырлыққа, қаһармандық ерлікке, адамгершілік қасиетке, жауынгерлік рухқа, қайсарлыққа,  күштілік пен мықтылыққа тәрбиелейтін тармақтар мен шумақтар кеңінен кездеседі. “Балам батыр болсын, қызым намысты болсын” дейтін әр қазақ бесікте жатқан бөбегіне бесік жырынан бастап, батырлық жырға дейін құлағына сіңіртіп өсіруі қажет. Бұл қазақтың байырғы тәрбиесі. Осы жырларды зерттеген, бірнеше нұсқасын талдап, жинақтап, қайта шығарған ғалымдардың еңбегі бекер емес. Бұл дүниенің шоқтығы биік, құндылығы көркем, тәлім-тәрбиесі зор екенін білген себепті ел арасында таратуға атсалысып, жан салысқан. “Алпамысты” тыңдаған ұл адаспайды, “Қобыландыны” қараған қыран ұшқанда жаңылыспайды, қайраты мен жігері қатар жүреді. “Ұлтқа қызмет қылсам” деген ұлы ойды ойлап жүреді. “Жүрегі-қазақ” деп соғып,адал еңбек пен табандылықты насихаттап жүреді. Сол себепті батырлар жырының берер тағылымы мол. “Superman”-ның нағыз кім екенін балаңызға көрсетіңіз. Батырларды жарнамалаудан жалықпау қажет. Шетелдік кейіпкерлерді білетін бала қазақтың нағыз батырларын біліп, қызығып өскендігі дұрыс. “Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілетінін” ескерсек, сіз берген тәрбиенің ертеңгі күнгі ұрпаққа жалғасары анық. Балаңыз немереңізге, немереңіз шөбереңізге, осылайша ұрпақтар сабақтастығы қалыптасады. Атқа мініп, садақ атып, қазақылықты сақтайтын қайсар һәм тәрбиелі ұрпақтар дүниеге келеді.

Серік Аружан Нұрбақытқызы Қтә1(3)

«Батырлар бейнесінің   жас ұрпаққа беретін тағылымы» эссе

Ертеңгі күн табалдырығын ата-

бабаларымыз айтқандай "Ел болам

десең

бесігіңді түзе". Осы тұрғыдан алғанда әр

азаматтың өзін-өзі жас

ұрпақ

алдында ұнамды жағынан көрсете

білуге

талпынудың болашағымызға сенімді

болуға қосар үлесі мол. Тілімізге,

дінімізге қайта мойын бұрған кезеңде

ұлы көшке тосқауыл болар көп кедергі

болғаны белгілі. Болашақ ұрпағымыздың

ең асыл мұра -өз ана тілін білмеуі, салт-

дәстүрден бірте-бірте қол үзіп

бара жатқандығы, әке-шешесін, ата-

әжесін, бауыр еті баласын тастап кету,

жетімсірету сияқты қатігездіктің, арақ

ішу, наша тарту, зорлық-зомбылық

ұрлық жасау сияқты жағымсыз

қасиеттерге бой алдыруы, өз пікірі

жоқтық,

біреудің айтқанына көнгіштік,

табансыздық т.б. сүреңсіз іс-

қылықтардың етек

жайып еркінси бастауы. Мұның бәрі

адамгершіліктен жұрдай болуға

жетелейтін әдеттер. Осы қауіптен құтылудың

жіберілген кемшіліктен арылудың жолы

қандай? Бұған негізгі жауап

халқымыздың даналықпен жасаған

ұлттық дәстүр

салттарын тәрбие ісінде кең пайдалану,

оларды жас ұрпаққа үлгі етіп ұсыну.

Жандандырып, насихаттап, үйретіп,

тәрбие мәселесінде кеңінен пайдаланып

отыруымыз қажет.

Қазақтың патриоттық, отансүйгіштік

тәрбиесі тереңнен тамыр тартқан,

халқымыздың сан ғасырлық

болмысының, дүние тану көзқарасының

ақыл ойы мен

салт-дәстүр, мәдениетінің көрінісі.

