С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да Қазақстанның белгілі ғалым-педагогтары, ҚР Ұлттық Ұлттық ғылым академиясының, Ресей медициналық ғылымдар академиясының, ҚР Профилактикалық медицина академиясының, Халықаралық акадамиялардың академиктері, еңбек сіңірген ғылым және білім қайраткерлері, еңбегі сіңген дәрігерлер мен фармацевтер қызмет етеді.
ҚазҰМУ алыс және жақын шетелдермен әріптестік келісім шарт орнатқан, солардың ішінде: Нагасаки Университеті (Нагасаки, Жапония), Азия-Тынық мұхиты университеті (Беппо,Жапония), Parkway College (Сингапур), Перуджи Университеті (Перуджа, Италия), Оңтүстік Дунай Университеті (Кремс, Аустрия); Қырғыз Мемлекеттік медицина Академиясы (Бішкек, Қырғыз Республикасы), А. Богомольц атындағы Ұлттық медицина университеті (Киев, Украина), Ұлттық фармация университеті (Харьков, Украина), И. Сеченов атындағы Мәскеу медициналық академиясы (Мәскеу, Ресей) және т.б. Сондай-ақ, университет қызметкерлері халықаралық бағдарламалар және гранттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді түрде қатысады.
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Университеттің стратегиялық мақсаты "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамын әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналдыру. Бағыттар бойынша мақсатты индикаторлар 1. Халықаралық рейтингтердің үздік 300-інің қатарына енген білім беру бағдарламаларының үлесі – 2,8 %. 2. Білім алушылардың жалпы контингентінен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары (магистранттар, докторанттар) бойынша білім алушылардың үлесі – 27 %. 3. Оқыту мен тағылымдамадан, оның ішінде QS WUR халықаралық рейтингінің үздік 300 жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖООКБҰ) өткен оқытушы-профессорлар құрамының (бұдан әрі – ОПҚ) үлесі – 17 %. 4. Зертханалық жабдықтардың жаңартылуын ескергенде, Қазақстан Республикасы бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығындардың жалпы көлеміндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру үлесі – 9,7 %. 5. Scopus-те ҚР ғалымдарынан дәйексөз келтірудің жалпы санынан Scopus дерекқоры бойынша ғалымдардың жарияланымдарынан дәйексөз келтіру үлесі – 21 %. 6. Ғылыми жобалардың жалпы санынан ҚР ЖЖОО КБҰ-мен және ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлесіп орындалған жобалардың үлесі – 26 %. 7. Корпоративтік басқару жүйесіне тартылған ОПҚ-ның, білім алушылардың және қызметкерлердің үлесі – 19 %. 8. Университеттің жалпы кірісіндегі коммерциялық қызметтен түскен кірістің үлесі – 10 %. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың сапа саласындағы саясаты университетті басқару және оның білім беру, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметін жоспарлау үшін міндетті болып табылады. Университетте барлық персоналдың сапа саласындағы саясатты тиімді іске асыруы қамтамасыз етіледі. Университет ұжымының әрбір мүшесі сапа менеджменті жүйесінің талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ете отырып және оның тиімділігін үнемі қолдай отырып, жүргізілген жұмыстың сапасы үшін өз құзыреті шегінде дербес жауапты болады. Сондай-ақ, университеттің және оның қызметкерлерінің әл-ауқаты олардың әрқайсысының жұмысының сапасына, тұтынушылардың қанағаттану деңгейіне байланысты екенін әркім түсінуі керек.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті - «Педагогикалық ғылымдар», «Өнер және гуманитарлық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары», «Қоғамдық ғылымдар», «Бизнес, менеджмент және құқық» және т. б. кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ірі ғылыми-білім беру орталығы болып табылады. Университетте білім беру бағыттары бойынша жеті институт жұмыс істейді. Олар: Педагогика және психология; Математика, физика және информатика; Филология; Өнер, мәдениет және спорт; Жаратылыстану және география; Тарих және құқық; Сорбонна-Қазақстан институттары.
