Тема by Aiganym Sanat

Телемедицина-медицинада жаңа бағыт
Телемедицина өзіне бірнеше саланы біріктіреді, яғни, медицина, телекоммуникация, ақпараттық технологиялардың тоғысқан жеріндегі жаңа бағыт.  Ең басты жетістіктерінің бірі – жетекші медициналық орталықтардың жоғары мамандандырылған жәрдемін жеке аудандарға беру, пациенттердің шығындарын айтарлықтай үнемдеу мүмкіндігі. Телемедициналық кеңестер байланыстың электрондық каналдары арқылы медициналық ақпараттық хабарлар беру көмегімен жүзеге асырылады. Кеңестер деректерді беру және сақтау режимінде де және сол нақты уақытта online  режимінде де жасалады. Жоспарлы және шұғыл, жоспардан тыс видеокеңестер, видеоконсилиумдар кеңесші дәрігер мен емдеуші дәрігердің, қажет болған жағдайда науқасты қатыстыра отырып, тікелей қатынасуға болады. Сонымен қатар, видеоконференциялық байланыстар сеансы екі абонент арасында да және көпнүктелі режим деп аталатын бірнеше абоненттер арасында да өткізуге болады, яғни аса күрделі жағдайларда түрлі медициналық орталықтардың дәрігерлері арасындағы  консилиумымен талқылануы мүмкін.

Әлемдегі телемедицинаның дамуы
Телемедициналық жүйелер дәрігер сарапшымен диалогты ұйымдстыруға, кез-келген аралықта мамандандырылған қорытынды шығару үшін барлық медициналық ақпараттарды (ауру тарихынан үзінді, УДЗ суреттері) беруге мүмкіндік береді. Телемедицина жобасының түпкі мақсаты – төрт интеграциялық деңгейлермен телемедицинаның ұлттық желісін құру болып табылады.

Мобильді телемедициналық кешендер
Елде жоғары медициналық технологияны дамыту үшін барлық жағдай жасалуда. 2011 жылы жүрекке 8 мыңнан астам ота жасау жүзеге асырылды. 180-ге жуық телемедициналық орталық жұмыс істеп тұр» делінген маңызды құжатта. Телемедицина! Бұл – жедел көмектің сапалық жағынан жаңғыруы. Қашықтықтан медициналық көмек көрсетуге арналған технологиялар трансфертінің мүмкіндіктері өз нәтижесін беріпкеледі. Қазақстанда медицинада инновациялық технологиялар алғаш рет тәуелсіздік жылдары клиникалық медициналық жобалар түрінде қолданыла бастады. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының аясын- да телемедицина жаңа даму жолына түсті. Қазіргі уақытта бұл жүйе 23 пайыз жағдайда ауылдағы және қашықтағы аудандардың тұрғындарына медициналық қызмет көрсету үшін қолданылу үстінде. Яғни, ау- рулар санын төмендету және білікті медициналық көмекке қолжетімділікті арттыру міндеттерін атқаруға телемедициналық технологиялар көмегімен қол жеткізілуде.

Теле-білім беру
Барған сайын көбірек дәрігерлер телемедицинаны пациенттерді күтудегі қызметтердің бірі ретінде енгізуді шешеді. Осы себепті кем дегенде бірнеше мамандықтарды атап өткен жөн:жалпы тәжірибелік дәрігер/интернолог;
педиатр;
аллерголог;
эндокринолог;
диабетолог;
дерматолог;
гинеколог;
психолог;
кардиолог;
Сіз сондай-ақ ортопедпен (бұл жағдайда бейнеконференция байланысының қолайлы түрі) немесе тіс дәрігерімен телефон арқылы кеңес алу үшін кездесуге жазыла аласыз.

Телеконференция өткізу және қатысу мақсаты
Көптеген желілер алғашқы ретте ғылыми, конструкторлық және оқу орындарын жүйе ретінде жасалған болатын. Сондықтан ұжымдық пікір-талас жүргізуге арналған желі мүмкіндігі телеконференция деп аталып, ол белгілі бір салада ғана қолдануға негізделген еді. Бірақ кейіннен желілер практикада кең пайдаланылып, оның алғашқы ғылыми семинар, конференцияға арналған мүмкіндігі біршама шетте қала бастады.

Телеконференция ұйымдастыру кәдімгі кітапхана немесе архив жұмысына ұқсас жүргізіледі. Мұнда да көпсатылы тақырыптық каталогтар мен олардағы мәліметтерді сақтау ісі ұйымдастырылады. Телеконференцияларда әртүрлі орындардан алынған хабар-хаттар түрінде сақталады, олардың біразы электрондық пошта арқылы жинастырылады. Сол себепті мұндай хаттар мақалалар деп аталады. Нақты тақырыпқа бағытталған конференция мәліметтері каталогтар сатылары арқылы көрсетіліп тұрады десе де болады. Мысалы, relkom.commerce.food.drinks (байланыс, коммерция, тамақ, сусын) деген телеконференция атауы қарастырылатын мәселені біртіндеп отырып айқындайды: RELCOM телеконференциясы коммерцияға арналған, тамақ өнімдері, оның ішінде сусындар туралы өткізіледі.

Телеконференция түрлері және сервер.Телеконференцияға онлайн және офлайн қатысу.
Әрбір телеконференцияның өзіне сәйкес “Қоймалар” (Хранилище) бөлімінде жиналған мақалалар каталогы болады. Осындай каталогтың әрбір позициясы мындай информация сақтай алады:

мақалының инветарлық нөмірінің аналогы;
мқала авторы (тақырыптағы информация бойынша);
мақала көлемі (байт/ килобайтпен өлешенді);
мақала тақырыбы (тақырып көшірмесіне сәйекс алынады).
Телеконференциялардың электрондық пошта арқылы хат алуға қарағанда екі өхгешелігі бар, олар:

біріншісі – белгілі бір мерзім (әр конференция үшін әртүрлі) ішінде қабылданған мақалалар жинақталып сақталып отырады да, олар өте ескіріп кетсе жойылады;
екіншісі – кейбір телеконференциялар басқарылып отырылады, яғни мұндай конференцияға әрбір абонент тікелей мақаласын жібере алиайды. Ол мақаласын электрондық поштамен сол конференцияның жетекшісіне жөнелтеді, ал жетекші мақаланы қарап шығып, оны жалпы көпшілік оқуы ұшін тіркеуге алатынын немесе алмайтынын өзі шешеді.