Осыларды бойға дарытпайынша, келер

ұрпақты патриоттық отансүйгіштік

тәрбиеге лайықты қалыптастырмайынша

алтын

бесік елін, кіндік кескен жерін қорғайтын

және осы мақсат жолында бар күш-

жігерімен қайратын жұмсайтын отаншыл

азаматтарды, яғни, нағыз патриоттарды

тәрбиелеп шығару мүмкін емес.

Туған халқымыздың өткен тарихына көз салатын болсақ батырлар бейнесі арқылы біз елдің қадірін білуге, қиындықтарда төзімділік танытуға және адалдыққа тәрбиеленеміз.

Батырлар халықтың намысын қорғап, ел бірлігін сақтауға бар күшін жұмсаған. Мысалы, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батырлар өз өмірлерін қауіп-қатерге тігіп, туған жерін қорғап, халқына бейбіт өмір сыйлады. Олардың ерлігі арқылы біз патриотизм мен ерлік қасиеттерін үйренеміз, Отанды қорғау, оны сүю сынды құндылықтарды бойымызға сіңіреміз. Бұл жас ұрпақтың бойында елге, жерге деген сүйіспеншілікті оятады.

Қорыта айтқанда, батырлар бейнесі жас ұрпаққа халқымыздың ерлікке толы тарихын жеткізіп қана қоймай, оларды рухани жағынан байытады, патриоттық сезімдерін оятып, адамгершілік құндылықтарды бойларына сіңіреді. Батырлардың өмірі мен ерлігі – жас ұрпаққа өнеге, тәлім-тәрбие беретін мәңгілік мұра.

Қазақ халқының тарихы-бұл батырлық жыры мен пара-пар.Тарихтың тұла бойы тұңып тұрған қақтығыстар мен ерлік.Соның ішінде батырлық жыры бұл ата-бабадан қалған асыл мұрамыз. Бұл жырлар ерліктің, адалдықтың, елін сүюдің, ұлттық намысты жоғары ұстаудың жарқын үлгісі. Батырлар бейнесі – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімін ұялататын, ерік-жігерін шыңдайтын асыл қазына.

Ел үшін ерең еңбек еткен батырлардың ерлігі біз үшін тәуелсіздіктің символы.

Сондай батырлардың төзімділігі,шыдамдылығы қиындыққа қарса тұрып мойымауы,табандылық танытуы жас ұрпаққа өнегелі үлгі болады.Сонау замандағы Қобаланды,Алпамыс сияқты батырлық жырын оқыған жас ұрпақтын бойында ел үшін жаның беруге даяр патриот азаматтар мен азаматшалар шығатының сеніммен айта аламыз.Олар тек жаумен күресіп қана қоймай, халқының бірлігі мен татулығы үшін күресті. Бұл жастарға жауапкершілік пен өз халқының болашағына деген қамқорлықты сезіндіреді.

Батырлық жырын оқу арқылы қазақ халқының тарихы мен таныса отырып,елінің өткенін білетін ұрпақ қашанда өз жерімен  мақтана алады.

Батырдың ерлігі мен қатар оның жүзден жүйрік тұлпары,ақылына көркі сай сұлу әйелі де толық сипатталады.Бастан өткен оқиғалары,дос пен қатар дұшпандары да бейнеленеді.Осындай батырлық  жыр өзгеше,  ерекше.

Қорытындылай келе, батырлар бейнесі – жас ұрпақтың санасына ерліктің, патриотизмнің, рухани байлықтың дәнін себетін баға жетпес қазына. Батырлар ерлігін үлгі еткен ұрпақ өз елінің болашағына жауапкершілікпен қарайтын, қиын

Жүсіпова Жаннұр Ақмұратқызы

ҚТӘ 1(3) топ студенті

Тақырыбы: Батырлар бейнесінің жас ұрпаққа беретін тағылымы.