800 жылдан астам тарихы бар Сорбонна-Париж сити университетінің филиалы «Сорбонна-Қазақстан» институты ашылғаны университет өміріндегі елеулі оқиға болды.
Университетте 34 кафедра бар, оның ішінде үш университет кафедрасы (Әскери кафедра, ЮНЕСКО-ның педагогика бөлімі, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы) бар.
Университетте 15 диссертациялық кеңес, жас ғалымдар кеңесі, ғылыми кітапхана және «Ұлағат» баспасы бар. Жақында біліктілікті арттыру және қашықтықтан оқыту орталығы, «Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы, Білімді ақпараттандыру мәселелері және білім технологиялары халықаралық ғылыми зертханасы құрылды.
Абай атындағы ҚазҰПУ жыл сайын әлемдегі ең үздік университеттер арасында әлемдік және ұлттық рейтингтердегі позициясын жақсартып келеді.
Жалпы, университеттің білім беру қызметі орасан зор, үнемі жаңа міндеттер қойылып, шешіліп отырады. Сонымен қатар, Абай атындағы ҚазҰПУ-да оның даму тарихы да дәріптеліп келеді. Қасиетті қара шаңырақтың сан қилы тарихында университеттің қалыптасып, дамуына зор үлес қосқан, көргені мен түйгені мол тәжірибелі басшылар мен қоғам қайраткерлерінің алатын орны ерекше. Оқу орнында университеттің қалыптасуына өлшеусіз еңбек сіңірген Ахмет Байтұрсынұлы, Санжар Асфендияров, Ораз Жандосов, Сәкен Сейфуллин, Бәймен Алманов, Халел Досмұхамедов, Құдайберген Жұбанов, Ілияс Қабылов, Әлімхан Ермеков сынды арыстарымызға арнап ескерткіш тақта қойылған. Мұның бәрі келешек ұрпақтың кемел ұстыз болып қалыптасуына жарқын жол ашатын өнегелі тәрбие құралдары.
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті – еліміздің белгілі, өзіндік тарихы бар екі жоғары оқу орны – Алматы зооветеринарлық институты және Қазақ ауылшаруашылық институты  негізінде құрылды.
Элиталық инновациялық ЖОО, Қазақстанның, Орта және Орталық Азияның аграрлық секторының көшбасшысы:
- ғылыми-зерттеу ұйымдарымен және экономиканың нақты секторымен серіктестік аясында халықаралық стандарттар деңгейінде ғылыми-білім беру процесін жүзеге асырады;
- инновациялық аграрлық зерттеулер мен елдің ауылшаруашылығындағы трансформациялардың драйвері болып табылады;
- білім мен технологияларды таратуды, инновациялық ғылыми және білім беру инфрақұрылымын қалыптастыруды және дамытуды қамтамасыз етеді;
- адами капиталды дамыту үшін жағдай жасауға кепілдік береді;
-  QS агенттігінің әлемдік рейтингінде 400 университет қатарына енеді.
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің стратегиялық жоспары халықаралық деңгейдегі аграрлық зерттеу университетіне айналуға бағытталған.
ЖОО-ның маңызды стратегиялық бағыттары: цифрландыру және интернационалдандыру негізінде аграрлық білім мен ғылымды жаңғырту, өңірлік байланыстарды нығайту, ықпалдастық пен іс-тәжірибеге бағдарлануды арттыру, ғылыми жұмыс нәтижелерін коммерцияландыру, дарынды жастар мен оқытушыларды тарту, орнықты даму.
Стратегиялық жоспар біздің әріптестерімізді, ғалымдарымызды, білім алушылар мен түлектерді бірлескен аграрлық зерттеулер жүргізуге, АӨК алдында тұрған проблемаларды айқындауға және талқылауға қатысуға, сондай-ақ аграрлық сектордың инновациялық даму жолына өтуіне ықпал етуге, оларды шешу жолдарын іздеуге шақыру болып табылады.
