Моя крутая доска Padlet by

1-апта “Мен философияны қалай түсінемін”(қосымша ақпарат)
Менің түсінуім бойынша философия тек бір бағытқа ғана негізделген ғылым емес.Дүниедегі әр зат пен құбылыстың өз философиясы бар.Автор айта кеткендей философияны түсіну,оны зерттеу өз-өзіңді танудан басталады.Ол адамды сыни ойлауға,өмірдің мәнін түсінуге,адамның дүниетанымын кеңейтуге көмектеседі.Адамның ойлау деңгейі шексіз,философия сыни ойлаудың бір нәтижесі деп ойлаймын.Мен өзімді сыни ойлап,көркем әдеби тілде сөйлеп,жаза аламын деп ойламаймын.Сондықтан бұл ғылымды түсіну үшін көп оқып,зерттеу керек.

2-апта(Паскаль,Ойлар-1)

3-апта
Берклидің дәлелдері

Беркли субъективті идеализмнің негізін қалады. Оның басты тезисі: «болу – қабылдану», яғни, заттар тек оларды біреу қабылдаған кезде ғана өмір сүреді. Ол объективті материалдық әлемнің бар екенін жоққа шығарып, сыртқы әлем тек адамның қабылдауынан тұрады деп сенді.

Берклидің теориялық ғылымға қарсы дәлелдері:

1.Абстрактілі материяның болмауы – біз сыртқы әлемді тек сезім мүшелеріміз арқылы қабылдаймыз, ал «материя» деген ұғым тек ойдағы жалған тұжырым.

2.Тікелей қабылдау принципі – біз ешқашан заттардың өздерін емес, тек олардың бізге көрінетін қасиеттерін ғана білеміз.

3.Табиғат заңдарының тұрақсыздығы – егер барлық нәрсе қабылдауға тәуелді болса, онда объективті заңдылықтар туралы айту мүмкін емес.

Юмның негізгі дәлелдері:

1.Себептіліктің иллюзорлығы – адамдар себеп пен салдардың арасында қажетті байланыс бар деп санайды, бірақ біз тек бір құбылыстың екіншісінен кейін қайталанатынын байқаймыз. Себептілік – тек үйреншікті ассоциация.

2.Индукция проблемасы – болашақта оқиғалар өткендегідей қайталанатынына кепілдік жоқ, сондықтан ғылыми заңдар абсолютті ақиқат бола алмайды.

3.Мен ұғымының жоқтығы – адамның «мені» – бұл тек бір-бірімен байланыспайтын қабылдау мен ойлардың жиынтығы, ал тұрақты субъект жоқ.

Менің ойымша ,бұл тұжырымдарды қабылдау сәл қиындау теориялық тұрғыдан.Егер, мысалы біз бөлмеден шықсақ бөлмеде тұрған  заттарда жойылып кетпейма деген сұрақ туындайды.

Юмның себеп салдарлық тәжірбиесін айтсам,мысалғы біз допты тепсек ол тепкеннен ұшты деп ойлаймыз бірақ нақты байланыс бар екенін дәлелдей алмаймыз дейді.Алайда Ньютон физикалық тұрғыдан дәлелдеген емеспе. Қорытындыласам,әр ғылымның өз шындығы,теориясы бар.Қайссы болсын дұрыс не бұрыс деп айту қиын.

Джон Локк-ағылшын философы, жаңа заманның ең үлкен ойшылдарының бірі,және эмпиризм мен сенсуализмнің философиялық бағыттарының негізін қалаушыларының бірі.Бейне роликте айтылып өткендей Локктың сенсуализмі оның таным теориясының негізі Ол адам санасын таза тақта ретінде қарастырады яғни адам дүниеге ешқандай туа біткен идеяларсыз келеді ал барлық білім сезім мүшелері арқылы тәжірбиемен келеді Мәні неде бұл идеялар тек теориялық тұрғыдан ғана емес, практикалық тұрғыдан да өте маңызды. Локктың сенсуализмі адамдардың білім алу жолын, жалпы олардың дүниені қалай қабылдайтынын түсінуге мүмкіндік береді. Егер білім тек сезім мен тәжірибе арқылы қалыптасса, онда біз әлемді тек өз қабылдауымыздың негізінде ғана танимыз. Бұл тұрғыда, Локктың сенсуализмі адам болмысының шынайы тәжірибеге негізделгендігін көрсетеді.Адамның дүниені тануы мен түсінуінің тәсілдері, әрине, күрделі және көпқырлы. Дегенмен, Локктың сенсуализміне сүйенсек, біздің біліміміздің негізі – жеке тәжірибе мен сезім. Бұл көзқарас адам табиғатын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді және әлемді танудағы шектеулер мен мүмкіндіктерді анықтауға жол ашады.