Халық ауыз әдебиетінде айрықша орын алып, ел үшін маңдай терін төккен батырларымызды дәріптейтін жанр-батырлық эпос деп аталады. Әрбір ұлтттың тарихында өздерінің қайсарлығы, ерлігі мен халық алдындағы қызметі арқылы ерекше орын алады. Олар — тек қана жауынгер емес, рухани жағынан да күшті тұлғалар, ұрпақ үшін үлгі болып, елінің болашағын ойлаған, әділет пен ерліктің символы болып табылады. Батырлар бейнесі — тек тарихи тұлғалар емес, сонымен бірге адамгершіліктің, патриотизмнің, елжандылықтың, күш пен ерліктің символы болып табылады. Сондықтан да жас ұрпақтың қалыптасуында батырлар бейнесінің үлкен мәні бар. Батырлардың өмірі мен ісі жастарға ұлтжандылық пен өз елін құрметтеуді, қиындыққа төзуді, елі үшін күресуді үйретеді.

Батырлық жырлар ең алдымен ерлік, батылдық, қайсарлық сияқты қасиеттерді дәріптейді. Мысалы, «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын» сынды жырлардағы батырлар өз елінің еркіндігі мен тәуелсіздігін қорғау жолында қиыншылықтарды жеңіп, жаулармен шайқасқан. Мұндай ерлік пен батылдық жас ұрпаққа қиын сәттерде батыл болуға, өз халқының игілігі үшін күресуге шабыт береді. Жастарға қоғамдағы әділетсіздік пен зұлымдыққа қарсы тұрудың, өзінің ұстанымын қорғаудың маңызы ұғындырылады. Батырлық жырлардың тағы бір маңызды тағылымы – адамгершілік пен әділдік. Жырлардағы батырлар тек физикалық күштерін ғана емес, ақыл-ойын, әділдігін де қолдана отырып, халықтың жауларынан қорғанған. Олардың әділдігі мен қайырымдылығы жырларда басты орын алады. Мысалы, Қобыланды батырдың адамгершілік қасиеттері, жауларымен күрестегі әділеттілігі оның жоғары тұлғалық қасиеттерін ашады. Жастар үшін бұл батырлық жырлар әділ болу, қиянат пен зұлымдыққа қарсы тұру, қиыншылықтарға төзу және әділеттілік үшін күресу қажеттілігін ұқтырады.

Батырлық жырлар өскелең жас ұрпаққа тек ерлік пен батылдықтың емес, сонымен бірге ұлттық бірлік, әділдік, адамгершілік, туған жерге деген сүйіспеншілік сияқты маңызды құндылықтарды да ұғындырады. Жырларда бейнеленген батырлардың ерліктері мен мінез-құлықтары жастарға үлгі-өнеге болып, оларды болашақта өз елінің патриоттары, рухани серпінмен дамыған тұлғалар етіп тәрбиелеуге септігін тигізеді. Батырлық жырлардың мәні тек өткеннің мұрасы емес, қазіргі заманға да қажетті тағылым, тәрбиелік құрал болып табылады.

Шегебаева Гүлжайна

ҚТӘ 1/3 тобы

Тақырып: «Батырлар бейнесінің жас ұрпаққа беретін тағылымы»

Әр халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі өзіне тән мәдени мұрасын оқу-тәрбиеге енгізудің ықпалы зор.Ұлттық тәрбие жүрекке жақын болғанымен, ауқымы шексіз, белгілі бір жүйеге келтірілмеген тың дүниелер. Жас ұрпақтың жігерін жанып, асыл сезімдерін ұштауға әдебиет пен өнер шығармаларының тигізетін ықпалы шексіз. Әдебиетіміз бен өнеріміздің қуатты күшін қазақтың тәуелсіз мемлекетін нығайтуға, ұлттық бірлікке, жастарды Отан сүюге баулуға, азаматтық міндеттерге үндеуге пайдалану алдыңғы кезекте тұр.