С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Университет тарихы – бұл бір-бірін рет-ретімен алмастырған қалыптасу кезеңдері мен динамикалық дамудан тұрады. Алғашқыда үш факультеттен құрылған институт зерттеу университетіне айналып, тек солтүстік өңірдің ғана емес, сонымен қатар елдің ғылыми және оқу орталығы болып қалыптасты.
С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ Қазақстан Республикасының 2015 - 2019 жылдарға арналған индустриальды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жобалары үшін кадрларды дайындайтын елдегі 10 базалық ЖОО қатарына кіреді. Қазақ агротехникалық университетінің басым секторлары болып «Ауыл шаруашылығы машина жасау», «Тағам өнімдерін өндіру» анықталған.
QS World University Rankings® 2014/15 агенттілігінің әлемдік университеттер рейтингісінің нәтижесі бойынша ең үздік ЖОО 701+ тобына кіреді; Ұлы Хартия университеттерінің толық құқылы мүшесі және бұл өз кезегінде оны біртұтас еуропалық білім беру кеңістігін қалыптастыруда негіз бола алады.
Қазіргі уақытта университетте 44 кафедра жұмыс істейді. Сегіз факультетте он мыңнан астам студент бакалавриаттың 37 мамандығы, магистратура 31 мамандық және PhD докторантура  9 мамандық бойынша оқытылады.
Білім беру үдерісі 889 оқытушылармен жүргізілсе, олардың ішінде 83 ғылым докторы және 376 ғылым кандидаттары мен 18 РhD докторды құрайды. Профессорлы-оқытушылық құрамның ғылыми дәрежелілігі 53% құрайды.
Оксфорд университеті
Оксфорд университеті (ағылш. Ұніверсітy оф Охфорд) - Ұлыбритания, Оксфордшир графтығында, Оксфорд қаласында орналасқан университет болып табылады. Дүниежүзіндегі ең көне университеттерінің арасынан екінші орынды иеленуде ( Болонский университетінен кейін), дүниежүзіндегі ағылшын тілдік ең көне университет және де Ұлыбританиядағы ең бірінші университет болып табылады. Пайда болу уақыты дәл көрсетілмегенімен, ондағы оқу ХІ ғасырда болды деседі. Ұлыбритания мен Ирландияның "ең көне университеттерінің" және Ұлыбританияның 20 ең үздік университеттерінің "Рассел тобына" кіреді. Университет факультеттер мен 39 колледждерден тұрады, сонымен қатар, 5 жатақханасы бар - олар оқу орны деген атауы жоқ, дін орденіне тиесілі болып келетін жабық орындар. Емтихандар мен лекциялар, семинар сабақтары университте орталықтандырылған болса, ал колледжде барлығы тек оқытушылардың қатысуымен жүзеге асырылады.
Университет факультеттер мен 39 колледждерден тұрады, сонымен қатар, 5 жатақханасы бар - олар оқу орны деген атауы жоқ, дін орденіне тиесілі болып келетін жабық орындар. Емтихандар мен лекциялар, семинар сабақтары университте орталықтандырылған болса, ал колледжде барлығы тек оқытушылардың қатысуымен жүзеге асырылады. Қазіргі таңда Оксфордте 20 000 студент оқуда, оның төрттен бір бөлігін шетелдік студенттер құрайды. Олардың саны жаз айында, жазғы тілдік мектептер ашылғанда күрт көбейеді. Оксфордтың ректоры Крис Паттен атты сэр. Оксфордқа әйелдерді тек 1920 жж. қабылдаған, дегенмен 1970 жж. бөлек оқытылу жүйесі жойылған. Оксфорд оқытушыларының штаты өте үлкен - 4 мың. адамдай, оның 70 - Корольдік Қоғамның ( Королевское общество) мүшелері, 100-дей Британ Академиясының мүшелері болып табылады. Оксфорд студенттерді оқытуда тьюторство атты жүйені пайдаланады, ол бойынша, студентпен тағдалған мамандық бойынша белгілі бір оқытушы қойылып, оған бақылау жүргізеді. Студенттерді дайындаудың негізгі бағыттары - гуманитарлық, математикалық, физикалық, әлеуметтік ғылым, медицина, өмір туралы ғылым және қоршаған орта. Оксфорд құрылымы өте көптеген жағдайларды қамтиды. Оксфорд өз кезегінде бөлек бір қала болып табылады. Онда өзінің дүкендері, мұражайлары, шіркеулері, көшелері және т.б. бар. Студенттердің білімінде өте үлкен рөлді көптеген үйірмелерге қатысуды атауға болады. Бұл дәстүр ежелгі ағылшындық тілді университеттердің арасында кең таралған. Оның маңызы ретінде, студенттер мен оқытушылар берлігі бір үйірмеге жазылғанна кейін, біршама қоғамдық жұмыстарға қатысып, өзіне деген атаққа ие болады. Ал оған жайдан-жай ие бола алмайсың.
Кембридж университеті
Кембридж университеті – Еуропадағы ірі ғылыми орталық, ежелгі университеттердің бірі. 1209 ж. Ұлыбританияда Лондон қаласынан солтүстікке қарай 80 км жерде орналасқан Кембридж қаласында құрылған. ХЫЫЫ ғасырдың өзінде Кембридж университетінде 4 факультет болды: гуманитарлық, заң ғылымы, дінтану (теология), медицина. ХВЫЫ ғ-да Кембридж университеті ірі ғылыми орталыққа айналды. 1669 – 1702 ж. Исаак Ньютон Кембридж университетінің профессоры болды. 1837 ж. Кембридж университетінде Чарльз Дарвин магистр атағын алған. Кембридж университетінің өзіндік ерекшелігі – күні бүгінге дейін өзінің ортағасырлық құрылымын сақтаған. Жаңа типті университеттерден Кембридж университетінің айырмашылығы – ол жеке колледждерден тұрады. Бүгінде университетте 29 колледж бар. Оның әрқайсысының өз кітапханалары жұмыс істейді. Әр колледжде әр түрлі факультеттерден 300 – 400 студент оқиды. Университетті жоғары білікті қызметкерлерден тағайындалатын канцлер басқарады. Кембридж университетітінде 600-ден астам ғылыми қызметкер мен оқытушылар жұмыс істейді. Университет 25 мамандық бойынша ғылыми атақ береді. 2000 – 2001 жылдары Кембридж университетінің барлық колледждерінде 16 мың студент және 400 біріктірілген топта аспиранттар оқыды. Кембридж университеті ғалымдарының ғылыми жаңалықтары 60 Нобель сыйлығына ие болған.
Кембридж университеті тек Англияның ғана емес, сонымен қатар әлемнің ең көне жоғарғы оқу орындарының бірі. Мұнда оқығандарға мансап жолында да, жоғары айлықты қызмет жағынан да шектеусіз мүмкіндіктер берілген. Аталған оқу орнынан 15 ағылшын премьер-министрі, әлем елдерінің 23 көшбасшысы, Үндістанның 3 премьер-министрі, Дания патшайымы ЫЫ Маргрета оқып шыққан. Әлемдік ҚС Уорлд Ұніверсітy Ранкінгс рейтінгісі аталған университетті 2010 жылдың ең үздік жоғары оқу орны деп таныды. Тіпті, өзінің басты қарсыласы саналатын Гарвард университеті де қалып қойды. Жекелеген салалар бойынша Оксфорд, Гарвард оқу орындарына үстемдік бергенмен, жалпы салалар бойынша ең үздік болып саналады. Әлемнің 15000-нан астам ғалымдары Кембридж университетін ғылыми зерттеу жоғары дәрежеде жүргізетін көшбасшы оқу орны деп таныды. Екі жыл қатарынан жаратылыстану ғылымдары саласында көш бастаса, Артс & Һұманітіес бөлімі бойынша тек Оксфорд университетін алға жіберді, ал медицина саласы бойынша Гарвардтан қалады. Соціал Сціенцес бөлімінде – үшінші болса, Тецһнологy & Енгінеерінг-да әлемде 4 орында.