Ұлттық мәдениетіміздің ең үлкен бір саласы - көркем әдебиет десек, сол әдебиеттің ертеден келе жатқан әлеуметтік жүгі мол, кең өрісті саласының бірі - батырлар жыры. Батырлар жырының көркемдік ерекшелігі мен мәні туралы Ш.Уәлиханов, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Ә.Марғұлан сияқты көптеген ғалымдарымыздың құнды еңбектері бар. Жас ұрпақты тәрбиелеудегі батырлар жырының мазмұн байлығы мен ой тереңдігі, кейіпкерлердің даралығы туралы тың пікірлері толық зерттеліп бітті деп айта алмаймыз.Халық ауыз әдебиеті уағыздаған сан-салалы ғибраттар батырлар жырында молынан кездесетіндіктен, әр ұстаз соның мән-мазмұнын ашып, оқушы жанына сіңіруге талаптануда.

Қазақ халқы ат үстінен түспеген кешегі күндері ұл баланың бойында жылқы малына деген құрмет, оның қасиетті, құтты жануар, «ер қанаты» екенін жете түсіну маңызды болғаны даусыз. Кішкене күнінен естіп өскен жырлардағы тұлпарлар бейнесі баланың бойында осынау батырларға айнымас серік болған сәйгүліктерге сарқылмас ынтызарлықты оятады. Мәселен, Қамбар батырдың аузынан шығатын мынандай бір шумақ бар:

«Қанатты туған пырағым,

Аға-іні сен едің,

Тар жерде жолдас шырағым,

Мойның алтын таяқтай,

Қамыстай екі құлағың,

Төрт аяғың қазықтай,

Төңкерген кесе тұяғың,

Сұлулығың сүмбідей,

Жылқыға бітпес жануар

Сымбатың менен сияғың...»

Бұл жерде жылқы малының батырға жолдас қана емес, аға-інідей жақын болып кететіні айтылады. Жырларда кездесетін адам мен жылқының етене жақындығын, тіпті тұтасып бір денедей болып кететінін сипаттайтын тұстар көшпенді қазақ даласының ұландарын жер жаһандағы ең үздік атты әскер етіп тәрбиеледі. Ал қазіргі кезде жауға атқа мініп шаппайтыны бесенеден белгілі, дегенмен атқа мініп өскен ер баланың жігерлі, намысты, қуатты болып өсетіні сөзсіз.

Атқа міну терапия түрі ретінде де танылып келеді. Қасиетті жануардың энергиясы адамға ерекше қуат сыйлап, шаршауын шығаратыны дәлелденіп, дамыған елдерде бұл ең пайдалы демалыс түрі саналып жүр. Сондықтан дені сау ұрпақ өсіру үшін атқұмарлық қасиеті ешқашан өшпеуі, ұмытылмауы тиіс.

Батырлар жырындағы патриоттық сезімдерді бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру қажет. Себебі: батырлар жырында ел тағдыры, келер ұрпақ қамы, адамгершілік, ар-ождан мәселелері жан-жақты сөз болады. Ар-ұятты қашанда бірінші қойған батырлар үлкенді сыйлау, кішіні құрметтеу жағынан алдарына жан салмаған.Еліміздің ежелден дәріптеп, қастерлеп келген батырлар жырының асылын тарихтың рухани көш-керуеніне ілестіріп отыру арқылы бүгінгі және болашақ ұрпақ қамын қамдау өскелең өмірдің талабы болып отыр.

Маратова Жазира  ҚТӘ1(3)

Батырлар бейнесінің жас ұрпаққа                         беретін тағылымы

Қазақ халқының тарихында батырлардың алатын орны ерекше. Олар елді қорғаған, ерліктің үлгісін көрсеткен, әділдік пен адалдықты ту еткен тұлғалар. Батырлар бейнесі – ұрпақтан-ұрпаққа жеткен рухани қазына, ұлттық болмыстың ажырамас бөлігі. Бұл бейне жас ұрпақты отансүйгіштікке, ерлікке, елжандылыққа тәрбиелеуде таптырмас құрал.