Университетте икемді білім беру жүйесі, академиялық еркіндіктің жоғары деңгейі қалыптасқан. Оқытушылар студенттерге уақыт бөлуге дайын, бірақ олардың артынан жүгіріп жүрмейді, сабаққа қатысу және тапсырмаларды уақытылы орындау барысын бақыламайды. Әркім өз шаруасымен айналысып, өз нәтижесі үшін дербес жауап береді.
ВТУ Мәскеу технологиялық институты (бұрынғы атауы: Дүниежүзілік технологиялық университет ҰНЕСЦО)
ВТУ Мәскеу технологиялық институты (бұрынғы атауы: Дүниежүзілік технологиялық университет ҰНЕСЦО) — жоғары оқу орны. Бұл – Ресей Федерациясы Үкіметінің 6 қаңтар 1997 жылғы № 13-р  ұйғарымын орындау мақсатында ҰНЕСЦО қамқорлығымен құрылған жалғыз Ресей Федерациясындағы жоғары оқу орны. Осы ҰНЕСЦО жобасы бүкіл әлемдегі жоғары технологиялар саласындағы кадрларды даярлауды интернационалдандыруға бағытталған. «ВТУ» МТИ мақсаты – білімді және үздік технологияларды таратуға, сондай-ақ, білім берудің қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған үздік университеттердің күш-жігерін ықпалдауды қамтамасыз ету болып табылады. ВТУ құрылымында кадрларды әзірлеудің 64 бағыты бойынша 2 факультет, 13 кафедра және 71 департамент өз жұмысын жүзеге асырады. Ресейдің 82 университетімен ынтымақтастық туралы келісімдер жасалған, олардың арасында Бауман атындағы ММТУ, Г.В. Плеханов атындағы РЭУ және басқалары бар. МТИ филиалдары Ресейдің барлық ірі қалаларында жұмыс істейді, соның ішінде – Владивосток, Екатеринбург, Красноярск, Новосибирск, Орынбор, Санкт-Петербург, Уфа және Хабаровск қалаларында. Оқыту тек Ресейде ғана емес, әлемнің басқа елдерінде де жүзеге асырылады: ТМД елдерінде үш өкілдік ашылған – Қазақстанда, Өзбекстанда және Украинада. «ВТУ» МТИ айрықша ерекшеліктерінің бірі – материалды игерудің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін қашықтан оқыту мүмкіндігі болып табылады.
МБА Старт, МБА Профессіонал, МБА Салалық, Міні-МБА бағдарламаларында оқу. «ВТУ» Мәскеу Технологиялық Институтының МВА бағдарламалары бойынша оқу – тыңдаушылардың таңдап алынған мамандық бойынша тиімді жұмыс істеуге қажетті теориялық және тәжірибелік білім алуын қамтамасыз етеді. Даярлау бағдарламасы келесі пәндер бойынша курстарды қамтиды: экономика, қаржы есептемесі, құқық, адам ресурстарын басқару, маркетинг, өндірісті басқару және т.б. Тыңдаушылар бизнестің барлық аспектілері, бизнес-стратегиялар және тұжырымдамалар туралы өзекті ақпаратқа қол жеткізеді, жетекшілік қабілеттерді дамытуға, теориялық және тәжірибелік білімдер мен машықтануларды қалыптастыруға, күн сайынғы бизнес-үдерістерді жүзеге асыру барысында оларды бекітуге мүмкіндік беретін тәжірибелік машықтанудан өтеді. «ВТУ» Мәскеу Технологиялық Институтында ұсынылған барлық МБА бағдарламалары Ресей бизнес-білім қауымдастығы (РАБО) тарапынан аккредитивтелген. Оқу аяқталғаннан кейін, тиісті біліктілікті растайтын дипломдар беріледі.