Батырлар тарихы – халқымыздың азаттық жолындағы күресінің шежіресі. Ежелгі Тұмар патшайым мен Шырақтан бастап, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батырларымыз ел қорғауда жан аямай күресіп, ерліктің биік шыңына көтерілді. Олардың есімдері мәңгілікке сақталып, халқымыздың рухын асқақтатып келеді. Осындай тұлғалардың өмір жолы мен ерлігі арқылы жас ұрпақ батылдық пен табандылықтың, әділдік пен қайсарлықтың құндылығын түсінеді.

Батырларымыздың тағылымы тек әскери ерлікпен ғана шектелмейді. Олар халықтың бірлігін нығайтып, елдің ішкі тұтастығын сақтауға да үлкен үлес қосты. Мысалы, Абылай ханның төңірегіне топтасқан батырлар ел тыныштығы үшін қызмет етті. Осындай тарихи деректер арқылы жастар өз елінің бірлігі мен бейбітшілігін бағалауды үйренеді.

Қазіргі таңда батырлар бейнесін насихаттау, олардың ерлік істерін ұрпақ санасына сіңіру маңызды. Бұл – жастарды елінің тарихын құрметтеуге, ұлттық болмысын сақтауға, рухани байлығын арттыруға бағыттайды. Мектептерде батырлар туралы шығармаларды оқыту, фильмдер мен театр қойылымдарын көрсету – осы мақсатқа жетудің тиімді жолдары.

Батырлар бейнесі – жас ұрпаққа үлгі боларлықтай мұра. Олардың ерлігі мен өнегесі қазіргі заманның да басты құндылықтарымен үндес. Ендеше, батырлар рухы бізді әрдайым алға жетелеп, болашағымызды жарқын етуге шабыттандыра бермек. Батырлардан үлгі алған жас ұрпақ туған жерін қорғауға, еліне адал қызмет етуге дайын болады.

Батырлар бейнесі – ұрпаққа бағыт-бағдар беретін шамшырақ. Олардың ерлігі тек тарихта қалмай, әр қазақ баласының жүрегінде сақталуы тиіс. Батырлар рухы бізді жігерлендіріп, болашаққа сеніммен қарауға шабыт береді. Осындай тағылым арқылы жас ұрпақ өз елінің нағыз азаматы болып қалыптасады. Ендеше, батырлар бейнесі – мәңгілік мұра, ал олардың тағылымы – болашаққа бастайтын жол.

Абилова Алина ҚТӘ1(3)

«Батырлар бейнесінің жас ұрпаққа беретін тағылымы»

Қазақ халқының тарихында батырлар тұлғасы ерекше орын алады. Олар елін жаудан қорғап, жерін сақтаған, ұлттық рухты асқақтатқан халық қаһармандары. Батырлардың ерлігі мен өмірі – ұрпаққа үлгі, олардың өнегесі – мәңгілік мұра. «Батырлар бейнесінің жас ұрпаққа беретін тағылымы» тақырыбы осы рухани мұраны қадірлеп, оны өскелең ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын ашады.

Батырларымыздың басты қасиеті – елін сүйген адалдық пен ерлік. Мәселен, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батырлар елдігімізді сақтап қалудағы жанқиярлық ерлігімен тарихта қалды. Олардың ерлігі тек қарумен ғана емес, ақылмен, парасатпен, халыққа деген сүйіспеншілікпен ұштасып жатыр. Бұл қасиеттер жас ұрпақты патриотизмге, адалдыққа, намысқойлыққа тәрбиелейді.

Сонымен қатар, батырлар образы – қайсарлық пен қиындықтарға мойымаудың символы. Бүгінгі заманда, жаугершілік заманы болмаса да, әр ұрпақтың өз сынақтары бар. Жас буын батырлар өмірінен қажырлық пен табандылықты үйрене алады. Мәселен, олардың ұлы мақсаттар жолында қандай қиындықтарға төтеп бергенін ұғыну – адамды өз өмірінде де берік болуға шабыттандырады.

Батырлар туралы жырлар мен аңыздар – халқымыздың мәдени-рухани қазынасы. Олар арқылы жас ұрпақ тарихи жадыны сақтап, өз тамырынан ажырамайды. Осы мұралар ұлттың өзіндік болмысын сезінуге, оны құрметтеуге тәрбиелейді. Батырлар жыры арқылы әрбір жас өскін елінің тарихын біліп, өз Отанын қорғауға дайын ұрпақ болып қалыптасады.

Қорыта айтқанда, батырлар бейнесі – ұрпаққа үлгі боларлық мәңгілік құндылық. Олар тек өткеннің естелігі емес, бүгінгі күннің де рухани бағдаршысы. Жас ұрпақ батырлар ерлігінен өмірлік тағылым алып, сол арқылы елін сүйетін, жауапкершілігі мол азамат болып қалыптасуы керек. Батырлар бейнесін насихаттау – ұлт болашағын тәрбиелеудің басты жолдарының бірі.

Тұқжымова Айдана ҚТӘ-1(3)тобы

Батырлар бейнесінің жас ұрпаққа беретін тағылымыБатырлар бейнесі жас ұрпаққа терең рухани, патриоттық және адамгершілік тағылым береді. Бұл бейнелер арқылы жастарға ұлттық құндылықтар, ерлік, адалдық, қайсарлық, және туған елге деген сүйіспеншілік тәрізді қасиеттерді сіңіруге болады.

Батырлар өз елін, халқын қорғаудағы ерлік істерімен белгілі. Олардың бейнесі жастарға отансүйгіштік, туған жерге деген махаббатты, оны қорғауға дайын болуды үйретеді. Мысалы, Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр сияқты тарихи тұлғалар елді сыртқы жаулардан қорғаудағы үлгісімен жастарға ерліктің маңызын ұғындырады.

Батырлар бейнесі қайсарлық пен ерліктің символы. Олар қиындықтарға қарамастан, алға ұмтылып, батыл шешімдер қабылдайды. Мұндай қасиеттер жас ұрпаққа өмірде кездесетін қиындықтарды жеңу үшін күш-жігер мен қайсарлықтың маңызын түсіндіреді.

Батырлар бейнесі арқылы әділдік пен адалдықтың маңызы түсіндіріледі. Олар өз халқының игілігі үшін адал қызмет етеді, әділетсіздікпен күреседі. Бұл жастарға өз өмірінде адал болуға және әділеттілікті қорғауға үйретеді.

Қорыта айтқанда,батырлар — ұлттық тарихтың, мәдениеттің, дәстүрлердің сақтаушылары. Олардың өмірі мен ерлік жолдары арқылы жастар өз халқының тарихын, мәдениетін білуге және құрметтеуге тәрбиеленеді. Бұл ұлттық бірегейлікті сақтап, жас ұрпаққа мәдени мұраны жеткізудің маңызды жолы.

Батырлар халық алдында өз міндеттерін жоғары қояды және жауапкершілікті сезінеді. Бұл жастарға қоғам алдындағы жауапкершілікті түсінуге, өз міндеттерін адал орындауға үлгі болады.

Жалпы,батырлар көбіне елдің бірлігі үшін күреседі, ұлттың татулығын сақтауға тырысады. Олардың әрекеттері жастарға бірлік пен ынтымақтастықтың маңыздылығын түсіндіреді, қоғамда тұрақтылық пен өзара құрметті насихаттайды.Батырлар бейнесі жас ұрпаққа тек өткеннің тарихын ғана емес, сонымен қатар, болашақта ел игілігіне қызмет етуге деген рухани шабыт пен күш береді.